bs-preloader__icon
ru kz en

Серик Тимиргалеев: «Вьетнам мемлекеті экономиканың кез келген инвестицияларына үлкен қолдау көрсетеді»

СерикТимиргалеев – қазақстандық сақтандыру нарығында аса танымал тұлға, ол республиканың өмірді сақтандыруының дамуының бастамасында тұрған, елдің алғашқы life-компаниясының жетекшілерінің бірі болды. Серик Сапарбековичтің танымпаздығы оны Оңтүстік-Шығыс Азияның экзотикалық елі – Вьетнамға алып келді де ол осында қалуды шешті. Біздің сұқбатымызда ол Вьетнамның сақтандыру нарығының бірегейлігін айтты. Кедейлік деңгейі жоғары ел жылдан жылға, өмірді сақтандыру нарығына шетелдік инвесторларды көптеп тартумен, өмірді сақтандыру көлемдерін арттыруда. Қазірдің өзінде елдің сақтандыру нарығында шетелдік компаниялардың қатысуы шамамен 100% жетеді. Кедейліктің жоғарғы деңгейіне қарамастан, вьетнамдылықтар тұрғылықты орнына (қала-ауыл), лауазымына (бай-кедей) және жынысына байланыссыз сақтандыру полистерін белсенді сатып алады.
Серик Тимиргалеев: «Вьетнам мемлекеті экономиканың кез келген инвестицияларына үлкен қолдау көрсетеді»

- Серик Сапарбекович, сіздің сақтандыру қызметіңіз Қазақстанда да жақсы қалыптасуда еді, неліктен басқа елге көшуді жөн көрдіңіз? Және де неліктен Вьетнамға?

- Мен сақтандыру саласындағы  сарапшы ретінде Вьетнамның қаржылық институттарының бірінің дамытылуына қатысуға шақырту алдым. Мені қызықтыруының себебі, басқа адамдарға өз білімдеріңді беру мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ бұл жаңа нәрселерді үйрену мүмкіндігі болды, ал оқып-үйрену маған қашанда қызық болатын.

- Вьетнамның өмірді сақтандыру нарығындағы қазіргі жағдай қалай? Өмірді сақтандырудың орташа полисы қанша тұрады?

- Вьетнамның өмірді сақтандыру нарығы жеткілікті қарқынды ырғақпен дамуын жалғастыруда. Егер де жаңадан бекітілген өмірді сақтандыру келісімшарттары бойынша сыйақылар жайлы айтатын болсақ, онда сатылымдар көлемі орташа 32% өсті. Бұл, Вьетнамның экономикалық өсуін жалғастыруын және тікелей шет елдік инвестициялардың айтарлықтай үлкен қатарларын тартатындығын ескерсек, дамудағы экономика үшін де жеткілікті жоғары нәтиже. Орташа сыйақының көлемі өмірді сақтандырудың жеке полисы бойынша 5-тен 15 млн.донгтар шамаларында ауытқиды – бұл шамамен 400-700 АҚШ доллары. Әртүрлі компанияларда сақтандыру полисының көлемі компанияның іргеленуіне, ол дистрибуция үшін қолданатын арналар түрлеріне байланысты, жекелей алғанда, банкілік сақтандыруда сақтандыру полисының көлемі агенттер арқылы таратылатын дәстүрлі сақтандырумен салыстырғанда жоғары. Дәл осыны ауылды мекенмен салыстырғанда сақтандыру құны қымбаттау, дамыған экономикалы қалалар жайлы айтуға болады.

- Қандай бағдарламалар кеңінен тұтынылады?

- Өмірді жинақтамалық сақтандыру. Елде кеңінен таралуынып келе жатқаны өмірді әмбебап сақтандыру, ол өмірді жинақтамалық сақтандырудан өзіндегі біруақыттылы салымдар салу – негізгі сыйақыға қосымша төлемдер болуымен ерекшеленеді. Инвестиция құнына байланған unit-linked тәрізді өнімдер кеңінен таралым алмады, себебі тұрғындар көпшіліктері өз қаржыларын жоғалтқан дағдарыстан кейін қор нарығына жеткілікті сенім арта алмайды. Айта кететіні, вьетнамдықтардың көпшіліктері консервативті инвесторлар, олар сенімді жинақтау құралдарын таңдағанды жөн көреді.

2011-ден 2015 жылдар аралығында Вьетнам өмір және денсаулықты сақтандыру бойынша 700 трлн.вьетнамдық донг (10 трлн. теңгеден артық немесе 30 млрд.доллардан артық) жинақтап жедел орташа жылдық өсу бойынша үшінші орынды иемденді. Бұл секіру ненің есебінен болды?

Жалпыға белгілісі, өмірді сақтандыру сатып алынбайтын, сатылатын өнім болып келеді, яғни, нарықтың үлкен өсімін қамтамасыз ету үшін дистрибьюторлық желіні арттыру қажет, агенттердің, табу арналарының және сақтандыру компанияларының жеткілікті қатарлары болуы қажет. Және де, менің пайымдауымша, өсудің себебі халықаралық сақтандырушылардың Вьетнамды аса болашағы жарқын деп қабылдаулары, және қысқа уақыт аралығында шетелдік қатысулармен 17 сақтандыру компаниялары ашылды. Бұл компаниялардың ашылуы Вьетнамда өмірді сақтандыру индустриясында қосымша инвестицияларға және агенттік қызмет түрінің танымалдылығының өсуіне алып келді. Сақтандыру ұйымдарының вьетнамдық асоциациясының кадастріндегі тіркелген агенттердің жалпы саны бүгінгі күнде 300 мың адамнан артық. Агенттердің көпшілігі бүгінде жұмыс атқармауы мүмкін, тіпті олардың 20-30 пайыздары әлі де өз қызметтерін атқаруда деп алатын болсақ, бұның өзі жеткілікті әскер, және де ол өсуін жалғастыруда. 3 жылда бұл кадастрдегі агенттердің жалпы саны 2 еседен аса өсті. Вьетнамдықтардың өздері, менің түсінгенімше, діні және психологиясы бойынша несие алғаннан гөрі, қаржыларын жинақтауға бейім, яғни мұнда ұлттық ерекшеліктерді де ескеру қажет. 

- Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде мемлекет үлкен қолдау көрсетеді, негізінен, өмірді сақтандыру ҚСС төлеуден босатылған. Сіздің ойыңызша, мемлекеттің өмірді сақтандырудың дамуына қызығушылығы неге негізделген, сәйкесінше, елдің әлеументтік сұрақтарын шешу немесе шет елдік инвесторларды тартуға ма?

- Вьетнамда мемлекет экономикаға салынатын кез келген инвестицияларға үлкен қолдау көрсетеді. Егер де елдің тарихи дамуын қарайтын болсақ, түсінетініміз, мемлекет бай емес, елге инвестициялар тартуға, тұрғындардың еңбек етулерін өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған бұл саясат, әрине, өз жемістерін алып келді.

Вьетнам – тұрғындардың жағдайлары өсудегі, қарқынды қадамдармен дамудағы елдердің бірі, ал бұл жердің тұрғындары – 92 млн. адам. Мұнда еңбекпен қамтамасыз етілуді, экономика тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ елдің экономикалық айналымына қаржы тарту қажет. Ал егер де мемлекетпен қамтамасыз етілінетін әлеуметтік қорғаныс жайлы айтатын болсақ, - бұл әртүрлі зейнетақылық төлемдер және медициналық сақтандыру, басқа да әлеументтік қауіптерден сақтандыру, - онда бұл жерде ол жеткілікті дамымаған. Мысалы, зейнетақы тек мемлекеттік қызмет атқарғандарға ғана және де өте мардымсыз өлшемдерде төленеді. Бұл, сәйкесінше, адамдардың өз болашақтарын өздері ойлаулары қажет екендігін және артық қаржыларды зейнетақыға және басқа мақсаттарға жинақтау қажет екедігін түсінулеріне алып келеді.

Мемлекет үшін тағы да бір маңызды фактор, өмірді сақтандыру саласының қаржысы ұзақмерзімдік болып келетіндігі, яғни ұзақмерзімді жобаларды дамыту үшін жеткілікті ыңғайлы. Экономикалық дамудың ағымдық сатысында 2-3 жылда орындалынатын жобалар қалмады, 7 және одан да артық жалдарда орындалынатын жобаларды инвестирлеу қажет, ал банкілер бұл ұзақ мерзімге кәсіпорынды несиелендіруге құштар емес. Және де, тәжірибе көрсеткендей, экономикалық дағдарыстар уақытында адамдар қаржы құралдарын банкілерден қайтарып алады, бұл банкіні қаржылық тұрақсыздыққа алып келеді. Ал тұрғындардың өмірді сақтандыру бойынша компаниядан жиынтықтарын ондай көлемдерде қайтарулары болмайды, болған жағдайда да, одан ТЖК зардап шекпейді. Өмірді сақтандыру келісімшарттары бойынша сатып алу соммалары сақтандыру мерзімінің басында құйылған сақтандыру салмасының соммасынан азырақ, бұл фактор адамдардың ТЖК-дан қаржыларын «жедел қайтаруларынан» тежейді.

- Мемлекет сақтандыру компанияларымен диалогқа түседі ме? Осыған деген қажеттілік болады ма? Қандай жедел мәселелер соңғы уақыттарда талқыланды?

- Вьетнамдық реттеуші тұрақты түрде вьетнамдық сақтандырушылар Ассоциациясымен де, сондай-ақ тікелей сақтандыру компанияларымен де кездесіп тұрады. Вьетнамдық сақтандыру компаниялары мультиұлттық компаниялар екендігін ескеретін болсақ, реттеуші сақтандырушылармен араласа отырып Вьетнамдағы нарықтың ағымдағы жағдайы жайлы кері байланыспен қатар, көрші нарықтардағы, яғни Малайзия, Индонезия, Таиланд және Өңтүстік-шығыс Азияның басқа да елдеріндегі, ұқсас мәселелер шешімі бойынша талдамалық ақпараттарды алады.

- Бүгінде Вьетнамда Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Япония, Ресейдің ірі life-компаниялары бар. Жергілікті сақтандыру компанияларының қаншасы лайф-секторда қызметтерін жүзеге асырады? Олар қалай MetLife, Generali,  Manulife, Prudential текті ірі ойыншылармен бәсекелестікті өткере білуде? Бәлкім, шет елдік инвесторлар үшін қызметтерін жүзеге асырудың жеке шарттары бар ма?

- Өмірді сақтандыру бойынша 18 атқарушы компаниялардың 17-сі вьетнамдық банкілер және шет елдік сақтандырушылармен бірлестікте ұйымдастырылған кәсіпорындар түрінде, не болмаса толықтай шет елдік компаниялар еншілестерімен бақыланылады. Бұл вьетнамдық және шет елдік компаниялар арасындағы бәсекелестік емес, бұл халықаралық сақтандыру компанияларының бәсекелестігі. Еске сала кететін жағдай, бүгінгі күнде сыйақы жинау бойынша бірінші орында бұрынғы вьетнамдық «госстрахом» - бұл BaoViet компаниясы. Ол ұлттық сақтандырушы, себебі акциялардың бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, алайда ол біртіндеп құпияландырылуда, және де акциялардың бір бөлігі, менің білуімше, жапондық инвесторларға тиесілі.   

- Вьетнамда әлі күнге дейін кедейліктің айтарлықтай деңгейі сақталынуда, осымен қатар табыстағы теңсіздіктің жоғары деңгейі де бақыланады. Өмірді сақтандыру өнімдерінің негізгі тұтынушысы кім?

- Кедейліктің жоғарғы деңгейі, сөзсіз, әлі де сақталынған, әсіресе ауылды мекендерде. Алайда өмірді сақтандыруды кедейлер де, байларда сатып алады, олар негізінен балаларының білім алулары үшін қаржы жинақауға талпынатын ата-аналар, немесе зейнетақыға не болмаса болашақтағы қандай да бір үлкен оқиғаға қаржыларын шегеретін адамдар. Өмірді сақтандыру коммерциялық банкілердің бөлімшелері көп емес ауылдық мекендерде кеңінен таралым алды, және негізінен сыйақылар бұрынғыша қолма-қол сақтандыру агенттері арқылы жиналынады.

- Вьетнамдағы зейнеткерлік сақтандырудың әрекет ету қағидалары жайлы айтып беріңізші?

- Зейнеткерлік сақтандыру мұнда өзінің қызметкерлері үшін жиынтық сақтандыруларды сатып алатын ірі корпорациялармен қолданылады, бұл, әдетте, шет елдік мүшелері бар компаниялар, не болмаса мұнай-газ секторының ұлттық компаниялары.

- Ер тұрғындар арасындағы жарымжандылықтың жоғарғы пайызы, әйел адамдардың зейнеткерлікке ерте шығуы, ер адамдар арасындағы орташа өмірұзақтылығының жоғары болмауы. Осы факторлар зейнеткерлік бойынша төлемдер есебінде ескеріледі ме? Вьетнамда орташа зейнетақы қанша (ерлерге, әйелдерге)?

- Жарымжандылықтың жоғары деңгейі жарақаттанудың жоғарғы деңгейімен, жол-көлік апаттарымен, еңбекті қорғау жеткіліксіздігімен байланысты болуы керек, ал жалпы алғанда вьетнамдықтардың өмір салттары салауатты. Вьетнамда өміірдің орташа ұзақтылығы Қазақстанмен салыстырғанда жоғары. Бұрындары айтылғандай, зейнетақы тек мемлекеттік қызметкерге төленеді, және де ол мардымсыз ғана. 

- Қандай сату арналары бар? Қайсылары аса тиімді?

- Аса дамығандары агенттік сатулар, одан кейін банкілік сақтандыру. Вьетнамда сатулардың бұл арнасы қазақстандықтан ерекшеленіледі, себебі көбінесе банк бөлімшелері арқылы жүзеге асырылатын ерікті жиынтықты сақтандыру түрінде қарастырылады.

- Бір сатушы агенттің тиімділігі қандай? Оларға арналған қандай да бір нормативтер бар ма?

- әрине, сақтандыру компаниясы, агенттілік немесе банк болсын, әр ұйым сақтандыру агенттерінің қызметтерін бағалаумен байланысты өздерінің ішкі нормативтерін қолданады. Әдетте, агенттің белсенділігі бағалаланылады – есеп мерзіміндегі сатулар көлемі, агенттің тренингтерге қатысуы, өтілім мерзімі бір жылдан артық агенттер үшін persistency – тұтынушыларды ұстап қалу деңгейі, екінші жыл келісімшарттарын пролонгирлеу деңгейі.

- Агентті оқыту қалай өтеді? Агент болу үшін не қажет?

- Әдетте, сақтандыру компаниялары агенттерді өздері шақырады, жарнама, хабарландырулар, басқа агенттер арқылы шақыртулар береді. Құжаттарды, сотталу жоқтығын растайтын ақпараттарды ұсыну, тренингтердің ең аз базалық деңгейін өту және тест тапсыру қажет. Агенттерді оқыту бірнеше күнде орындалады, бұл уақыттың жартысы сақтандыру заңнамаларын, сақтандыру келісімі мүшелерінің құқылары және міндеттемелерін түсіндіруге жұмсалынады. Екінші жартысы нақты сақтандыру өнімдеріне, олардың ерекшеліктеріне, тарифтер есебіне, сақтандыру қорғанысын түсіндіруге, бланкілерді толтыру тәртібіне, әлеуетті тұтынушыға сақтандыру полисын қалай ұсыну, оның артықшылықтарын қалай жеткізуге арналады. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру