bs-preloader__icon
ru kz en

Балаларыңыздың болашағын қамтамасыз ету үшін Топ-5 инвестиция

Үндістанда көбіне-көп орта топтағы отбасылар балалардың білім алуына шығындар туралы ойланады. Алайда, елде үйлену тойына немесе балаға жылжымайтын мүлік сатып алуға жинап жатқан ата-аналар көп. Балаға арналған инвестициялық өнімді таңдау оның жасына және өмірлік мақсаттарына байланысты. Инвестициялық портфельді ұдайы қайта қарап, инфляция, мақсаттардың өзгеруі, тәуекелге бейімділігі секілді осындай факторларға сәйкес түзетіп отырған жөн, деп жазады Financial Express Epaper.
Балаларыңыздың болашағын қамтамасыз ету үшін Топ-5 инвестиция

Үлкен емес жинақтаушы сұлбалар

Суканья Саммриддхи үлгісі (SSS), Мемлекеттік қамтамасыз ету қоры, Ұлттық жинақтаушы сертификат (NSC) және т.б. секілді үлкен емес жинақтаушы үлгілер ұзақ мерзімді болашақта лайықты кірістілікті қамтамасыз ете алады. Бұл үлгілер қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және егер инвестициялардың мерзімі 5-7 жыл болса, үлкен емес пайыздарды қамтамасыз етеді.  

Үлестік инвестициялық қорлар

Үлестік инвестициялық қорлар салымдардың табыстылығын ұлғайта алады. ҮИҚ-лар жоғары кірістілікті ұсынады, бірақ сонымен қатар бұл жерде неғұрлым жоғары тәуекелдер. ҮИҚ-лар: ашық, интервалды және жабық болып бөлінеді. Үлестік ашық қорлардың иемденушілері оларды кез-келген жұмыс күні өтеуін талап ете алады; интервалды қорлардың үлескерлері қорды сенімгерлік басқарудың ережелерімен белгіленген, белгілі бір кезеңдерде (интервалдар) ғана қордан шығуға құқылы; жабық үлестік қорлардың үлестер иеленушілері заңмен белгіленген жағдайлардың бірқатарын қоспағанда, қордың қызмет етуінің мерзімі аяқталғанға дейін оларға тиесілі үлестерді өтей алмайды.

Депозиттер

Депозиттер өте сенімді болып есептеледі (себеі банк банкрот болған кезде салымшылардың қаражаты қайтарылады), бірақ олар инфляцияны әрдайым өтемейтін, үлкен емес табысқа кепілдік береді.

Алтын

Физикалық тұлға – инвесторлар ақшаны алтынға бірнеше жолдармен сала алады: алтын құймаларын сатып алу, инвестициялық алтын монеталарды сатып алу; банкте иесізденген металл шот ашу; алтын өндіруші компаниялардың акцияларын сатып алу; ETF алтынға қорлардың үлестерін, бағалы металдарға ҮИҚ-ның үлестерін сатып алу; алтынға фьючерстік келісім-шарттарға ақша салу.

ULIP-ке инвестициялаңыз

ULIP (Unit Linked Insurance Plan) – бұл өмірді сақтандыру полисі аясында түрлі активтерге (акциялар, облигациялар, қорлар, ETFs) қаражатты салуға мүмкіндік беретін, инвестициялық өнім. Осылайша, бұл өнімде сақтандыру атаулы болып табылады. Негізгі назар инвестицияға аударылады. Дегенмен, сақтандыру қаптамасының арқасында инвестор үшін көптеген артықшылықтар ашылады. Олардың ішінде:

салық жеңілдіктері,

нақты мұрагерлік рәсім,

құпиялылық,

капиталдың жоғары қорғауы.

ULIP-те жаңадан бастаған инвестор үшін дайын шешімдер бар. Бағдарлама тәуекелге тәбетіңізге сәйкес үлгілік стратегияларға автоматты режимде табысты түрде қаражат салуға мүмкіндік береді. Сіз әртүрлі инвестициялық қорлардан тұратын дайын портфель опциясын таңдай аласыз. Яғни, сіз ең ірі инвестициялық компаниялардан стратегияны таңдайсыз және портфельді басқару немесе құрастыру үшін артық ештеңе төлемейсіз.

Unit Linked Insurance Plan шартта мұрагерлерді көрсетіп, өмірді сақтандыруға мүмкіндік береді. Әдетте, сақтандыру өтелімі шоттың сомасынан 101%-ды құрайды. Бағдарлама иеленушісі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері жеделдетілген тәртіпте сақтандыру төлемін алады.

Бағдарламалар бойынша табыстылық – әлемдегі тұрақты валюталардың бірінде (АҚШ доллары, британ фунты, еуро) 10-25%-ға дейін.

Ықтимал кіріс сіз таңдаған инвестициялық стратегияға байланысты. Әдетте, сізде таңдауға болатын бірнеше дайын, уақытпен тексерілген стратегиялар бар.

Дереккөзі: https://www.financialexpress.com/money/top-5-investment-options-to-secure-the-future-of-your-children/2882712/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Мемлекеттік аннуитеттік компания дивидендтер төледі
Мемлекеттік аннуитеттік компания дивидендтер төледі

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді са...

Өмірді сақтандыру өсу депозиттерін басып озды
Өмірді сақтандыру өсу депозиттерін басып озды

Қазақстанда соңғы бес жылда өмірді сақтандыру...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру