Соңғы екі жылда нарықта өмірді сақтандыру саласында қызмет ететін компаниялардың белсенділіктерінің артқандығы байқалады. Осы сала бойынша қызмет ететін компаниялар сақтандыру операцияларының көлемін негізінен өмірді жинақтаушы сақтандыру түрлері есебінен арттырып отыр. Мұндай ілгерілеушілікті ынталандыратын басты жағдай - ел үкіметінің өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғаларға қатысты салықтық жеңілдіктер қарастыруы болды.
Өмірді ұзақ мерзімдік сақтандыру түрінің ерекшелігі екі элементті қамтитындығында. Бірінші элемент – тәуекелді жағдайда, сақтандыру оқиғасы орын алған кезде сақтандыру төлемін беруді жүзеге асыру және екінші элементі – халыққа арналған қаражат жинақтау құралы, демек, сақтандыру кезеңі бойында сақтандыру оқиғасы орын алмаған жағдайда кезең аяқталған соң жеке тұлға өзі өтеген қаражаттыжинақтап қойған қаражаты ретінде қайтып алады. Сақтандырудың бұл түрі бүгінгі күні кеңінен тарап келе жатыр, себебі, салықтық жеңілдіктер тұрғысынан алғанда халық үшін өте тартымды. Бұл, өз кезегінде, халық арасында өмірді сақтандыру қызметтерінің жақсы тарап келе жатқандығына дәлел.
2017 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру саласында қызмет еткен компаниялардың (әрі қарай - өмірді сақтандырушы компаниялар) сыйлықақыларының көлемі 2,3 есеге артып, 138,6 млрд. сомды құрады. Нәтижесінде өмірді сақтандырушы компаниялардың нарықтағы үлесі 6,4 пайыздық тармаққа артып, 14,9% жетті. Тиісінше, жалпы сақтандыру саласындағы компаниялар үлесі 85,1% қысқарды.
Салыстыратын болсақ, өмірді сақтандырудың үлесі әлемдік нарықта 55,3%, атап айтқанда, Солтүстік Америкада бұл көрсеткіш 41,5%, Латын Америкасы және Кариб шығанағы елдерінде – 46,6%, Еуропада – 58,4%, Азия және Орта Азия бойынша – 67%, Африкада – 66,8%. Бұл елдегі өмірді сақтандырудың әлем бойынша орташа көрсеткішке жету үшін әлі де пайдаланылмаған мүмкіндіктерінің зор екендігін көрсетеді.
Жоғарыда атап өтілгендей, 2017 жыл ішінде жалпы сақтандыру саласында 4 компания қызмет еткен. Солардың бірі - «Agros Hayot» ЖШҚ қызметін 2017 жылы бастады. Компаниялар бойынша қарастырылып отырған кезеңдегі өсу қарқыны жоғары. Мысалы, «New Life Insurance» ЖШҚ және «Аlfa Life» ЕШҚ БҰ сыйлықақыларының көлемі 2,7 есеге және 2,5 есеге өскен. «O' zbekinvest Hayot» ЖШҚ сыйлықақысының көлемі 76,6% артты. Бұл көрсеткіштердің барлығы тұтас нарық бойынша сыйлықақылар көлемінің өсу қарқынының жақсы екендігін көрсетеді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру саласындағы көшбасшы компания «O' zbekinvest Hayot» ЖШҚ болды, саладағы үлесі 45,8%. Келесі позицияда «New Life Insurance» (32,2%), «Аlfa Life» ЕШҚ БҰ (12,6%) және «Agros Hayot» ЖШҚ (9,3%) сияқты компаниялар тұр.
Ұзақ мерзімдік сақтандыру түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты белгілі кезеңдегі сақтандыру төлемдерінің көлемінің артуы жасалған сақтандыру келісім-шарттарының талаптарына сай алдағы кезеңдерде берілетін сақтандыру төлемдерінің артуына соқтырады. Осыған байланысты, ұзақ мерзімдік сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдерінің өсуі және шығынның артуы теріс үрдіс болып табылмайды, өйткені өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру бойынша қызметтердің негізгі бөлігі төленген сыйлықақылардың сақтандыру мерзімі аяқталған соң қайтарылуын қарастырады.
Осылайша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру бойынша компаниялар берген төлем көлемі 2,3 есеге өсіп, 78,3 млрд. сомды құрады. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығын деңгейі 56,5% құрады. Жалпы 79,9% тең төлемнің басым бөлігін «O' zbekinvest Hayot» ЖШҚ (48%), «New Life Insurance» ЖШҚ (31,9%) берген. Сақтандыру төлемдері бойынша «Аlfa Life» ЕШҚ БҰ және «Agros Hayot» ЖШҚ үлесі тиісінше, 15,9% және 4,2% құрады.
Ақпарат көзі: https://uzreport.news/insurance/dolya-kompaniy-po-strahovaniyu-jizni-na-rinke-dostigla-14-9-