bs-preloader__icon
ru kz
✕

Өмірді сақтандыру компаниялары уақыт талабына жауап береді

Өмірді сақтандыру саласы үшін қиын кезеңдер басталады – пандемия мен экономикалық дағдарыс инвестициялық полистерді сатуды төмендетті, қор нарығындағы төмен пайыздық мөлшерлемелер бизнестің табыстылығына әсер етеді, деп жазады Forbes.
Өмірді сақтандыру компаниялары уақыт талабына жауап береді

«АҚШ-тың өмірді сақтандыру индустриясы баяу өсудің он жылдығының әсерін әлі де сезініп отыр», – делінген Ernst & Young есебінде. 2008-2018 жылдар аралығында өмірді сақтандыру полистерінің саны ширек есеге қысқарды.

2020 жылғы наурызда AM Best рейтингтік агенттігі бизнестің кірістілігінің төмендігіне сүйене отырып, саланың «тұрақты» рейтингінен «теріс» рейтингіне өз болжамын қайта қарады.

Полистер бойынша төлемдер – сақтандырушылардың басты міндеті, осы себептен олар үлкен активтерді резервте сақтайды. АҚШ-та – шамамен 7,6 трлн доллар.

Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың көпшілігі активтерді кірісі тіркелген бағалы қағаздарға инвестициялайды, әдетте бұл корпоративтік немесе мемлекеттік облигациялар.

MetLife АҚШ-тың өмірді сақтандыру жөніндегі ірі компаниясы өз қоржынының 60%-ын осылайша инвестициялады. Қор нарығы қалпына келгенімен, бағалы қағаздар шығарған көптеген компаниялар құлдырау алдында тұр.

CoreLogic жаһандық талдамалық компания дабыл қаға бастады. «Ипотекалық несиелер бойынша мерзімін өткізіп алу Ұлы рецессияның деңгейінен асып түсті», – делінген компанияның есебінде.

Табыстардың төмендеуіне қарамастан, өмірді сақтандыру бойынша компаниялардың банкроттық ықтималдығы аз, себебі бизнестің өзі беріктіктің үлкен қорына ие.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/advisor/life-insurance/tackle-challenges/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неліктен жас өмірді сақтандыру туралы ойлану маңызды
Неліктен жас өмірді сақтандыру туралы ойлану маңызды

Біз жас кезімізде күтпеген жағдайлар туралы с...

ӨСК сыйлықақыларының жоғары динамикасы
ӨСК сыйлықақыларының жоғары динамикасы

2023 жылдың 11 айындағы алымдар 2022 жылдың сәйкес ...

Halyk life мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
Halyk life мобильді қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

Halyk life мобильді қосымшасында сыйлықақыларды т...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру