bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру нарығының келешегі

Өмірді сақтандыру нарығы үш негізгі проблеманы шешуге дайындалып жатыр: пайыздық мөлшерлемелер, реттеушінің нормативтік талаптары және технологиялық қайта жабдықтау. Сақтандырушылар қор нарығында неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемелер жағдайында кірістілікті алу үшін жаңа мүмкіндіктерді қалай пайдалануына, өзгеруші нормативтік-құқықтық базаға қалай бейімделіп жатқанына және жаңа технологияларды енгізуіне қарай, олар көптеген тәуекелдерге тап болады. Бұл операциялық, комплаенс, бәсекелестік, технологиялық тәуекелдер және заманауи бизнес-модельдердің тәуекелдері, деп жазады Risk.net.
Өмірді сақтандыру нарығының келешегі

Covid-19 пандемиясы басталған кезде пайыздық мөлшерлемелер кенет құлаған, бұл ретте эталондық 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі 0,6% айтқысыз деңгейге дейін төмендеді. «Бүгінгі күні өмірді сақтандырушылардың активтер портфелінде түрлі компаниялардың қағаздарының барлық түрлері кездеседі. Мысалы, енді қаржыгерлер ақшаны ауыл шаруашылығына және инфрақұрылымдық жобаларға салады. Баламалы активтердің үлкен көлемі есебінен инвестициялық мүмкіншіліктің кеңеюі сақтандырушыларға кірістілікті әртараптандыруға көмектеседі. Бірақ жоғары кірістіліктен бөлек, бұл жүлденің басқа қыры бар – сақтандырушылар оларды басқаруды енді ғана үйреніп жатқан жаңа тәуекелдер. Активтердің жаңа класстарына өтуді теңдестіру мен жаңа тәуекелдерді түсіну нарық үшін негізгі мағына болады», - деп санайды Milliman консалтингтік компаниядан Тони Дардис.

Сарапшы өмірді сақтандырушылар икемді болып қалуы тиіс дейді. Сол кезде олар реттеудің өзгеруші жағдайларына бейімделе алады. «Нормативтік өзгертулер есеп берушіліктің неғұрлым жоғары деңгейін талап етеді. Реттеушілер жаңа құралдарға салымдар ӨСК банкроттығына алып келмейтініне кепілдік беруге тырысуда. Бұдан бөлек, АҚШ реттеушілері өмірді сақтандыру компанияларының жұмысына жасанды сананың (ЖС) енгізілуін қалт етпей бақылауда. Өмірді сақтандыру ендігі ұрпақтың технологияларын енгізу тұрғысынан артта қалушы болып саналатын аздаған салалардың бірі болып табылады. Көптеген фирмалар бұрынғысынша ескірген жүйелермен жұмыс істейді, және әлбетте ауысу уақытты талап етеді», - деп болжайды сұхбаттасушы.

Пандемияға дейін өмірді сақтандырушылар технологиялық және цифрлық мүмкіншіліктерді басқыншы түрде өсірді, және індет нарықтың дамуын үдетті. «Дегенмен, компаниялар технология мен деректер жөнінде ғылымды пайдаланудың әр түрлі кезеңдерінде. Барлығы бірдей автоматтандыруды, өз бизнесін басқару және дамыту үшін мықты сараптауды енгізе алмауда. ЖС мен процесстерді роботтандырылған автоматтандыру сақтандыру саласында бизнесті жүргізу тәсілін өзгертуі мүмкін. Ендігі ұрпақтың технологияларын нәтижелерді неғұрлым дәл болжау, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту, жаңа өнімдерді әзірлеуді басқару, тәуекелдерді анықтау және өнімдерді алға бастыру үшін өмірді сақтандыру саласында қолдануға болады», - деп түсіндіреді Тони Дардис.

Дереккөзі: https://www.risk.net/asset-management/insurance/7945691/the-future-of-life-insurance

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ғалымдар кәдімгі судың емдік қасиеттері туралы айтып берді
Ғалымдар кәдімгі судың емдік қасиеттері туралы айтып берді

Кәдімгі ауыз су семіздік пен диабетті туындат...

Қалай бай болуға болады
Қалай бай болуға болады

Бернадетт Джой-Crush Your Money Goals Жеке Қаржы оқыту к...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру