bs-preloader__icon
ru kz en

Азия-Тынық мұхиты аймағында өмірді сақтандыру нарығы $1,5 трлн-ға дейін өседі

GlobalData зерттеу компаниясы деректерді жариялады, оған сәйкес 2023 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағында өмірді сақтандыру бойынша жалпы сыйлықақылар $1,2 трлн-нан өседі, деп жазады «Фориншурер» порталы.
Азия-Тынық мұхиты аймағында өмірді сақтандыру нарығы $1,5 трлн-ға дейін өседі

Өңірде өмірді сақтандыру секторы 2019-2023 жылдар ішінде +4,9% орташа жылдық өсу қарқынымен (CAGR) өсетін болады. COVID-19 індетінен іркілуге қарамастан, қазіргі таңда кейбір елдерде оқшаулануға шектеулерді алғаннан кейін біртіндеп қалпына келу байқалып отыр.

Сингапурде 2020 жылдың үшінші тоқсанынан бастап жақсы экономикалық белсенділік өмірді сақтандыру бойынша өнімдерге сұраныстың қалпына келуіне ықпал етті. Оған ұқсас Гонконгте ұзақ мерзімді қолданыстағы полистер бойынша жалпы сақтандыру сыйлықақылары 2020 жылдың алғашқы үш тоқсаны ішінде жылдық есеппен 5,1%-ға ұлғайды. Малайзияның өмірді сақтандыру қауымдастығы ақшалай жәрдемақы және COVID-19 диагнозымен полистің ұстаушылары үшін, қайтыс болған жағдайда бір жолғы төлемдер секілді, көмектің қосымша шараларын кеңейтті. Бұл індет туралы хабардар болумен бірге, өмірді сақтандыру полистеріне сұранысты ұлғайтады деп күтілуде.

Ірі сақтанушылар сондай-ақ, бәсекеге қабілетті болып қалу және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін, иншуртех-стартаптармен бірге қызмет істеуде. Мысалы, Manulife-Sinochem Life биологиялық жас мөделін (БЖМ) + өмірді сақтандыруды таныстырды. Компания тәуекелдерді үздіксіз бағалауда сақтандырушыларға көмектесетін, сол арқылы ең үздік андеррайтингке және бәсекеге қабілетті бағаларға ықпал ете отырып, BAM алгоритмін қосу үшін SCOR Global Life және ReMark сақтандыру компаниясымен бірге қызмет жасады.

Өмірді сақтандыру нарығы технологияларды неғұрлым кеңінен енгізу және сұраныстың ұлғаюы есебінен өсуді жалғастыратын болады. Дамушы нарықтарда сақтандырудың төмен енуі сақтандыру қорғауына сұранысты ынталандыратын болады, ол кезде есейген нарықтарда қартаю демографиясы зейнеткерлікке шыққаннан кейін сақтандыру өнімдеріне сұранысты тудырады.

Дереккөзі: https://forinsurer.com/news/20/12/24/38948

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әйелдер аудиториясының сақтандыру артықшылықтары қандай?
Әйелдер аудиториясының сақтандыру артықшылықтары қандай?

Әйелдер қандай тәуекелдерге қандай тәуекелде...

Никас Сафронов кесілген саусағы үшін 9 млн. алды
Никас Сафронов кесілген саусағы үшін 9 млн. алды

Суретші Никас Сафронов қаңтар айында екі рет ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру