bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру полисінің шарттарын қалай жақсартуға болады

Егер ТҚЖК клиентінің денсаулығы жақсарған болса, өмірді сақтандырудың тиімдірек шартынын қалай алуға болады деген сұраққа Forbes жауап іздеп көрді.
Өмірді сақтандыру полисінің шарттарын қалай жақсартуға болады

Сақтандырушылар сақтандыру полисінің құны туралы шешім қабылдаған кезде көптеген шарттарды ескереді. Мұнда екі фактор маңызды - жас пен денсаулық. Әдетте, адам қаншалықты жас және сау болса, өмірді сақтандыру оған соғұрлым арзанға түседі.

Шартқа қол қоймас бұрын адамдар медициналық тексеруден өтеді. Дәрігерлердің қорытындысына сүйене отырып, андеррайтер тәуекел тобын анықтайды. Темекіні пайдалану, артық салмақ, жоғары қан қысымы немесе қант диабеті сияқты созылмалы аурулар өмірді сақтандыратын компаниялар қауіп факторлары деп санайтын факторларға жатады. Егер өтінім беру кезінде сізде қауіп факторлары болса, онда сіздің сақтандыруыңыз зиянды әдеттері жоқ сау адамның полисіне қарағанда әлдеқайда қымбат болуы ықтимал.

«Бірақ егер ТҚЖК клиенті арықтаса немесе алкоголь мен темекіден бас тартса, онда сақтандыру компаниясы тарифтерді қайта қарауы мүмкін», - дейді Haven Life компаниясының клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджері Пайя Шласс-Эпштейн.

Оның айтуынша, сақтандырушы алдымен бұл ақпаратты қайта тексереді. «Полистің құны түскенге дейін, сізге бір жыл ішінде салмақ тастағаныңызды дәлелдеу керек. Егер сізде күрделі ауру, мысалы, қатерлі ісік болса, онда ұзағырақ күтуге тура келеді», - дейді сұхбаттасушы.

Нәтижесінде, сақтандырушылардың клиенттері жарнаның 57% үнемдей алады.

Дереккөз: https://www.forbes.com/advisor/life-insurance/rate-reconsideration/

Сурет ашық дереккөздерден алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде өмірді үлестік сақтандыру құралын енгізуді ұсынып жатыр
Ресейде өмірді үлестік сақтандыру құралын енгізуді ұсынып жатыр

Ресей Қаржы министрлігі сақтандыру нарығында ...

Өмірді сақтандыру полисін сатып алу үшін алты себеп
Өмірді сақтандыру полисін сатып алу үшін алты себеп

Өмірді сақтандыру полисін сатып алу онжылдықт...

Қазақстанда сақтандырудың жаңа түрі –  Unit-Linked енгізілді.
Қазақстанда сақтандырудың жаңа түрі – Unit-Linked енгізілді.

Бұл не және сақтандырудың жаңа түрімен қалай ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру