Өмірді сақтандыру айтарлықтай жаңа қаржы құралы емес, бірақ қазақстандықтарға өте таныс құрал болып табылады. Мысалы, Кеңес Одағының өзінде – дамыған әлеуметтік сақтандырудан басқа – өмірді сақтандырудың қолжетімді бағдарламалары болған. Өкінішке орай, Одақтың құлдырауынан кейін және Қазақстан тәуелсіздігінің кейінгі жылдарда сақтандыру айтарлықтай танымал болмады. Бұның себебі – халықтың ақшасының жетіспеушілігі, әлсіз қаржы мәдениеті және жалпы сақтандыру ұйымдарға деген сенімсіздігі.
Соңғы жылдарда жағдай өзгеруде – клиенттердің саны, сонымен қатар жиналған сыйлықақылардың және сақтандыру төлемдерінің мөлшері өсуде. Осылайша, Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша 2017 жылы өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың мөлшері 20%-ға, төлемдердің мөлшері – 8%-ға, ал шарттардың саны – 5%-ға артылды. 2018 жылда бұл жағымды тренд қалады деп күтіледі.
Осыған қарамастан, Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығын дамыту деңгейі әзірше жеткілікті емес. Нарықты әлі де ұзақ жол және де халықтың қаржы сауаттылығының деңгейін көтеру күтіп тұр. Дәл осы нарық дамуының іргетасы болып табылады. Өйткені халық қаржы құралдары қалай жұмыс істейтіндігін түсінбейінше, нарық дамымайтын болады.
Standard&Poors рейтингтік агенттігінің мәліметтері бойынша 2014 жылы Қазақстанның қаржы сауаттылығының көрсеткіші тек қана 40%-ды құраған еді. Ал көптеген дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-55%-дан асады. Бұл бізге әлі талмай еңбектену керектігінің дәлелі.
Менің ойымша, халықтың қаржылық сауттылығын және ӨСК өнімдеріне сенімділігінің деңгейін көтерудің ең тиімді әдістері – бұл:
Сақтандыру өнімдерінің айқындығы мен ашықтығы. Қазақстандықтар қаржы ұйымдарына сенімсіздікпен қарайтын болған. Бұған қаржы жүйелері мен өнімдерінің жабықтығы, ашықтық еместігі және күрделілігі кінәлі.
Сенімділікті арттыру үшін сақтандыру үдерісін едәуір оңай, ашық және түсінікті етіп жасау керек. Клиенттер өмірді сақтандырудың лайықты бағдарламасын таңдай отырып, сақтандыру бойынша қандай шарттар бар болғаның, полистің құны қалай қалыптасатынын және оған не кіретінін түсіну керек.
Сондықтан сақтандыру компанияларының басты міндеті – қарапайым және түсінікті сақтандыру өнімдерін жасап қана қоймай, клиенттер бұл қандай өнімдер, олар не үшін қажет және қалай көмектесе алатындығын түсінетіндей етіп барынша күш салу керек.
Ақпараттың қолжетімділігі. Екінші әдіс – сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты барынша қарапайым тілде жеткізе алу. Қаржыгерлер сөйлейтін тіл өте күрделі және көптеген адамдарға түсініксіз болып келеді. Әрбір сақтандырушыға түсінікті болған «франшиза», «сақтандыру сомасы» және «сақтандыру сыйлықақысы» ұғымдар көптеген қазақстандықтарда түсінбестікті тудырады.
Сондықтан біздің міндетіміз осындай күрделі қаржы терминдері әрбір адамға түсінікті болу үшін барынша жұмыс жасауымыз керек. Бұны бірнеше тәсілдің көмегімен жасауға болады: клиенттермен коммуникация тілін жеңілдету керек және өнімдердің мәнін қарапайым тәсілдермен түсіндіру керек. Менің ойымша, мұнда БАҚ-пен жұмыс жүргізу маңызды. Бұл ретте тек қана кәсіби БАҚ емес, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен де жұмысты атқару керек.
Қаржы сауаттылықты оқыту. Көптеген батыс елдерінде қаржы сауаттылығына мектептен бастап оқытады. Бұл өте дұрыс! Менің ойымша, мұндай тәртіп қазақстандықтарға да қажет. Мектептер мен университеттерде ғана емес, сонымен қатар балалар үшін қосымша сабақтар мен үйірмелер ретінде де. Өйткені қаржы сауаттылық ұғымына қаржы терминдерін және қаржы тетіктері қалай жұмыс жасайтындығын түсінуді ғана емес, сонымен қатар өз табыстары мен шығындарын бағалай және бақылай алуды қамтиды.
Бұл үрдіске мемлекет қана емес, қаржы институттарының өзі де қатысқаны, сөзсіз, маңызды. Бұл үшін кәсіби басылымдарды, ақпаратты тарату, қолдау қызметтерін құру қажет.
Сандық жүйеге көшіру. Бұл соңғы жылдардағы басты және маңызды трендтердің бірі болып табылады. Өйткені ИТ-технологиялар арқасында біз көптеген үрдістерді жеңілдетіп, автоматтандыра аламыз. Оның ішінде сақтандыру үрдісін де. Еліміз үшін ең маңыздысы АҚЖМ міндетті автосақтандыру бойынша электрондық полисті енгізу болып табылады. бұл Қазақстандағы сақтандырудың кеңінен таралған түрі, оның дамуы жалпы сақтандыру нарығын дамуы үшін едәуір үлкен импульс беріп, халық пен сақтандырудың басқа түрлері, оның ішінде өмірді сақтандыру арасындағы белгілі бір көпір бола алады.
Мұндай әдістер жеке-жеке болып жұмыс істемейтіндігін түсіну керек, бұның барлығы белгілі бір жүйеде жұмыс істеу керек, сонда ғана нәтиже болады.
Анықтама
Азамат Ердесов биылғы жылғы 1 тамыздан бастап компанияны басқарып келеді. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (экономист біліктілігі), сонымен қатар Халықаралық бизнес академиясының (Алматы) және РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының (Мәскеу) «қаржы» мамандығы бойынша түлегі, дәрежесі «Магистр».