bs-preloader__icon
ru kz en

COVID-19 жылы: Қазақстан экономикасы індетті қалай бастан кешіруде

Казахстан осымен бір жыл карантинді режимде. LS баспасы індет ел экономикасына қалай әсер еткенін білді.
COVID-19 жылы: Қазақстан экономикасы індетті қалай бастан кешіруде

2020 жылғы 16 наурыздан бастап 11 мамырға дейін республикада ТЖ режимі енгізілді, соның артынан ел карантинге өтті. Оның себебі COVID-19 вирусы.

Қаржы Министрлігінің ақпараты бойынша індеттің нәтижесінде бюджет дефициті 2019 жылдағы ЖІӨ-ге 1,9%-дан ЖІӨ-ге 3,1%-ға дейін (2,2 трлн теңге) өсті. 2021 жылы бұл көрсеткіш ЖІӨ-ге 3,4%-ды немесе 2,6 трлн теңгені құрайтыны күтілеуде. Сонымен бірге ұлттық экономика
министрлігінде індет және коронавирустың таралуына шек қою шаралары нәтижесінде қызмет көрсету секторы 5,6%-ға қысқарды.

Ақшалай көріністе айтарлықтай төмендеу сауда-саттықта және тасымалдауда бақылануда. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылы сауда-саттықтың жалпы қосылған құны 187,5 млрд теңгеге қысқарған. Тасымалдаудың ЖҚҚ 726,8 млрд теңгеге кемірек
болды.

Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау көлемі 8,4 млрд адамға дейін 64,8%-ға қысқарды. Табыс 287,7 млн теңгеге дейін азайды. Соның ішінде жолаушылар легінен әуе тасымалдаушылардың табысы 176,1 млрд теңгеге дейін 51,6%-ға төмендеді.

Сонымен бірге ҰЭМ-де 2020 жылы тауарлар өндірісі 2%-ға өскенін айтты. Оның ішінде құрылыс 11,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,6%-ға, өңдеуші өнеркәсіп – 3,9%-ға өсті. Ведомстваның ақпараты бойынша 2020 жылы дағдарысқа қарсы шаралардың үш пакеті іске асырылды: халықты және бизнесті қолдау бойынша жедел шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша шұғыл шаралар, экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша Кешенді жоспар.
Қаржыландырудың жалпы көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Нәтижесінде салықтық босаңсуды 700 мың кәсіпкерлер алды, зардап шеккен салалардың 80% қарыз алушылары несиелер бойынша кейінге қалдыруды пайдаланды. Жұмыспен қамтумен жәрдемдесуге шамамен 1,4 млн адам кірді. Осының есебінен жұмыссыздық деңгейі 5% шегінде қалды.

Қазір мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі әзірленуде. Ол жүйеде жүйелік реформалар пакетін қайта іске қосуға, мемлекет рөлінің өзгеруіне және негізгі мемлекеттік саясаттардың қайта бапталуына басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, ел дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық бағыты болып табылатын, 2025 жылға дейін Қазақстанның дамуының ұлттық жоспары әзірленген. Сонымен қатар, жақын арада жаңа жағдайларда шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау бойынша шаралар пакеті
қабылданатын болады.

Дереккөзі: https://lsm.kz/god-s-covid-19-kak-ekonomika-kazahstana- perezhivaet-pandemiyu
Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жүктілік шашыраңқы склероздың дамуын тоқтатуы мүмкін
Жүктілік шашыраңқы склероздың дамуын тоқтатуы мүмкін

Бұл аурудың даму қаупіне жауап беретін иммунд...

Halyk Finance инфляцияны жыл соңына қарай 7.3% деңгейінде болжайды
Halyk Finance инфляцияны жыл соңына қарай 7.3% деңгейінде болжайды

Шілде айында инфляция 7%-дан 7.1%-ға дейін жылдам...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру