Ерікті жеке сақтандыру секторында жазатайым оқиғалардан сақтандыру сегменті екі жыл қатарынан өсіп келеді: жинақталған сыйлықақыларының мөлшері де, сақтандыру төлемдері де ұлғайып келеді.
2018 жылғы қаңтар-наурыз айларында жинақталған сыйлықақылардың мөлшері 2,8 млрд тг құрады, ал бұл 2017 жылғы осы кезеңдегі сыйлықақылардан 20,4% пайызға артық. Ерікті жеке сақтандыру сегментінде сыйлықақылардың барлық мөлшерінен олардың үлесі 9% пайыздан 9,4% пайызға дейін, сақтандыру сыйлықақылары бойынша барлық түсімдерден жалпы - 2,2%-дан 2,6%-ға дейін өсті. .
Жазатайым оқиғалардан сақтандырылған қазақстандықтарға төлемдердің мөлшері бір жылдың ішінде бірден 56,6%-ға дейін, 2018 жылғы қаңтар-наурыз айлары үшін 205 млн теңгеге дейін өсті. Ерікті жеке сақтандыру саласындағы сақтандыру төлемдердің үлесі 1,5%-дан 2,5%-ға дейін, барлық сақтандыру төлемдерден – 0,5%-дан 1%-ға дейін өсті.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында ерікті жеке сақтандыру бойынша сыйлықақылар 29 сақтандыру компаниясы жинады. Түсімдердің мөлшері бойынша бірінші орынға Халык-Life» шықты - 1 млрд тг, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 43,4%-ға артық.
Екінші орында «Евразия» – 751,6 млн тг, бұл былтырғы жылдың нәтижесінен 2,1 есе артық.
Көшбасшылар үштігінің соңында «Қазахмыс» болды - 332,4 млн тг, бұл 2017 жылғы осындай кезеңі үшін 0,5%-ға артық.
2018 жылғы қаңтар-наурыз айлары үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшері бойынша бірінші орынға «Номад Life» - 80,2 млн тг шықты, оның артынша «Халык-Life» - 45,7 млн тг, үшінші орынға «Евразия» - 24,2 млн тг ие болды.
Сонымен қатар жазатайым оқиғалардың, уланып қалу және жарақаттану салдарынан қайтыс болғандардың саны Қазақстанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 127 мың адамды құраса, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 7%-ға кем. Өлімнің негізгі себептері арасында жазатайым оқиғалардың үлесі бір жылдың ішінде 10,3%-дан 9,7%-ға дейін азайды.
Фотосурет aktivfinans.su сайтынан алынды.