bs-preloader__icon
ru kz

Тоқаев қазақстандықтардың қаржы пирамидалары алдында қорғансыздығына алаңдауда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына оның ішінде қаржы пирамидаларымен күрес бойынша тапсырмалардың бірқатарын берді, деп хабарлайды Ақордаға сілтемемен LS.
Тоқаев қазақстандықтардың қаржы пирамидалары алдында қорғансыздығына алаңдауда

«Көптеген азаматтарымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда. Тек бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді. Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы керек. Бұл жерде қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстарын пайдалануға болады. Сондықтан осы саладағы қылмыстың алдын алу үшін олармен толыққанды ынтымақтастық орнатқан жөн. Жалпы, прокуратура мұндай мәселелерде барынша белсенді, бастамашы болуы тиіс», - деді ол.

Президент құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді атап өтті. Бұл ретте құқық қорғау жүйесі аясында ғана емес, сонымен қатар, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың барлық әлеуетін тиімді пайдалану қажет екеніне назар аударды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының іс-қимылдарын олардың функциялары аясында үйлестіруді жолға қоюды тапсырды.

«Пандемияның экономика мен әлеуметтік салаға тигізген кері әсері қылмыс пен құқық бұзушылықтың өсуіне жол ашуы мүмкін. Құқық қорғау органдары осыған дайын болуға тиіс. Еліміздегі күрделі ахуалды пайдаланып қалуға тырысатын қылмыстық топтардың кез келген іс-әрекеттерін бесігінде тұншықтыру керек», – деді президент.

Дереккөзі: https://lsm.kz/prokuratura

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресей Федерациясында алаяқтар сақтандыру төлемдері үшін жарақат алды
Ресей Федерациясында алаяқтар сақтандыру төлемдері үшін жарақат алды

Саранск қаласында жергілікті тұрғындар жалға...

Standard Life таза пайдасы 2017 жылы  60%-ға өсті
Standard Life таза пайдасы 2017 жылы 60%-ға өсті

2018 жылғы наурыз айында Fitch сақтандыру компания...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру