Император пингвиндер Антарктидада ауа температурасы –50°C-қа дейін төмендеген жағдайда да тіршілік ете алады. Мыңдаған құс тығыз топ құрап, шеңберге жиналып, бір-бірінің жылуын бөліседі. Сыртқы қатардағы пингвиндер суықты бірінші болып қабылдайды да, біртіндеп ішке өтеді, ал ішкі бөліктегілері сыртқа қарай алмасады.
Kyobo Life Insurance компаниясы мұнда сақтандыру қорғанысымен тікелей ұқсастық бар екенін атап өтті. «Бұл өмірді сақтандырудың негізгі құндылығын — өзара қолдау арқылы қиындықтарды еңсеруді бейнелейді», — деп түсіндірді компания өкілдері.
Атауы және себебі
Kkook (Ккук) атауы — жақын адамның жылы құшағын білдіретін дыбыстық еліктеу сөз. Компания бұл кейіпкер клиенттерге кез келген жағдайда қолдау символы болады деп уәде етті.
Ккук алғаш рет 12-ші күні көпшілікке таныстырылды. Kyobo Life Insurance өкілі Шин Чан-дже компанияның Чхунчхон-Намдо провинциясындағы Чхонан қаласындағы оқу орталығында қаржы кеңесшілеріне жаңа кейіпкерді таныстырды. «Бұл кейіпкер Kyobo Life Insurance-тың клиенттерді күтпеген қиындықтарды еңсеріп, күнделікті өміріне қайта оралғанға дейін қорғау туралы уәдесін бейнелейді», — деді Шин Чан-дже.
Ккук жалғыз емес. Компания жалпы алты кейіпкерден тұратын тұтас топ құруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Ккуктың інісі Ккомури, сондай-ақ оның ата-анасы мен ата-әжесі болады. Бұл кейіпкерлер жарнамалық өнімдер мен әлеуметтік желі контентінде қолданылмақ.
Компания дерегінше, алты кейіпкердің барлығы түпнұсқалық ерекшелігі үшін авторлық құқықпен қорғалған.
Оңтүстік Кореяның сақтандыру нарығында бәсекелестік өте жоғары. Kyobo Life Insurance компаниясы тек сақтандыру шарттарымен ғана емес, клиенттермен эмоционалдық байланыс арқылы да ерекшеленуге тырысады. Бір-бірін қолдағанда ғана аман қалатын пингвиндер философиясы сақтандыру идеясына дәл келеді. «Біз клиенттерге Kkook арқылы өмірді сақтандырудың шынайы құндылығын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше брендтік тәжірибе ұсынамыз», — деді компания өкілі.
Дереккөз: https://www.chosun.com/english/market-money-en/2026/05/14/6VCAOAYESNDFNN73NQQEMSRTJM/
Ашық дереккөздерден алынған фото


