bs-preloader__icon
ru kz en

Қытайдың қаржылық секторы сақтандырушылар үшін де ашылады.

Тиісті талаптарға жауап беретін шетелдік инвесторларға Қытайда сақтандыру агенттері ретінде жұмыс істеуге және сақтандыру бағалау мен сараптау жұмыстарымен айналысуға рұқсат етілетін болады. Сонымен қатар сақтандыру брокерлердің қызмет ету саласын шетелдік капиталында қытайлық мекемелердің деңгейін дейін кеңейту көзделеді.
Қытайдың қаржылық секторы сақтандырушылар үшін де ашылады.

Бұл туралы Қытайдың Халық банкінің басшысы И Ган 2018 жылғы 11 сәуірде Боаос азиялық форумы аясында «Ақшалай-несиелік саясатты қалыпқа келтіру» атты ішкі форумында хабарлады. Аталған шаралар ҚХР Төрағасы  Си Цзиньпин мәлімдеме жасаған Қытай нарығына, оның ішінде қаржы нарығына шығуын елеулі жеңілдету аясында қолданып отыр. Сақтандыру нарығын ашу бойынша шаралар маусым айының соңынан дейін іске асыруға жоспарланып отырған қаржылық ашықтық бойынша алты шараның ішіне енгізілген.

Қалған шаралардың қатарына төмендегілер кіреді:

Банктерде және қаржылық активтерді басқару бойынша компанияларда шетел капиталында акциялардың үлесіне шектеулерді алып тастау, Қытай, сондай-ақ шетел кәсіпорындарына бірдей қатынас жасау қағидасын алға тарту. Шетелдік банктерге бір уақытта өз филиалдары мен еншілес компанияларын Қытайда құруға рұқсат етілетін болады.

Бағалы қағаздар, қорларды басқару, фьючерстер және сақтандыру бойынша компанияларда акциялардың шетелдік пакетіне максималды лимит 51% пайызға дейін артады, ал үш жылдан кейін шектеулер мүлдем алынып тасталынады.

Бағалы қағаздар саласында қызмет ететін компаниялардың акционерлері арасында бірлескен капиталында кем дегенде бір брокерлік компания болу керек талабын жою.

Құрлықты Қытай және Гонконг биржалары арасында өзара байланыс тетігін тұрақты жетілдіру мақсатында 1 мамырдан бастап тоғыспалы сауданың тетігі үшін белгіленген күнделікті квоталардың мөлшері төрт есе ұлғайып, нақты айтқанда Шанхай және Шэньчжэнь биржаларында 13 миллиардтан бастап 52 миллиардқа дейін, Гонконг биржасында 10,5 миллиардтан бастап 42 миллионға дейін көбейеді.

Дереккөзі: http://russian.people.com.cn/n3/2018/0416/c31518-9449847.html

Фотосуреттер  antikor.com.ua, vestifinance.ru сайттарынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру қорғауы бар жаңа жылдық сыйлық
Сақтандыру қорғауы бар жаңа жылдық сыйлық

Желтоқсан – бұл әрқашан қиын жылдың соңы, ол к...

Әйел адам өзінің қайтыс болғаны туралы жариялап төлемдерді алды
Әйел адам өзінің қайтыс болғаны туралы жариялап төлемдерді алды

Пәкістанның Федералдық тергеу агенттігінің (FI...

Өмірді сақтандыру компаниялары өсімнің жаңа нүктелерін іздеуде
Өмірді сақтандыру компаниялары өсімнің жаңа нүктелерін іздеуде

ҚҚҚ-ның Талдау орталығы 2022 жылдың бірінші жар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру