Бұл аудиттен өту – жай ғана ресми рәсім емес, компанияның бизнес-процестері жетілдірілген және тиімді жұмыс істеп тұрғанының нақты дәлелі. Практикада бұл нені білдіреді:
Болжамдылық пен сенімділік. Клиенттер өмірді сақтандыру қызметтері нақты реттелген және стандартталған процедуралар бойынша көрсетілетініне сенімді бола алады. Бұл қателіктер мен ақаулардың туындау қаупін азайтады.
Клиентке бағытталу. Стандарт компаниядан клиенттердің қажеттіліктерін және олардың қанағаттану деңгейін тұрақты түрде талдауды, сондай-ақ осы көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыс жүргізуді талап етеді.
Үздіксіз даму. Сертификаттың болуы – компанияның ішкі процестері мен қызмет сапасын үнемі жетілдіруге міндеттеме алғанының белгісі.
«Халықаралық ISO 9001 стандартына сәйкестікті растау – «Халык-Life» компаниясында тиімді басқару жүйесі қалыптасқанын дәлелдейді. Бұл біздің клиенттер мен серіктестерге өз міндеттемелерімізді сенімді орындайтынымызға және қызмет сапасын арттыруға ұмтылатынымызға сенімділік береді», – деп атап өтті компания өкілдері.
ISO 9001 дегеніміз не
ISO 9001:2015 – әлемде ең көп танылған сапа менеджменті жүйесіне (СМЖ) қойылатын талаптарды сипаттайтын халықаралық стандарт. Оның басты мақсаты – ұйымдарға тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуге көмектесу, клиенттердің талаптарына сай сапалы өнім мен қызмет көрсету.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл сертификаттың болуы компанияда:
-
Барлық процестер (шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемін реттеуге дейін) нақты сипатталған және жүйеленгенін;
-
Қызмет сапасы белгілі бір қызметкерге немесе аптаның күніне тәуелсіз, әрдайым жоғары деңгейде сақталатынын білдіреді.
«Халык-Life» үшін бұл қайта сертификаттаудан сәтті өту – Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығындағы сенімділікті нығайту жолындағы маңызды қадам және компанияның бизнес жүргізудің халықаралық стандарттарына адалдығын көрсетеді.
Сурет ашық дереккөздерден алынған.


