bs-preloader__icon
ru kz en

Әйелдер аудиториясының сақтандыру артықшылықтары қандай?

Әйелдер қандай тәуекелдерге қандай тәуекелдерге үлкен мән береді, ал қайсыларын екіталай деп есептейді. Мұндай зерттеуді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ингосстрах» өткізді, деп korins.ru өткізді.
Әйелдер аудиториясының сақтандыру артықшылықтары қандай?

Айқын болғандай, әйелдер көбіне пәтерде немесе үйдегі өрттен қорқады. Ары қарай әйелдердің қорқыныштары рейтингісінде жол-көлік оқиғалар (ДТП), сонымен қатар аурулар мен жарақаттар бар. Әйел адамдарда «жортуылмен, көше қарақшылығымен» байланысты қауіптер өте аз.

 

«Ингосстрах» тәжірибесі көрсеткендей, әйелдер мүлікті (пәтерді, үйлерді, саяжайларды) белсенді түрде сақтандырады. Нақты айтқанда, Мәскеуде жылжымайтын мүлікті сақтандырушы әйелдердің үлесі 63%-ға жетеді, ал өңірлерде – 57%. Әйелдердің екінші маңызды қызметі – бұл шетелге кететіндірді сақтандыру. «Ингосстрах» портфелінде шетелге кететіндерді онлайн сақтандыру бағдарламаларын ресімдейтін әйелдердің үлесі 56%-дан артық құрайды.

 

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру полистерінің иелері арасында әйелдер қауымы – 53% құрайды. Негізінен бұл 35 пен 45 жас аралығындағы әйелдер. Әдеттегідей, олар тек өзін ғана емес, отбасының басқа мүшелерін де (күйеуін, балаларын, ата-анасын) сақтандырады.

 

КАСКО сақтанушылардың жалпы санында әйелдер бөлігі 40%, ААЖМС (ОСАГО) бойынша шамамен 30% құрайды. Бұл елімізде дәстүрлі түрде авто иелерінің ішінде ер адам көп болғанымен түсіндіріледі. Бұл ретте КАСКО полисін ресімдеп отырып, әйелдер «жолдағы техникалық көмек» және ЖКО (ДТП) орнына «апаттық комиссарды шақыру» сияқты қосымша опцияларды енгізуді қалайды. Алайда «Ингосстрахтың» статистикасы бойынша залалдылығы тұрғысынан 9 жылға дейінгі көлік жүргізу өтілі бар, тұрмысқа шыққан және балалары бар әйелдер осындай көрсеткіштері бар еркектерге қарағанда, көлікті абайлап жүргізеді. Әйелдер қауымының осы топ арасында залалдылық коэффициенті ер адамдарға қарағанда, төмен болып отыр. Сәйкесінше клиенттердің осы тобы каско бойынша өте тартымды талаптар мен тарифтерге сүйене алады.

 

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 25-45 жас аралығындағы әйелдер негізінен полистерді ресімдеу және сақтандыру компаниясымен қарым-қатынас жасау үшін онлайн-сервистермен пайдалануды артық көреді. Барлық баламалардың ішінен (менеджермен кеңседе жеке кездесу, телефон арқылы сөйлесу, агентпен үйде, кеңседе немесе басқа аумақта кездесу) бұл топтың өкілдері «Онлайн қарым-қатынас жасау» нұсқасын таңдаған.

Дереккөзі: http://www.korins.ru/posts/5153-ingosstrah-vyyasnil-strahovye-predpochteniya-zhenskoy-auditorii

Фотосурет ашық дереккөзінен алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан

Тәуекелді материалдық өтеу туралы ой бірінші ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру