Әр түрлі елдерде адамдар әр түрлі қаржы құралдарын пайдалануда. Мысалы, орташа статистикалық еуропалық адам ақшасын сақтау үшін оны депозиттерге салады. Депозиттерден пайда табуға болмайды, ал кейбір елдерде депозиттердің тіпті «минустық» пайыздық мөлшерлемесі бар. Жеке қорларда және сақтандыру компанияларында ол ақшаны болашаққа жинап, өзінің қазіргі жағдайын күтпеген жағдайлардан қорғауды жөн көреді. Ал бағалы қағаздар оған пайда көруге көмектеседі. Шын мәнісінде оның қаржы құралдары өте көп. Әдеттегідей, ол солардың көбісін пайдаланады.
Орташа статистикалық қазақстандықта болса қолыңда қаржы құралдары да аз емес, бірақ ол тек бірнешеуін: депозитті, несиені және міндетті сақтандыруды ғана пайдаланады. Бұл жаман емес, жақсы да емес. Біздің қаржы мәдениетіміз солай қалыптасып қалған.
Алайда мен, егер адам қаржы жағынан тәуелсіз болуын қаласа, ол басқа да құралдарға назар аударғаны жөн деп есептеймін. Және өзінің қаржылық тәуелсіздігін құруды негізін қалаушы қаржы құралы болып табылатын өмірді сақтандырудан бастау қажет.
Қаржылық міндеттер мен мақсаттар
Біздің әрқайсысымызда өзіміздің қаржылық міндеттер мен мақсаттарымыз бар. Көбінесе олар бірдей болып келеді – қамтамасыз етілген қарттық, баспана, білім (өзінің және балаларының), қауіпсіздік, денсаулық және армандар. Әрбір міндет үшін өзіндік қаржы құралдары бар. Бірақ осы мақсаттардың көбісіне жарайтын бір құрал бар – өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС).
Бұл құралға депозиттің және өмірді сақтандырудың талаптары жатады. Бір жағынан сіз жарналарды төлеп, банктегідей ақшаңызды жинайсыз. Кінші жағынан бірінші жарнадан кейін сіздің өміріңіз күтпеген жағдайлардан, жазатайым оқиғалардан және күрделі аурулардан сақтандырылады.
ӨЖС кепілдікпен ақшасын жинақтап, өз өмірін күтпеген шығындардан қорғағысы келген барлық адамдарға жарайды. Бұл жағдайда ақшаны ұзақ мерзім жинау керектігіне дайын болу керек, өйткені тек «ұзақ аралықта» ғана өнім тиімді болады. Жинақтаудың ең тиімді мерзімі – 5-10 жыл. Бұл ретте әрбір ай (тоқсан немесе жыл) сайын жарналарды төлеу қажет. Клиенттердің көбісі осы жағдай қуантады. Өйткені ол сіз ақшаны жинақтап, оларды қызбалықпен сатып алу үшін шоттан шешіп алмайтыныңызға кепілдік береді.
Сақтандыру компаниясы сақтандыру сомасын (жинақтаудың сомасы) инвестициялық кірісті ескере отырып, есептейді. Бұл инфляцияны өтеуге және жинақтарды көбейтуге мүмкіндік береді.
ӨЖС қаржылық міндеттерді қалай шешеді
ӨЖС қаржылық міндеттерді қалай шешетініне байланысты бірнеше кең таралған мысалдарды қарастырайық.
Не үшін жинау |
Жинақтаудың ерекшеліктері |
Қорғау |
Қамтамасыз етілген қарттыққа жинау |
Сіз алдыңызға қаржылық мақсатты қойып, оған қол жеткізуге тиіс мерзімді де анықтадыңыз.
Сақтандыру компаниясы осы мақсатқа жинақтаудың қолайлы кестесін құрастырады.
Жинақтаудың бүкіл мерзімінде сіз жарнаны – айына, тоқсанда немесе жылына бір рет төлеуіңіз керек. |
Жинақтаудың бүкіл мерзімінде сіздің өміріңіз күтпеген жағдайлардан, жазатайым оқиғалардан және күрделі аурулардан қорғалады.
Егер жинақтаудың мерзімі ішінде келеңсіз жағдай орын алатын болса, сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырады. Клиент қайтыс болған жағдайда, сақтандыру компаниясы оның мұрагерлеріне бүкіл шарттық соманы төлеп береді. Тіпті клиент жарнаның тек бір бөлігін ғана төлесе. Егер шарттың әрекет ету мерзімі ішінде ешқандай жағдай орын алмаса, сақтандыру компаниясы сақтандыру сомасын толық мөлшерде төлейтін болады. |
Баспанаға жинау |
||
Баланың 18 жасына дейін оның старт капиталына жинау |
||
Тойға жинау |
||
Басқа үлкен мақсатқа жинау |
||
Баланың жақсы жоғары оқу орнында білім алуына жинау |
Мысалы, балаңыз мектепті 8 жылдан кейін ғана бітіреді. Бұл уақыт ішінде кез келген жағдай орын алуы мүмкін. Біз оны болжамдай алмаймыз, бірақ бір нәрсе анық – білім алу қымбаттайды. Жыл сайын орташа есеппен 10%-ға қымбаттайды.
8 жылдан кейін қаржылық жүктемені төмендету және ақшаны кепілдікпен жинақтау үшін білім беру мақсаттарына арналған ӨЖС бағдарламалары көмектеседі. |
Жинақтаудың бүкіл мерзімінде сіздің өміріңіз сақтандырылатын болады. Бала үшін жарақаттану немесе күрделі ауруға шалдығу жағдайында сақтандыру енгізілуі мүмкін. Егер келеңсіз жағдай орын алса, сақтандыру компаниясы төлемді жүзеге асырады.
Егер 8 жылдың ішінде ата-аналармен сақтандыру жағдайы орын алатын болса (қайтыс болу), компания шарт бойынша білім алу үшін жинақтауға жоспарлаған бүкіл сақтандыру сомасын (тіпті ата-аналар жарналардың бір бөлігін ғана төлеген болса) төлеп береді. 8 жылдың ішінде оқу қымбаттайды, бірақ сіз одан қорғаласыз, өйткені сақтандыру сомалары маңызды инвестициялық кірісті ескере отырып, есептелінеді. |
ӨЖС ерекшеліктері
ӨЖС бағдарламалары теңгемен жинақтауға мүмкіндік береді. бірақ АҚШ долларының бағамы бойынша да индексацияланатын бағдарламалар да бар. Мұндай бағдарламалар тек белгілі бір мақсатқа ақшаны жинауға мүмкіндікті беріп қана қоймай, сіздің жинақтарыңызды құнсыздануынан қорғайды. Бұл қазақстандықтар өзекті мәселе болып табылады.
Бағдарламалар |
Жинақтардың ерекшеліктері |
Қорғау |
Бір жолғы жарнамен |
Сіз бір жолғы жарнаны төлейсіз.
Жинақтаудың мерзімі – 3-10 жыл. Валютадағы табыстылық 3,1%-дан бастап.
Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін сіз жинақтарды теңгемен индексациямен (шартты жасаған сәтіне доллардың бағамына қатысты төлеу күніне доллардың бағамына тең болатын коэффициент қолданылады) аласыз. Егер бұл уақыттың ішінде доллардың бағамы өсетін болса, сіз теңгемен көбірек соманы аласыз. |
Жинақтаудың бүкіл мерзімінде сіздің өміріңіз күтпеген жағдайлардан қорғалады.
Клиент қайтыс болған жағдайда, сақтандыру компаниясы оның мұрагерлеріне сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
Мерзімді жарналар бар шарттарға жазатайым оқиға нәтижесінде жарақаттану, ауруханаға жатқызу немесе еңбекке жарамдылығынан уақытша айырылу кезінде қорғауды, күрделі аурулар мен басқа жағдайлар кезінде сақтандыруды енгізуге болады. |
Бірнеше жарнамен |
Сіз мерзімді жарналарды теңгемен индексациямен төлейсіз.
Жинақтау мерзімі – 5 жылдан бастап. Бұл жерде табыстылық бір жолғы жарнамен бағдарламадан ерекшелінеді.
Егер шарттың әрекет ету мерзімі ішінде доллардың бағамы өсетін болса, жаңа жарналарды сіз кезекті жарнаны төлеу күніне доллардың бағамын ескере отырып төлейсіз.
Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін сіз жинақтарды теңгемен индексациямен аласыз. Егер бұл уақыттың ішінде доллардың бағамы өсетін болса, сіз теңгемен көбірек соманы аласыз. |
Өмірді жинақтаушы сақтандыру – бұл депозиттерге, немесе басқа қаржы құралдарына балама емес екенін түсіну маңызды. Сол сияқты депозит те бағалы қағаздарға салымдардың баламасы емес. Бұлардың барлығы өз міндеттері, ерекшеліктері мен артықшылықтары бар әр түрлі қаржы құралдары болып табылады. егер сіз мол табысқа қол жеткізіп, жинақтарды инфляциядан ақтағыңыз келсе, депозитті ашыңыз. Ал егер өз мақсатыңызға ақша жинап, күтпеген жағдайлардан қорғанғыңыз келсе, өмірді жинақтаушы сақтандыру ең дұрыс шешім.
Өз міндеттері мен мақсаттарыңызды сараптап, ең үздік құралды таңдаңыз.
Фотосурет компанияның баспасөз-қызметімен ұсынылды.