bs-preloader__icon
ru kz en

Асқар Шәкенов: «Зейнет аннуитеті бойынша төлемақылар өмірлік мерзімге төленетіндігіне кепілдік беріледі»

«Номад Life»ӨСК»АҚ сақтандыру мәселелері жөніндегі басқарушы директор Шәкенов Асқар зейнет аннуитеті туралы сұрақтарға жауап берді.
Асқар Шәкенов: «Зейнет аннуитеті бойынша төлемақылар өмірлік мерзімге төленетіндігіне кепілдік беріледі»

- Зейнет аннуитеті дегеніміз не және БЖЗҚ төлемақысынан айырмашылығы қандай?

- Ол зейнетақының түрі. Айырмашылығы – оны ер адамдарға 55 жасында, ал, әйелдерге 50 жасында алуға болады. Келісімшарт жасағаннан кейін жинағаныңызды БЖЗҚ-нан өмірді сақтандыру компаниясына ауыстырасыз. Содан кейін ол сізге ақшаңызды төлейді. 55 жастағы ер адамның зейнетақы қорының шотында 9,1 млн.теңгеден кем болмау керек (55 жастан асқан кезде  - қажетті сома азаяды) және 50 жастағы әйелдің шотында 12,6 млн.теңге (50 жастан асқан кезде  - қажетті сома азаяды) болу керек. Нақты соманы жинаған адам компаниямызбен келісімшарт жасай алады және белгілі бір уақыт аралығынан кейін айына бір рет өмірінің аяғына дейін төлемақы ала алады.
 

-Неге зейнет аннуитетін алу тиімді болып саналады? Басты артықшылықтарын атаңызшы.

- Бірнеше себептермен. Біріншіден, қартайған шағымызда лайықты зейнетақы алғымыз келеді. Ол зейнет аннуитетіне салынған міндетті индекстеу арқылы жүзеге асады. Бізде ол жылына  5%, яғни әр 13 жыл сайын төлемақылар екі есе өседі. Мысалы, аннуитет келісімшарты бойынша сіз ай сайын 28 мың теңге аласыз, онда 13 жылдан кейін 56 мың теңге алатын боласыз.  Екіншіден, зейнетақы қорының төлемақылары 6-7 жылдан кейін бітеді, ал, зейнет аннуитеті бойынша төлемақылар өмірлік мерзімге төленетіндігіне кепілдік беріледі. Осылайша, 7 жылдан аса өмір сүрүді жоспарлайтын зейнеткерлерге зейнет аннуитетін алу әлдеқайда тиімді.
- Инфляция деңгейін ескере отырып, сақтандыру компаниясы зейнет аннуитеті бойынша сақтандыру төлемақыларын жүргізуге кепілдік береді ме? 

- Зейнет аннуитетінің келісімшартын жасағанда өмірді сақтандыру бойынша компаниялар аннуитеттің пайдасына зейнетақыны өмір бойы төлеуге міндеттемелер алады. Өздерінің есептерінде өлім кестесі мен  6 % шамасында (одан көп емес) кепілді табыстылық мөлшерлемесін қолданады. Яғни өздеріне тәуекел алады, адам ұзақ өмір сүретін шығар немесе нарықтық табыстылық мөлшерлемелері азаяды. Бұл жағдайда кепілгер – компанияның капиталы. Ол ҚР Ұлттық Банкінің бақылауымен және реттеуімен пруденциалдық нормативтерді сақтайды. Табыстылық мөлшерлемесі сияқты инфляцияның да төмендеу үрдісі бар. Ол кезде ӨСК  табыстылық мөлшерлемесіне және төлемақыларды индекстеуге кепілдік береді.
 

- Зейнет аннуитеті бойынша сақтандыру сыйақылары қайда инвестицияланады?

- Барлық сақтандыру компаниялары қаражатты тізбеге жататын және Ұлттық Банкпен белгіленген рейтинг пен әртараптандыру бойынша талаптарға сәйкес келетін құралдарға инвестициялайды. Басты инвестициялық құралдар – депозиттер, облигациялар, акциялар, қаржы құралдары, бағалы металдар және т.б. Алайда инвестициялық қызметтің нәтижелері аннуитенттерге қатысы жоқ, себебі кепілді табыстылық мөлшерлеме зейнет аннуитетінің келісімшартын жасаған кезде салынады.
- Зейнет аннуитеті аясында жиналған ақша мұрагерлікпен беріледі ме? Ол қалай беріледі?

- Зейнет аннуитетінің келісімшартын жасаған кезде кепілді мерзім бойынша шарт қарастырылған болса, онда аннуитент қайтыс болған жағдайда, төлемақыны алу мұрагерлердің пайдасына шешіледі.  Олар төлемақыны келісімшартта көрсетілген тәртіппен алады, мысалы, 10-20 жыл. Кепілді мерзім шарт ретінде таңдалса, онда сақтандыру тарифі өседі, ал, төлемақы азаяды. Сақтандыру компаниясы ақшаңызды көбейтіп, оларды басқарады. БЖЗҚ-нан айырмашылығы  - сақтандыру компаниясының жағдайына қарамастан төлемақы сомасы ай сайын өсіп отырады.
- Нақты мысал келтіріңізші: жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы, салымшының жасы, зейнет аннуитеті бойынша жобалы төлемақылар.

- Мысалы: 56 жастағы ер адам, зейнетақы қаражаты  - 15 000 000 теңге, кепілді мерзім = 10 жыл, ай сайынғы өмірлік төлемақы  = 52 654  теңге, төлеуге  (ЖТС кейін) =   47 465 теңге.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Үнді реттеушісі пандемия қаупі пулын құруды қарастыруда
Үнді реттеушісі пандемия қаупі пулын құруды қарастыруда

Үндістанның сақтандыру секторын реттеуші, Сақ...

Қазақстанға қандай мамандар қажет
Қазақстанға қандай мамандар қажет

Энергетика министрлігінде LS агенттігіне сала...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру