bs-preloader__icon
ru kz en

АҚШ-та Әулие Валентин күніне өмірді сақтандыру полистерін жиірек сыйлайтын болды

Әйелдердің 70%-ы мен ерлердің 65%-ы барлық Ғашықтар күнін (Әулие Валентин күні) тойлайды. Америка тұрғындарының көбісі бұл мерекеге сыйлық ретінде қымбат емес және романтикалық бірдеңе алғылары келеді, бірақ ертеңгі күнін ойлантындар да бар, деп жазады Frankenmuth Insurance.

Өмірді сақтандыру ауыр сырқаттану немесе жазатайым оқиғаның салдарына байланысты денсаулығының кенеттен нашарлауы сақтандырылушы мен оның отбасы үшін қаржылық күйреуге әкелмейтініне сенімді болуға мүмкіндік береді. Сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру төлемін дереу жүзеге асырады. Бұл клиентке сапалы және уақытылы медициналық көмек алуға, табыстың жетіспеушілігін өтеуге және қалыпты өмір сүру деңгейін сақтауға көмектеседі.

Сақтандыру жарнасынан бірнеше есе асатын сақтандыру төлемі туындаған денсаулық мәселелерін шешуге, қалпына келтіру және оңалту үшін қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар еңбекке қабілетсіздік мерзімінде әдеттегі табыстан айырылуды өтеуге көмектеседі.

Сақтандыру шарты бойынша жарналарды бірден немесе қолайлы жиілікте енгізуге болады: жыл сайын, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын. Бұл тәртіп клиентке аз мөлшерден бастап, бюджетке зиян келтірместен жүйелі түрде елеулі капиталды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Инвестициялық табыстың түсімі MetLife кірісінің қысқару себебі болды
Инвестициялық табыстың түсімі MetLife кірісінің қысқару себебі болды

Үшінші тоқсанда АҚШ-тағы MetLife - ең ірі өмірді са...

ӨСК сыйлықақылары динамикасының өсуін көрсетті
ӨСК сыйлықақылары динамикасының өсуін көрсетті

Ұйымдар 2019 жылғы ақпан айының қорытындылары б...

Өмірді сақтандыру – бұл өлімге дайындалу емес
Өмірді сақтандыру – бұл өлімге дайындалу емес

Латвия тұрғындарының жартысы арнайы жүргізіл...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру