bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетақы аннуитетінің иеленушісі қандай төлемдерге сене алады

Instagram-да Fingramota.kz сайтының парақшасында өмірді сақтандыру мен зейнетақылық сақтандыруға арналған тікелей эфир өтті. Nomad Life компаниясының Сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Курбангалиев сонымен қатар аннуитеттік сақтандырудың ерекшеліктері туралы айтып берді.
Зейнетақы аннуитетінің иеленушісі қандай төлемдерге сене алады

Адам өмірді сақтандыру компаниясын таңдап, онымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде БЖЗҚ жинақтарды ӨСК-нің шотына аударады. Жеткіліктілік шегі сақтандыру компаниясы жыл сайынғы индекстеуді ескеріп, адамға өмір бойылық төлемдерді жүргізу үшін резервті қалыптастыра алатындай есеппен, арнайы актуарлық есептердің негізінде белгіленеді. «Бүгінгі күні ай сайынғы аннуитеттік төлемдердің ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-дан төмен болмауы тиіс. Ақшаның ай сайынғы алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-дан ӨСК-ге қаражатты аударуға ең төменгі мөлшері есептеледі», - деді спикер.

Мысалы, 55 жастағы ер адамда БЖЗҚ-да 15 млн теңге жинақталған делік. Ол ӨСК-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасайды. Бірінші жылы ай сайынғы төлем 53 341 теңгені құрайды. Бір жылдан кейін ол 5%-ға ұлғаяды және 56 008 теңгеге тең болады. Тағы бір жылдан кейін – 58 808 теңге болады. Ал, 20 жылдан кейін ай сайынғы төлем 141 530 теңгеге жетеді және бұл уақытқа дейін төлемдердің жиынтық сомасы 22 млн теңгеден асып түседі.

«Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы аннуитеті иеленушісіне инвестициялау тәуекелдерінен қорғанысқа кепілдік береді. Бұл тәуекелдердің барлығын сақтандырушылар көтереді. Ал адам БЖЗҚ-да қалған кезде, инвестициялау тәуекелдері өзіне жүктеледі», - деп нақтылады Рамай Курбангалиев.

Nomad Life шарттарында кепілдендірілген кезең (кепілдендірілген кезең – клиент тірі ме жоқ па, оған тәуелсіз сол уақыт ішінде төлемдер жүзеге асырылатын уақыт мерзімі) туралы шартты енгізу мүмкіншілігі бар. Және аннуитет иеленушісі қайтыс болған жағдайда төлемдер кепілдендірілген кезең аяқталғанға дейін мұрагерлеріне жіберілетін болады.

«Зейнетақы аннуитеті адамға егде жасқа жеткен кезде үш көзден төлемдерді алу құқығын береді: базалық зейнетақы (1998 ж. дейін өтіл), ӨСК-нің аннуитеттік төлемдері және лайықты демалысқа шығу сәтіне дейін зейнетақы аннуитеті шартын жасағаннан кейін қалыптастырылған БЖЗҚ-дан төлемдер», - деп қорытындылады «Nomad Life» ӨСК» АҚ Сату және өңірлік даму департаментінің директоры.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, БЖЗҚ салымшысы орнына ӨСК-ден өмір бойылық төлемдерге құқықты ала отырып, өзінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру сыйлықақысы түрінде өмірді сақтандыру компаниясына аударады. Отандық заңнамаға сәйкес, зейнетақы аннуитеті шартын оның сатып алу сомасын адам басқа сақтандыру компаниясына онымен шарт жасағаннан кейін берген шартпен ғана бұза алады.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырылмаған зейнеткерлер
Сақтандырылмаған зейнеткерлер

Зейнетақы сақтандыру немесе зейнетақы аннуит...

Ержан Қоңырбаев: «Полистер едәуір икемді болады»
Ержан Қоңырбаев: «Полистер едәуір икемді болады»

Жақында StandardLife компаниясының басқарма төраға...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру