bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру – өтіп бара жатқан жылдың тренді

Бүгінгі күні өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру сегментінде оның түр-сипатын өзгертетін бірнеше үрдіс байқалуда. Кепілдендірілген мөлшерлемелердің төмендеуі болып отыр, бұл ретте сақтандыру мерзімі ұлғайып жатыр. Жарналарды бөліп төлеуі бар шарттар үлесінің өсімі байқалуда және ол одан әрі күшейе түспек. Бұл кезде оны талқылау ұзаққа созылған, unit linked идеясы өзекті, - деп санайды «МетЛайф» СК АҚ-ның операциялық директоры, Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы (БСО) төралқасының мүшесі Дмитрий Малых. «Страхование сегодня» порталы оның бағанасын жариялады.
Өмірді сақтандыру – өтіп бара жатқан жылдың тренді

Клиенттерден кері байланысты талдай отырып, біз клиенттік сервистерді оңтайландыру портфельге, клиенттердің қатынасына және жаңа сатуға жақсы әсер ететінін көрдік. Біз бұл бағытта бұрыннан бері жұмыс істеп келеміз. Сатуды айтатын болсақ, ағымдағы жағдай бір каналдар басқаларымен ауысуы үшін және т.б. трендтің ауысуына әкелді деп айта алмаймын. Жеңілдету және цифрландыру бойынша күш салу сақтандырушылар – және банксақтандыру, агенттік желілер, тікелей сату пайдаланатын барлық каналдарды қамтыды.  

Біз агенттік компания ретінде агенттікте онлайн-сату жүйесін жылдам енгізуге және агенттерді электронды талдау мен сақтандыруға өтінішті рәсімдеу жүйесімен қамтамасыз етуге тырыстық. Тиісінше, клиент полисті электронды түрде алуға мүмкіндік алды. Андеррайтинг және клиенттерді сәйкестендіру мәселелерімен әлі де жұмыс істейтініміз түсінікті. Бірақ негізгі тренд - андеррайтингте кейбір зияткерлік, роботтандырылған амалдарды енгізу, бұл жақын келешектің мәселесі және үдерісті жеңілдетуге, клиенттің сатып алу туралы шешімді қабылдауы мен полисті шығару арасында уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Операциялық жұмыстың бізде өзгертілген басқа үлкен блогы – қағаздық құжат айналымынан кету және шығындарды реттеу мерзімдерін қысқарту. Қазір біздің барлық сақтандыру жағдайларының 85%-ына дейін скан-көшірмелердің негізінде қараймыз және төлемдерді түпнұсқаларды талап етпей, жүзеге асырамыз. Мұнда айналып өтуге болмайтын жалғыз мәселе – клиенттерді сәйкестендіру, біз мұны орындап шығуға тырысып жүрміз.

Дағдарыс жағдайында тағы бір маңызды жағдай бар. Қаржылық қиындықтарды көріп жүрген кейбір клиенттер жарналарды төлеуді тоқтататыны белгілі. Сақтандыру – бірінші қажеттілік өнімі емес және барлық дағдарыстар кезеңінде портфельді сақтау үшін қосымша күш салу қажет. Індетпен байланысты ағымдағы оқиға, бұл мағынада белгілі бір ерекшелік. Бұл дағдарыс керісінше, адамдарды сақтандыру қажет екенін ойландырды. Сол себепті, адамдар төлеуді тоқтатқан полистердің саны азайды, бірақ компания тарапынан және дистрибуцияның күш салуынсыз болмады, ол клиентті полисті бұзбауға және тұрақты жарналарды төлеуді тоқтатпауға, полистің бар болуы – маңызды және қажет екеніне көзін жеткізуге бағытталған. Біздің портфельдің сақталуы қазір жеткілікті түрде жоғары, орташа 87-88%.

Біз сонымен қатар, корпоративтік сегментте электрондық құжат айналымын енгіздік. Нарықта B2B үшін мұндай шешімдер бар, және мұнда ештеңені ойлап табуға тура келген жоқ. Бірақ, корпоративтік клиенттермен, оларды білікті цифрлық қолымен электрондық құжат айналымы – игілік, қаражатты, күш пен уақытты үнемдеу, бұл сенімді әрі заңнама талаптарына сәйкес екеніне сендіріп, жұмыс істеуге тура келді.

Бізді жақын келешекте не күтіп тұр? Менің ойымша, біріншіден, бізді толық 100%-дық қағаз құжат айналымынан шығу күтіп тұр. Екіншіден, бізді андеррайтинг және шығындарды реттеудің зияткерлік құралдарын енгізу, роботтандыру (машинаны оқыту базасындағы шешімдер) күтіп тұр. Осыған байланысты, бізге клиенттерді сәйкестендіру, онлайн жұмыс, цифрлық шешімдер саласында заңнамалық реттеуді жеңілдету бойынша бастамаларды қолдау қажет.

Бұдан басқа, сақтандыру төлемдерінің динамикасы маңызды және біз өзіміздің компаниямызда өткен жылдың дәл осы кезеңдерімен салыстырғанда бизнестің кейбір шебінде төлемдердің біршама ұлғайғанын көріп отырмыз. Бұл уақытта, індет жағдайында жұмыс істеу бізді үдерістерді оңтайландыруға мәжбүрлейді, және ол сөзсіз қаржылық нәтижеге жақсы әсер ететін, үнемдеудің көзі. Түсіп жатқан кепілдендірілген мөлшерлемелер кезінде инвестициялық кірісті айтатын болсақ, біз өзіміздің инвестициялық стратегиямызда өзіміздің портфелімізді барынша оңтайландыруға ұмтыламыз. Және, әдеттегідей дағдарыс жағдайында, біз жеткізушілерімізбен, вендорларымызбен жұмыс істеуге, сервистерді оңтайландыруға тырысамыз, және бұл тағы жақсы фактор.

Дереккөзі: https://www.insur-info.ru/comments/1412/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Дайын жарма немесе бұзылмайтын сүт 32 аурумен байланысты
Дайын жарма немесе бұзылмайтын сүт 32 аурумен байланысты

Ең үлкен дәлелдерге сәйкес, жарма және сода си...

Ақшаны қай валютада жинаған пайдалы
Ақшаны қай валютада жинаған пайдалы

Ақша жинақталғанмен, оны тұрақты инфляциядан ...

Күзгі көңілсіздікпен қалай күресуге болады?
Күзгі көңілсіздікпен қалай күресуге болады?

Күзгі көңілсіздік диагноз емес, күзгі көңілсі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру