bs-preloader__icon
ru kz
✕

Кәуапты асқазан мен денебітімге зиян келмес үшін, қалай және немен бірге жеу керек

Мерекелік демалыстардың басталуымен адамдар табиғатқа кәуап дайындауға шығады. Көкке шығу кезіндегі сүйікті тағамдар денсаулыққа теріс әсер етпейтін бірнеше ережелер бар, деп жазады «Профиль».
Кәуапты асқазан мен денебітімге зиян келмес үшін, қалай және немен бірге жеу керек

Алдын ала тамақтанған жөн

Көкке шығуға немесе қонақтағы дастарханға өте аш болып келмеген дұрыс. Себебі артық тамақтану қаупі бар, ол асқазанда ауырлыққа әкеледі.

Нені және қалай жеу қажет

Мерекелік дастарханда әдетте ақуызды азық-түліктер көп: құс, ет, балық. Түрлі ақуызды араластыру асқазанда ауырлыққа және өзіңізді нашар сезінуге алып келуі мүмкін. Мұны болдырмас үшін, бір ыстық тамақта тоқталған жөн.

Еттің (оның ішінде кәуаптың) бір порциясынан (300 г) артық жемеуге кеңес беріледі. Оған көбірек көкөністі қосқан дұрыс, ал крахмалды өнімдерді (мысалы картоп) жегенді шектеген жөн. Тұздықтармен, әсіресе сатып алынған тұздықтармен асыра сілтеу дұрыс болмас.

Шамадан тыс артық жемес үшін, әбден және ақырын шайнау қажет.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/pora-piknikov-kak-i-s-chem-est-shashlyk-chtoby-ne-navredit-zheludku-i-figure-1068430/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру-Қазақстанның сақтандыру нарығының өсу драйвері
Өмірді сақтандыру-Қазақстанның сақтандыру нарығының өсу драйвері

2025 жылғы бірінші шілдедегі жағдай бойынша Қаз...

Зейнеткерлер қай елдерде көп тұрады
Зейнеткерлер қай елдерде көп тұрады

Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізіп, 65 жаста...

Неліктен америкалықтар дағдарыстан өлімнен де қатты қорқады
Неліктен америкалықтар дағдарыстан өлімнен де қатты қорқады

Жаңа зерттеулерге сәйкес, америкалықтардың жа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру