bs-preloader__icon
ru kz en

Голливудта қалай сақтандырады

Сол немесе басқа көріністе кім түседі деген күрделі мәселенің шешімін голливудтықтар көбінесе сақтандыру компанияларынан тәуекелді бағалау бойынша сарапшылар билігіне береді. Әрине, олардың пікіріне құлақ аспауға да болады. Егер түсірілім сақтандырылмаған болса, онда қандай инвестор оларға қаржы жұмсауға келісімін береді? Киноны қаржыландыру - бұл қатерлі іс десе де болады, оның үстінен түсірілім алаңындағы ықтималды апаттармен байланысты қосымша тәуекелдер бар…
Голливудта қалай сақтандырады
Голливудта қалай сақтандырады
Голливудта қалай сақтандырады
Голливудта қалай сақтандырады
Голливудта қалай сақтандырады

Голливудтағы түсірілім процесі қатай түрде регламенттелген және сақтандырылған. Фильмдер белгілі бір күнге шығаруға көзделген, ал кешіктіру пайданы азайтады. Кино түсірілімдердегі кідірістерден сақтандырылады, ал актерлер көбінесе графиктен шықпайтындай күндіз-түні жұмыс істейді.

Сақтандырушылар – түсірілім процестің ең маңызды қатысушыларының бірі болып табылады. Заң актерде медициналық сақтандырудың болуын қатаң түрде регламенттейді, онсыз ол түсірілімге түсе алмайды. Егер актер бірнеше рет жарақат алатын болса, онда келесі фильмге сақтандыру компаниялары бас тартуы немесе айрықша шарттарға көндіруі мүмкін (мысалға, Николь Кидман «Холодная гора» түсірілімінде сақтандырушыларға өзі қосымша төледі). «Терминатор-3» түсірілімінде Шварценеггер 150 млн долларға, ал кинокартинаның өзі — бар болғаны 2 миллионға сақтандырылған болатын.

Актерлер қауіпті түсірілімдерге өздері қатысады деген әңгімелер, көп жағдайда баспасөз беттері үшін әдемі хикая іспетті болады. барлық көріністердегі түсірілімге қатысатын сақтандыру агенті (төсек түсірілімдерін қоса алғанда) оған жол бермейді. Сақтандыру фирмаларымен жасалған келісімдер атақты актерлерді қауіпке төндіруге мүмкіндік бермейді. Шатырда сырғып түсетін немесе автомашинада аударылатын кейіпкер бар кадрларда оның орнына каскадер түседі. Сондықтан Голливудта көп нәрсені сақтандыру компаниялары басқарады, ол басты актер қатты тәуекелге душар болуға жол бермейді. Актер қалауымен пысықтылығын көрсету ниетімен біршама фильмдер аяқталмай қалды. Мысалы, «Три икса» түсірілімінде каскадер қайтыс болды— ол көпір астына кірерде трюкті аяқтай алмады.

Атақты актер Джеки Чан барлық өзінің ұзақ мансабы барысында каскадерлерді мойындамады, сол себепті 3000 астам түрлі жарақат алды. Сондықтан сақтандыру компаниялары Чан өз трюктерін орындайтын фильмдерді сақтандырудан бас тартты. «Полицейская история» (Гонконг, 1985) фильмінің түсірілімі барысында бірнеше каскадерлер зардап шеккеннен кейін Джеки Чан каскадерлерді жаттықтырып, олардың медициналық шоттарын төлейтін «Ассоциация каскадеров Джеки Чана» («Джеки Чанның каскадерлер қауымдастығын») құрды.

«Актерлер өз трюктерін өздігінен орындауға шешім қабылдаған сайын, бұл киноөндірістің тәуекелін арттырады, өйткені, трюктерді кәсіби каскадерлер орнына актерлердің өздері орындайды», — деп 85 астам жыл бойында голливудтық фильмдердің жетекші сақтандырушысы болып табылатын Fireman’s Fund сақтандыру компаниясындағы ойын-сауық индустриясына жауапты вице-президент, Лорен Бэйли айтты. — Осындай түрдегі көрініс түсірілім процестің жалпы тәуекелділігін айтарлықтай арттырады, сонда Fireman’s Fund нақты тәуекелдерді жабу бойынша шешімді ұсына отырып, киноөндірушілерге көмектеседі».

Fireman’s Fund кинотүрсірілім процесінің барлық қатысушыларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін студиялармен тығыз жұмыс істеу арқылы күтпеген тәуекелдерді басқаруда, бұл жағдайда режиссердің көркемдік түпкі ойын сақтануға кепілдік бере отырып түсірілім компаниясына көмек көрсетеді.

«Тәуекелдер бойынша кеңес беру қызметімнің бір бөлігі нәтижесінде актерлер мен түсірілім тобының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында трюктерден, жарылыстардан, қуулардан, қару-жарақты қолданудан және т.б. тұратын көріністерге талдау жасау бойынша киностудиялармен жұмыс істеу болып табылады», – деп айтты Fireman’s Fund компаниясының ойын-сауық индустриясының тәуекелдері жөніндегі кеңесшісі Пол Хоулхаус.

«Егер рөл орындаушысы жарақат алса және жұмысты жалғастыра алмаса, түсірілімді тоқтатып қою миллион долларына түсуі мүмкін. Бұл ірі бюджетті фильм жағдайында 250 мың долларға дейін тұруы мүмкін» - Бэйли деп қосып айтты

Голливудта актерлерді сақтандыру ауырып қалу, жарақат алу немесе өліп кету себебімен мәлімделген орындаушы қолжетімсіз болған жағдайда түсірілім компаниясы көтеретін шығындарды да жабатынын атап айтамыз. Негізінен бұл өтелетін тәуекелдер себебімен орындаушы қол жетімсіз болған жағдайда өндіріс үзілісінен сақтандыру болып табылады.

Дереккөздер: http://www.lookatme.ru/mag/blogs/guest-editor/203179-hollywood

http://www.egid.info/news/2011/02/27/59/

Фотоның дереккөздері:http://www.tele.ru/cinema/survey/samye-zakhvatyvayushchie-i-opasnye-tryuki-v-kino/

http://i-fakt.ru/akter-dzheki-chan-poluchil-3-000-travm/

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру