bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру шартын жасаған кезде жіберілетін ең үлкен қателіктер аталды

Өмірді және денсаулықты сақтандыру – сақтандыру тарихының ажырамас бөлігі. Дәл осындай сақтандырулар алғашқылардың бірі болып әлемдік нарықта кең таралымға ие болды. Ауыр ковид жылдарынан кейін өмірді сақтандыру нарығында өсім белгіленуде. The Motley Fool оқырмандар үшін ӨСК полистерін сатып ала отырып, адамдар жасайтын басты қателіктер тізбектелген ескертпе жариялады.
Өмірді сақтандыру шартын жасаған кезде жіберілетін ең үлкен қателіктер аталды

Сыйлықақыларда үнемдеу

Өмірді сақтандыруды сатып алған кезде тұтынушылар олар сақтандыру өтемінің қандай көлемін қалайтынын таңдауы қажет. Қайтыс болған жағдайда, тірі қалған бенефициарларға төленетін жәрдемақы мөлшерін мұқият анықтау маңызды.  

Өмірді сақтандырудың тым үлкен көлемін сатып алу қажетсіз қорғауға сіздің тым көп төлеуіңізді білдіруі мүмкін. Өмірді сақтандыру тірі қалғандарды байыту үшін арналмаған, ол жақын адамның қайтыс болуы қаржылық қиындықтарды болдырмау үшін жасалған.

Қажетсіз полисті сатып алу

Мерзімді және өмір бойылық сақтандыруды қосқанда, өмірді сақтандырудың алуан түрлері бар. Дұрыс емес тауарды сатып алу тұтынушының көбірек төлейтініне немесе қажет қорғаусыз қалатынына алып келуі мүмкін.

Өмірді мерзімді сақтандыру – адамдардың көбісі үшін қорғаудың ең жақсы түрі. Бұл бүткіл өмірге сақтандыруға қарағанда, неғұрлым қолжетімді және шектеулі мерзім ішінде, мысалы, 20 немесе 30 жыл бойы әрекет етеді – бұл адамдардың көбісіне қажеттің барлығы, себебі ақыр аяғында олар жұмыс істеуді және табыс табуды тоқтатады немесе кәмелетке толмаған балаларға күтім секілді, өз отбасына қызмет көрсетуді тоқтатады.

Екінші жағынан, бүткіл өмір қымбатырақ тұрады. Бірақ онда инвестициялық құрамдас бар және ол сыйлықақылар төленіп жатқанға дейін мәңгі әрекет етеді. Сақтандыруға өмір бойылық қажеттілігі бар, мысалы, мүгедек-баланың ата-аналары үшін мүмкін бүткіл өмірге сақтандыруға көбірек төлеу жөн болар.

Сіз табатын бірінші агенттен бірден сақтандыру полисін сатып алу

Бірнеше сақтандыру агенттерімен сөйлесу үшін уақыт табыңыз. Уақыт – ақша, бірақ бұл жағдайда емес. Сіздің инвестицияларыңыз сақтандыру нарығын талдау мен сақтандыру компаниясын таңдауға тәуелді. Нұсқаларды түсіну үшін және дұрыс таңдау жасау үшін уақыт жұмсаңыз.

Сауалнаманы дұрыс емес толтыру

Өмірді сақтандыруға арналған сауалнаманы толтырған кезде ең жиі қателік – клиенттер алдайды және қателікке жол береді. Сауалнаманы толтырған кезде қулық немесе қателіктер сақтандырушының төлемнен бас тартуына алып келуі мүмкін.

Нақты жоспарсыз өмірді сақтандыруды сатып алу

Сіз өмірді сақтандыру мақсатын түсінесіз бе? Күтпеген жерден қайтыс болған жағдайда, сіздің жақындарыңызға қажет болуы мүмкін керек сақтандыру сомасын есептедіңіз бе? Жинақтаушы немесе инвестициялық сақтандыру полисін сатып алу туралы шешім қабылдар алдында сіз анықтаған мақсатпен нақты жоспар құруға кеңес беріледі.

Өз күшіңізді дұрыс емес бағалау

Сақтандыру бағдарламалары, опциялар және сақтандыру төлемдерінің сомаларына байланысты полистің құны қалыптасады. Өз мүмкіншіліктеріңізді дұрыс бағалаңыз, егер сіз тоқсан сайынғы немесе жылдық төлемдерді төлей алмай қалатын жағдайды талдаңыз. Сіз сақтандыру бағдарламасының барлық шарттарын, полистің құнын, артықшылықтарын және қандай-да бір себеп бойынша тұрақты төлемдерді жүргізбейтін немесе шартты мерзімінен бұрын бұзғыңыз келетін жағдайларды түсінетініңізге қол жеткізіңіз.

Дереккөзі: https://www.fool.com/the-ascent/insurance/life/articles/dave-ramsey-says-these-are-the-biggest-life-insurance-mistakes-you-can-make/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ер адамдардың қысқа өмірін Y-хромосомасының әрекетімен байланыстырды
Ер адамдардың қысқа өмірін Y-хромосомасының әрекетімен байланыстырды

Молекулалық биологтар әйел жыныстылар еркек ж...

Бес жылда ҚР-да өндірістік жарақат деңгейі 6,5%-ға төмендеді
Бес жылда ҚР-да өндірістік жарақат деңгейі 6,5%-ға төмендеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис...

Тұтынушылық несиелерді дұрыс рәсімдейміз
Тұтынушылық несиелерді дұрыс рәсімдейміз

Тұтынушылық несиені рәсімдемес бұрын не білуі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру