bs-preloader__icon
ru kz en

Асқар Шәкенов: «Әлемде ӨСК – ең тұрақты қаржы институттарының бірі болып табылады»

Егер адамдар автокөлікті сақтандыру жайлы хабардар болса, онда өмірді сақтандыру жайында қазақстандықтар мүлдем ештеңе білмейді. Бұл сақтандыру түрінде қандай ерекшеліктер бар екен, біздің азаматтарымызға қандай өнімдер пайдалы болуы мүмкін туралы «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Шәкенов Lifeinsurance.kz-ке берген сұхбатында айтып берді.
Асқар Шәкенов: «Әлемде ӨСК – ең тұрақты қаржы институттарының бірі болып табылады»

- Қазіргі таңда Қазақстанда 32 сақтандыру компаниясы қызмет етеді, оның ішінде 7-уі өмірді сақтандырумен айналысуда. Қазақстанда алғашқы компания өмірді сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны 1999 жылы алған, ол «БТА Банкі» Өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы» АҚ «БТА Өмір» болды.

Өмірді сақтандыру екі негізгі түрге бөлінеді – сақтандыру және инвестициялық. Бірінші жағдайда компания клиенттерден сақтандыру тәуекелдерді қабылдайды және сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, сақтандыру сомасын төлейді. Екінші жағдайда өмірді сақтандыру компаниясы (ӨСК – Ред.) клиенттердің ақшасын инвестициялайды және тиімді басқару арқылы олардың капиталын көбейтеді. Бұл орайда клиенттер үшін де, сондай-ақ өзінің капитализациясы үшін де минималды тәуекелдермен максималды пайда алу мақсаты қойылады.

ӨСК инвестициялық қызметінің арқасында пайданың 80% пайызы қамтамасыз етілетіндігін атап кету жөн. Бұл пайда клиенттер арасында үлестіріледі.

Өмірді сақтандыру – бұл ұзақ мерзімді перспективада пайда алу, сонымен қатар бағамның ауытқуынан қорғалған қаражатты сақтау мақсатындағы инвестициялар. Бұның барлығы да өмірді жинақтаушы сақтандырудың белгілері болып табылады.

Сонымен қатар аннуитеттік өнімдер де бар – олар зейнеткерлік аннуитет және өндірісте жазатайым оқиға нәтижесіндегі аннуитет.

Барлық адамдар қартайған шағында зейнеткерлік аннуитетке салынған міндетті индексация (жылына 5%) есебінен қамтамасыз етілетін лайықты зейнетақыға қол жеткізгісі келеді. Сондықтан әрбір 13-14 жыл сайын төлемдердің мөлшері екі есе ұлғаяды.

Сондай-ақ зейнетақы қорынан төленетін төлемдер 6-7 жылдан кейін аяқталуы мүмкін, ал зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер өмір бойғы мерзімге кепілдендіріледі. Осылайшы, ұзақ өмір сүруді жоспарлғана зейнеткерлер үшін өз қорланымын зейнетақы аннуитетті сатып алу үшін пайдалану тиімдірек болады.

          - Ұлттық Банкінің соңғы мәліметтеріне сәйкес  активтердің мөлшері бойынша ең мықты сақтандыру компанияларының бестігіне өмірді сақтандыру жөніндегі үш компания кіреді. Ал жеті лайф-компания активтерінің үлесіреспубликаның барлық сақтандыру компанияларының жиынтық активтерінің  27% пайызын құрайды. Бұл немен байланысты болды? ӨСК көрсеткіштері бес жыл бұрын бірнеше есе төмен болған еді ғой...

- Қайталаймын, бұл ӨСК қызметінің ерекшелігіне – қаражатты ұзақ мерзімді жинақтаумен байланысты. Дамыған елдерде өмірді сақтандыру компаниялары экономиканың институционалдық жобалардың негізгі инвесторлары, қаражаттың маңызды ішкі дереккөзі (сақтандырушылардың инвестициялық портфельінің үлесі еуропалық елдердің ЖІӨ-нің 42% құрайды) болып табылады.

Бұл жағдайда Қазақстан халық табысының ағымдағы деңгейінде ағымдағы алымдардан 8 есе асатын, жылына 200 млрд теңгеге дейін өмірді сақтандыру бойынша алымдарына қол жеткізуі мүмкін.

           - Өмірді сақтандыру компаниялары халықтың қаржылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету тұрғысынан банктермен бәсекелесе алады ма?

- Қаражатты сақтауының жоғары дәрежесімен қаражатты ұзақ мерзімді жинақтау жағынан ӨСК-ның банктер алдында бір қатар артықшылығы бар. Бірінші кезекте олар клиенттердің қаражатын жеке және заңды тұлғаларға несие беру үшін қолданбайды, яғни оларды жоғар ынесиелік тәуекелге ұшыратпайды. Бұл Қазақстан банкілері несиелендіру кезіндегі артық агрессиялылық кесірінен орын алған жәйт.

- Өз клиенттерінің табысын ұлғайту үшін компанияларда қандай мүмкіндіктер бар?

- Бұл ең алдымен, активтер мен пассивтерді сауатты басқара алу, талдау және уақытылы инвестициялық шешімді қабылдау, клиенттің артықшылықтарына сәйкес жоғары табысты құралдар және сенімді мемлекеттік қағаздар арасындағы қажетті теңгерімді ұстап тұру.

