bs-preloader__icon
ru kz en

АҚШ-тағы ең танымал өмірді сақтандыру полисі

АҚШ-та өмірді мерзімді сақтандыру – бұл сақтандырудың ең бюджеттік тәсілі, әсіресе егер сіз жас әрі сау болсаңыз. Бұл төмен бағамен үлкен сақтандыруды алу мүмкіндігі, деп жазады INDmoney.
АҚШ-тағы ең танымал өмірді сақтандыру полисі

Өмірді мерзімді сақтандыру АҚШ-та белгілі бір мерзімге жұмыс істейді. Әдетте бұл 10 жылдан 30 жылға дейін.

Мысалы, 25 жастағы жас адам 20 жыл мерзіммен сақтандыру полисін сатып алды. Осылайша, өмірді сақтандыру келесі 20 жыл жұмыс істейтін болады және төлемдер бүткіл мерзім бойы бірдей болып қалады. 20 жылдан кейін сақтандырудың мерзімі аяғына тақаған кезде сақтандыру мүлдем бітеді немесе неғұрлым жоғары бағамен сақтандыруды жалғастыру ұсынылатын болады (бұл сақтандыру компаниясына байланысты).

Премиум төленгенге дейін – сақтандыру жұмыс істейді. Сақтандырудың бұл түрінде жинақтаушы бөлік жоқ. Төлем тоқтаған сәтте – сақтандыру да аяқталады.

Әдетте, сақтандыру компаниялары өткізіп алған төлемді енгізу үшін 30 күн береді. Сақтандыру полисін жоғалтып алмас үшін, өткізіп алынған төлемді осы мерзімде енгізу қажет.

АҚШ-та өмірді мерзімді сақтандыру үлкен сомаға өз өміріңізді сақтандырудың ең қымбат емес жолы болып табылады.

Дәл сондықтан, өмірді сақтандырудың бұл жолы көбінесе үлкен қаржылық міндеттемелері және көп шығындары:

кіштентай балалары

сізге тәуелді басқа адамдар: ата-ана, әйелі/күйеуі

үйге кредит

көлікке кредит

басқа қарыздары бар жас адамдарға келеді.

Бағаларды дәл қазір біліңіз

Қайтыс болған жағдайда өтемақы төлемінен бөлек, кейбір сақтандыру компаниялары өте маңызды қосымша бонусты ұсынады. Living benefits – бұл қауіпті ауру жағдайында төлемді алу мүмкіндігі: ақтық, созылмалы немесе қауіпті. Мысалы, жүрек ұстамасы, инсульт.

Әдетте, денсаулығымен осындай қауіпті проблемалары бар адамдар ерекше күтімді қажет етеді. Бұл ретте олар жұмыс істемек түгілі, әдеттегі өмір салтын жүргізуге де мүмкіншілігі жоқ.

Ауыру бойынша төлемақы – өмірдің қиын сәтінде айтарлықтай қолдау. Бұл төлем кез-келген бағытқа жұмсалуы мүмкін, сақтандыру компаниясына есеп талап етілмейді.

Дереккөзі: https://www.indmoney.com/articles/insurance/permanent-life-insurance-policy

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Беларусьтің зейнетақы жүйесі
Беларусьтің зейнетақы жүйесі

Беларусьте 2,5 млн зейнетақы алушылар бар. Зейн...

Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді
Дәрігер жастықты қалай ұзартуды айтып берді

Ағзаның жас болуын физикалық белсенділік, там...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру