«Золото Номадов» өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін енді «Нұрбанк» АҚ-да ресімдеуге болады. Бұл қаржы институты клиенттеріне жаңа қаржы құралдарын таңдау мүмкіндігін бере отырып, жинақтарды сақтандырумен қиыстыру үшін өз клиенттері үшін қызметтер спектрын кеңейткен бірінші отандық банктердің бірі болды. Алдында «Золото Номадов» инвестициялық өнімі Сбербанктың, ВТБ банктің, және Альфа-Банктің қазақстандық еншілес банктерінде ғана қолжетімді болғанын естеріңізге саламыз. Ресейлік нарықта өмірді сақтандыру бойынша компаниялармен мол жұмыс тәжірибесі бола тұра, бұл ұйымдар Қазақстанда филиалдық желінің ішінде жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларын енгізу бөлігінде алғаш жол салушылары болды.
«Нұрбанк» АҚ Бас операциялық департаментінің директоры Гүлназ Халитова хабарлағандай, қызметтер спектрын кеңейту – бұл бүкіл әлемде банктік секторға таралған үдеріс.
«Банктер өз клиенттері үшін ерекше қаржы супермаркетіне айналуда. Менеджерлер тұлғасында олар стандартты банктік операцияларды атқаратын жай ғана қызметкерлерді емес, ал көп жағдайда қаржы кеңесшілерін көреді. Біздің банк те клиенттер үшін техникалық көмекшісі ғана емес, инвестициялау бойынша толыққанды кеңесшіне айналып осы идеология аясында жылжып келеді. Бұл мағынада «Золото Номадов» қазақстандықтар біздің делдалдығымен біздің кеңесімізге сүйене отырып, пайдалана алатындай ұсыныстарымыздың спектрін кеңейтеді», – дейді Гүлназ Халитова.
Оның сөзінше, Қазақстанда өмірді жинақтаушы сақтандыруға бұдан артық тартымды балама жоқтың қасы, және де бұл өнімнің артықшылықтары банк өзінің клиенттеріне жеткізуге тырысады. «Золото Номадов» - орта- және ұзақ мерзімді жинақтарды құру үшін қазақстандық қаржы нарығында оңтайлы ұсыныс. Осы бағдарламаның арқасында біздің отандастарымыз капиталды қалыптастыра алады, ол капитал есебінен 5-10 жылдан кейін ірі сатып алулар қаржыландырылады. Осыған балалардың ЖОО-да оқу ақысын төлеу де, жылжымайтын мүлікке инвестициялар да, өмірдің зейнеткерлік кезеңіне жинақтар да жатады», – дейді Гүлназ Халитова.
Белгілі бір мерзімге жоспарланған соманы қазақстандықтар өмір жағдайына қарамастан жинақтай алады. Өйткені өмірді сақтандыру полисі – бұл қарадлы күндерге жай ғана сақтап қойан жинақтар емес, валютадағы депозитке ұқсас, бірақ жоғары табыстылығымен және қосымша артықшылықтармен толыққанды инвестициялық құрал. Қазіргі таңда «Золото Номадов» жинақтаушы өнімі бойынша сыйақы мөлшерлемесі $-да жылдық 3,26%-ға жетіп отыр.
«Золото Номадов» бағдарламасындағы табыстылықтың қызықты мөлшерлемесі, сонымен қатар заңды және сақтандыру опциялары біздің клиенттерімізге ұсынылатын қызметтер спектрын сапалы түрде кеңейтеді – деп «Нұрбанк» Бас операциялық департаментінің директоры есептейді.
«Золото Номадов» – «Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясымен әзірленген өнім. Осы сақтандырушы сақтандырылған тұлғаға немесе оның туыстарына сақтандыру жағдай басталғанда қаржылық қолдауды қамтамасыз етеді. Ол салымның бүкіл сомасының ғана емес, сонымен қатар шартта көрсетілген бүкіл мерзімдегі есептелген инвестициялық табыстың төленуіне кепілдік береді. «Золото Номадов» бағдарламасы бойынша салымдар тәркілеуге, тыйым салуға немесе ажырасу кезіндегі бөлуге жатпайды.
«Nomad Life» ӨСК» - өмірді сақтандырудың қазақстандық саласының көпшілік мойындаған көшбасшысы. Бұл компания алдыңғы қатарлы бизнес-шешімдерімен, өз саласында жаңа технологияларды ендіруге ұмтылысымен және сақтандыру нарығының бизнес-ортасын тұрақты жетілдірумен ерекшелінеді. Бұл «Нұрбанк» АҚ «Nomad Life» АҚ-пен серіктестік қарым-қатынастарды, оның ішінде – тоғыспалы сатулар саласында қатынастарды дамыту шешімін қабылдады. Банктің қызметінде басым бағыттардың бірі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру, қызмет көрсетудің сапасын арттыру және банктік қызметтердің толық тізімін ұсыну болып табылады. Бірақ бас міндеті – өз клиенттерінің ақшасын сақтау және көбейту», – деп Гүлназ Халитова қорытынды жасады.
Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларына қадағалау қызметін Ұлттық Банк жүзеге асырады. Азаматтық және сақтандыру құқығы нормалары ӨСК-ден бір қатар міндеттемені, оның ішінде сақтандыру компаниясының ақшалай қаражатының бөлінуін қадағалайтын он бес пруденциялық нормативті орындауды талап етуде. Сақтандырушылар талаптарды төлемдерді өндіру үшін ақшаның жеткіліктілігіне қатысты талаптарды сақтауға міндетті, сондай-ақ оларды белгілі бір, жоғары өтімді , едәуір сенімді қаржы құралдарында ұстап отыруға міндетті. Нормативтердің орындалуын қадағалау он күн сайын жүргізіледі.
Сақтандырушыларға қойылатын осыншама қатал талаптар қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде олардың денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянды өтеудегі және зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етудегі олардың маңызды рөлімен шарттасқан. Тоғыспалы сату жобасын іске қосу бойынша оң шешім қабылдауға әсер еткен факторлардың бірі «Nomad Life» компаниясымен қадағалау органының талаптарын толықтай сақталуы, бұны Ұлттық Банктің тексеруші тобы да, сыртқы ұйымдар аудиторлар да, сонымен қатар компанияның әлеуметтік жағынан маңызды салаларда көшбасшылық позициялары растап отыр.
Авторы: Алан Байқадамов.