             - Әдетте бәріне тез арада қол жеткізгенімізді қалаймыз. Адамдар ұзақ мерзімді құралдарға қаражатты салуға әлі дайын емес, деп ойламайсыз ба?

- Халықтың инвестициялық тәбеті өзгеруде, қаржылық дағдарыс та өз түзетулерін енгізеді, үлкен құбылмалылық кезеңінде бірінші қатарға сақтаушылық, яғни сенімділік шығады.

              - Біз өмірді сақтандыру компанияларының сайттарын талдап шықтық, ӨСК-ның дерлік барлығында стандартты сақтандыру портфельі бар екен. Бұл ҚЖОМС Заңы шеңберінде сақтандыру, зейнетақы аннуитет, өмірді мерзімді сақтандыру және классикалық өнім – өмірді жинақтау сақтандыру. Бұл сала бір орында қалып қалған жоқ па? Халықты «жаңартылған» өнімдермен белсендіру қажет шығар.

- Өмірді сақтандыру түрлері стандартты болғанымен, осы түрлер аясында көптеген өнімді шығаруға болады. Мысалы, бірлескен зейнетақы аннуитеті (қазіргі кезде заңнама базасы жоқ), бұл ерлі-зайыптылар өзінің зейнетақы қорланымдарын біріктіріп, кем дегенде олардың бірі тірі болғанша сақтандыру төлемдерді ала алатын сақтандыру түрі.

Қазақстанда жаңа бағыт ретінде “Unit-linked” өмірді инвестициялық сақтандыру қарастырылуда.  Бұл жоба халықаралық қаржы құралдарына уақыт пен ақшаның минималды шығындарымен халықаралық қаржы құралдарына инвестициялауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда осы өнімді дұрыс дамуы үшін нормативтік-заңнамалық база дайындалуда. Бұл ретте өнімдердің бұл түрі өмірді сақтандырудың бүкіл нарығының алымдарының орташа есеппен 60% пайызды құрап, әлемде кең таралған өнімдердің бірі болып табылады. Бұл жағдайда клиент қандай инвестициялық құралдарға немесе олардың тіркесіміне өз қаражатын инвестициялағысы келетіндігін өзі анықтайды.

Сақтандырудың осы түрінің артықшылығы – оның толық ашықтығы. Клиент шарт жасасқан кезде комиссиялардың мөлшерін, инвестициялық табысты алу және үлестіру жайлы біліп отырады, өз активтері құнының өзгеруі тарихына тұрақты түрде толықтай қол жеткізе алады.

           - Олай болса, біздің нарығымыз заңнама тұрғысынан қаншалықты дайын? Мемлекет тарапынан қолдау бар ма? Саланы дамыту үшін қандай шаралар қолданылуда?

- ҚР Ұлттық Банкі соңғы кезде өмірді сақтандыру саласын дамытуға бағытталған белсенді жұмысты атқаруда. Салық салу екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ – Ред.) депозиттеріне сәйкес келтірілді – екі екі есе салық салу жағдайды тудыратын тетік те өзгертілді. Тұрақты негізде саланы есепке алу және пруденциалды реттеу сапасы көтеріледі, сақтандыру төлемдерді кепілдендіру тетігі әзірленуде.

Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде елдер белгілі бір бағыттарды субсидиялау саясатын жиі өткізеді. Мысалы, Қазақстанда бірнеше жыл бұрын ЕДБ арқылы іске қосылған, бірақ бизнестің ерекшелігіне дұрыс емес тәсілдемені қолдану салдарынан дамуы өз жалғасын таппаған Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі. «Білімге қор жинау» әлемдік тәжірибеде – бұл өмірді жинақтау сақтандырудың классикалық өнімі болып табылады, өйткені әр түрлі тәуекелдердің (өмірдегі оқиғалар) орнын толтыру түрінде жинақтау кепілімен тұрақты салымдары арқасында ұзақ мерзімді өнім.

            - Клиенттер өмірді сақтандыру компаниясының болуы мүмкін банкроттылығы туралы сұрақ қойғанда Сіз оларға қандай кепілдер бере аласыз?

- Қазақстанда ӨСК сенімділік дәрежесі өте жоғары деңгейде. Бұрын осындай компаниялардың барлық банкроттылығы/бірігуі/қосылуы еліміздің тарихында тек ӨСК енген банктік/қаржы тобының тұрақсыздығы нәтижесінде орын алған.

Қазақстанның Ұлттық Банкі тұрақты негізде, он күн сайын өмірді сақтандыру компанияларына қадағалауды және реттеуді жүзеге асырады. ӨСК мынадай пруденциалдық нормативтерді орындауы тиіс: төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі, жарғылық капиталдың минималды мөлшері, сонымен қатар активтердің әртараптандыру нормативі.

Жалпы ӨСК әлемдік тәжірибесінде зейнетақы қорларымен бірге ең тұрақты қаржы институттары болып табылады. Өйткені олар жұмыстың ұзақ мерзімді кезеңіне негізделген ойластырылған қызметті жүзеге асырады. Осы себеппен олар бар тәуекелдерді талдау және өз дамуының болжамын жасау кезінде сақтанымпаз тәсілдемені ұстанады.

Сонымен қатар бүгінгі таңда сақтандыру төлемдерін кепілдендіру тетігі Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорының институты арқылы қарастырылатындығын атап кету жөн.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру