bs-preloader__icon
ru kz

Пандемия зейнетақы жинақтарында гендерлік алшақтықты күшейтті

Әйелдер жұмыс істеуді тоқтатқан кезде олардың зейнетақы жинақтары мен инвестициялары ерлерге қарағанда шамамен 30%-ға азырақ табыс әкеледі, мұны PR Newswire's сайты жариялаған TIAA сауалнамасының деректері растайды.
Пандемия зейнетақы жинақтарында гендерлік алшақтықты күшейтті

Үш әйелдің ішінен біреуі ғана (31%) зейнетке жинайды. Ерлердің 35%-ы зейнетте жақсы өмірге жолда екеніне және ақшасыз қалмайтынына сенімді. Мұндай пікірді әйелдердің 19%-ы ғана ұстанады.

Жалпы, ерлердің 80%-ы кішкене болсын, әйелдердің 63%-ымен салыстырғанда зейнетке ақша жинаған. Бұл АҚШ Халық санағы бюросы жинаған 2017 жылдың деректерінен айтарлықтай ерекшеленеді. «Әйелдер зейнетте үлкен қауіптермен бетпе-бет келеді. Енді олар егде жаста жиі қосымша табыссыз қалатын болды», - деді TIAA кеңес беру бөлімінің басшысы, Снежана Златар.

Пандемия жағдайды қиындатты, себебі АҚШ еңбек статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдан бастап әйелдердің 2 миллионға жуығы еңбек нарығынан кетті. Бұдан бөлек, әйелдердің 29%-ы коммуналдық қызметтерді, жалдауды, кредиттер мен кредит карталары бойынша төлемдерді қосқанда, ай сайынғы шоттарды төлеуде қиыншылық көреді.

Ерлер де, әйелдер де қаржы жоспарлаушыларымен немесе инвестициялық кеңесшілермен жұмыс істегілері келетіні туралы айтқанмен, әйелдердің 22%-ында ғана мұндай мүмкіндік бар.

Дереккөзі: https://www.prnewswire.com/news-releases/pandemic-deepened-gender-divide-in-retirement-readiness-tiaa-survey-shows-301505539.html

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Аннуитет туралы бес факт
Аннуитет туралы бес факт

Әлеуметтік қамсыздандыру барлық зейнеткерлік...

ЭЫДҰ өмірді сақтандырушылар төлемінің өсуін күтуде
ЭЫДҰ өмірді сақтандырушылар төлемінің өсуін күтуде

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Э...

«Азия Life» сақтандыру компаниясы «Freedom Holding Corp» халықаралық тобына енді
«Азия Life» сақтандыру компаниясы «Freedom Holding Corp» халықаралық тобына енді

2018 жылғы 29 қазаннан бастап «Азия Life» Өмірді са...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру