bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру бенефициарларын таңдау

Сіз бәрінен де қатты жақсы көретін адамдарыңызды материалдық жағынан қорғауға көмектесу үшін өмірді сақтандыруды сатып аласыз. Сондықтан бенефициарды таңдау соншалықты маңызды – себебі дәл осы адам сіздің өмірді сақтандыру полисіңізден ақшалай төлемдерді алады, деп хабарлайды CBS News.
Өмірді сақтандыру бенефициарларын таңдау

Пайда алушыны тағайындау қарапайым іс болып көрінуі мүмкін. Алайда байқаусыз қате кейде үлкен проблемаларға алып келуі мүмкін.

Бенефициар ретінде кім көрсетілуі мүмкін?

Сіз өзіңіздің қайтыс болуыңыз жағдайына сақтандыру полисі бойынша сақтандыру сыйлықақысының алушысы ретінде кез-келген жеке тұлғаны таңдай аласыз. Бұл отбасы мүшесі, досыңыз немесе басқа біреу болуы мүмкін.

Баланы пайда алушы ретінде көрсетуге бола ма?

Әрине, болады, бірақ егер пайда алушы кәмелеттік жасқа толмаған адам болса, онда оған тиесілі сақтандыру төлемі қамқоршысына немесе банкте жабық шотқа төленетін болады, оған қолжетімділікті адам кәмелеттік жасқа толғаннан кейін алады.

Бірнеше бенефициарларды көрсетуге бола ма?

Иә. Әдетте сіз қанша қаласаңыз, сонша бенефициарларды көрсете аласыз. Өмір сүрген жағдайда Сіз бір пайда алушыны көрсете аласыз; қайтыс болу тәуекелі бойынша – шектеусіз сан. Егер қайтыс болу тәуекелі бойынша сақтандыру төлемін алушылар біреуден көп болса, олардың деректері мен үлестері пайыздармен шартқа қосымшада көрсетіледі.

Өмірді сақтандыру полисінде бенефициарларды қалай тағайындайды?

Өмірді сақтандыру полисі – бұл полис иеленушісі мен сақтандыру компаниясы арасындағы заңды шарт. «Пайда алушылар» бағанасында сіз бенефициарларды көрсетесіз.

Егер қаласам, мен бенефициарларды өзгерте аламын ба?

Иә. Сіз өзіңіздің өмірді сақтандыру полисіңізде көрсетілген бенефициарлардың кез-келгенін кез-келген уақытта және кез-келген себеппен өзгерте аласыз. Мүмкін сіз қайта тұрмысқа шықтыңыз немесе сіздің отбасыңызда бала туылған шығар.

Дереккөзі: https://www.cbsnews.com/news/choosing-life-insurance-beneficiaries/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда салынған
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда салынған

2021 жылдың 1 мамырына зейнетақы активтерінің жа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру