Бірақ, өмірді сақтандыру, бірінші кезекте, инвестициялар, содан кейін сақтандырудың өзі, деп есептейді IG Wealth Management компаниясының қаржы кеңесшісі Стю Тунхейм.
Қаржы жоспарының қалған бөлігі сияқты өмірді сақтандыру да үнемі тұрақты қаржылық болашаққа кепілдік береді. «Мүмкін, Сіз отбасыңызды қарызбен тастап кеткіңіз келмейтін шығар немесе балаларыңызды университетте оқуға жинағыңыз келеді. Бұдан басқа, жинақтаушы сақтандыру мұқтажсыз қарттыққа қосымша ақша жинауға көмектесуі мүмкін», – дейді Тунхейм.
Басқалар үшін өмірді сақтандыру – бұл жақындардың біреуі үшін мұра. «Басты артықшылығы - бенефициар салық төлемей ақша алады», – деп естеріңізге салады әңгімелесуші.
Тунхейм өмірді сақтандыруды үйді сақтандыруға теңестіреді: «Сіз жанып жатқан ғимаратты сақтандыра алмайсыз. Сіз үйді жақсы жағдайда сақтандыруыңыз керек. Өмірді сақтандырудың да жағдайы осындай. Сіз жас, сау және күш-қуатыңызға толған кезде полис Сізге әлдеқайда арзанға түседі».
Канадада өмірді сақтандырудың екі негізгі түрі бар
Бірінші және ең қарапайым деп TERM аталады. Өз мәні бойынша, бұл қайтыс болған жағдайда ай сайын төленетін сақтандыру үшін қайтарымсыз төлемдер. Төлемдер мөлшері сақтандырудың шамасына және сақтандырылушының жасына байланысты болады. Сақтандыру басталған сәттен бастап 10 жыл ішінде төлем шамасы бірдей, содан кейін әрбір келесі онжылдықта төлем белгілі бір сомаға ұлғаяды.
Адам 75 жасқа толғанда бұл сақтандыру автоматты түрде тоқтатылады. Егер адам осы жасқа дейін қайтыс болмаса, онда ол төлеген барлық ақша сақтандыру компаниясының меншігіне қайтарымсыз өтеді. Тиісінше, егер адам осы жасқа толғанға дейін қайтыс болса, онда сақтандыру сыйлықақысы оның мұрагерлеріне тағайындалған көлемде төленеді.
Сақтандырудың екінші түрі жинақтаушы. Оның мәні – адам төлейтін ақша оның полисінің шотына түседі, сол полисте жинақталады және қайтыс болған жағдайда оларды мұрагерлер пайызбен бірге алады. Сақтандырудың бұл түрінің ерекшелігі – ай сайынғы төлемнің шамасы сақтандыру сомасына және адамның жасына байланысты шарт жасасу кезінде бір рет анықталады және кейіннен өзгермейді. 65 жасқа толғанда адам өз қалауы бойынша жинақталған барлық соманы ала алады немесе оның есебінен қосымша зейнетақы ала алады.
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды