Актуарийлер – бұл көбіне эономикадағы математиктер, яғни күрделі жоспарланатын ортада нақты ғылымдар мамандары. Бүкіл дүние жүзінде реттеушілр актуарийлердің жұмысының маңыздылығын атап өтеді, олар көбіне болжаушылар болып табылады және оларға шексіз сенім артады.
- Дина Станиславовна, актуарийдің негізгі құралдарының бірі – пайымдау. Бірақ актуарийдің есептеу ортасы (соның ішінде экономика) ұдайы өзгеруде. Осының негізінде актуарий қала дәл бола алады?
- Бірқатар мамандар, мысалы өмірді сақтандыру және зейнеткерік қамтамасыз ету саласында маманданатын экономистер, қаржы мамандары, сонымен қатар актуарийлер ұзақ мерзімді болжамдар жасау қажет, және пайымдау элементі бұл жерда маңызды рөл атқарады. Пайымдау төбеден алына салмайды. Бұл әрқашанда да мұқият талдауға, идеалды түрде сапалы, толық, сенімді деректерге негізделген қорытындылар. Деректерді талдау заңдылықтар мен тенденцияларды айқындауды, сонымен қатар осы заңдылықтар мен тенденциялар болашақта болжанатын өзгерістер мен жаңалықтарды ескергенде сақталатынын айқындауды қарастырады. Болашақты өткен тәжірибе негізінде ғана болжауға болмайды. Тенденциялар, әсіресе біздің тұрақсыз экономикада өзгеруі мүмкін.
Сарапшы сонымен қатар деректердің сапасы мен сенімділігін тексеру ккерек. Өкінішке орай, әдетте деректерде қателіктер мен сәйкессіздіктер болады. Кейде деректерді айқын бұрмалаумен де кездесесің. Егер ақпарат сапасына күдік туындаса, сарапшы цифрларды түзету және ақырында сенімдірек баға алу үшін ұқсас деректерді бірнеше көздерден салыстырады. Мен деректер қателігі өте үлкен болған жағдайларды, емесе деректер сенімді баға алу үшін жеткіліксіз болған көрдім. Альтернативті ақпарат көздерін, соның ішінде шетелдің іздеуге тура келді және олардың әрбір нақты жағдайда қолданылуын бағалау қажет болған.
Қателер мен сәйкессіздіктерді түзету мүмкін болмаған жағдайда сарапшы қателіктің қаншалықты екенін бағалауға тырысады. Қателіктің рұқсат етілген мәнінде салыстырмалы сенімді бағаларды алуға болады. Егер деректердің қателер мен сәйкессіздіктері біраз болса, актуарий ең консервативті бағаны, тәуекелге жүктемесі жоғары бағаны алады. Сақтандыруға қатысты бұл сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін қамтамасыз еу және сақтанушылардың мүдделерін қорғау үшін қажет.
Жұмыс нәтижелері бойынша есепте сарапшы барлық қолданылған деректерді және алынған нәтижелердің сенімділігіне әсер етуі мүмкін барлық айқындалған қателер және деректердің сәйкессіздігін сипаттау керек. Қжет болса есепте қорытындылар мен нәтижелерге сақтықпен қарау керек деп жазылу керек. Клиент алынған нәтижелердің сенімділігі деңгейін нақты ұғыну керек.
Шын мәнінде нүктелік бағалар – бұл 100%-дық қате ықтималдылығы, яғни ақпараттың болмауын білдіреді. Шынайылықта бір параметр де болжамдық мәнді қабылдамайды, әрдайым біршама, кейде орасан ауытқу болады.
Актуарлық кәсіптің артықшылығы неде? Актуарийлер белгісіз, кездейсоқ оқиғалармен жұмыс істейтіндіктен, олар әрдайым кездейсоқ шамалардың ықтимал мәндерінің барлық спектрін және олардың таралу ықтималдылығын қарастырады және детерминимтік емес, стохастикалық үлгілерді қолданады. Клиентте тәуекелге белгілі бір толеранттілігі бар, және оны ескеріп актуарий тәуекел маржасын анықтайды. Бұндай жолдың ең жақсы бейнесі ІІ Еуроодақтың Төлем қабілеттілік жүйесінің талаптарына сәйкес 99% ықтималдылықпен оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін сақтандыру компаниясының капитал деңгейін анықтау болып табылады. 100% ықтималдылықпен төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету мүмкін емес екенін айта кетейін. Ешкім болжай алмайтын орасан шығындар, форс-мажор жағдайлар болуы да мүмкін.
Актуарий жұмысының нәтижелері- дәл мән емес, міндердің таралуы және кейде- әрбір нұсқаның артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталған нұсқалар мен ұсыныстардың біртұтас кешені. Барлық осы ақпарат негізінде қандай нұсқа тәуекелге толеранттілігі мен басқа критерийлерді ескеріп, ол үшін басым болатынын шешеді.
Актуарий белгісіз оқиғалармен жұмыс істейтіндіктен, актуарий жұмысын сипаттайтын негізгі сұрақ-«Ал егер...?»
Актуарийлер толық актуарлық талдау жүргізген кезде әртүрлі құралдарды қолданады: маңызды кіріс параметрлерінің мәндерінің өзгеруіне нәтижелердің сезімталдығы тестілері, сонымен қатар экстремалды сценарийлерді қолданып, стресс-тесттер: егер, критикалық параметр, мысалы, табыстылықтың номиналды ставкасы нөлге немесе теріс шамаға құласа; ал егер аннуитеттік өнімдер бойынша өлім экстремалды төмен болса, немесе өнімді сақтандыру өнімдері бойынша – жоғары болса. Онда өнімнің табыссыздығы қаншалықты өседі немесе сақтандыру компаниясының қаржылық көрсеткіштері нашарлайды? Стресс-тесттер экстремалдық шығындарды жабу үшін қандай қосымша қорлар қажет болатынын бағалауға мүмкіндік береді.
Талдау жүргізген кезде актуарий аз дегенде үш сценарий қрастырады – пессимистік, базалық және оптимистік. Келісілген кіріс параметрлермен сценарий жасау – оңай жұмыс емес, себебі экономикалық параметрлерден адам тәртібі, демография, қаржы тәуелді. Экономикалық, демографиялық және қаржылық параметрлердің өзаа тәуелділігін бағалау керек. Кейде мінез-құлық факторларын да ескеру керек.
- Біздің тәжірибеден мысал келтіріңізші
-Біздің еліміздегі экономикалық тұрақсыздық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және демографиялық көрсеткіштер динамикасының күрт өзгеруімен қатар өзара тәуелділіктерді бағалауды және болашақ өзгерістерді болжауды қиындатады. Мысалы, 90-шы жылдардың басында, Кеңес Одағының құлауынан кейін өлім күрт өсті, ұлттық валютаны енгізген соң инфляция «секірді» - ешқандай маман бұндай күрт өзгерістерді болжай алмас еді. Ал 2003 жылдан бастап 2007 жылдың күзіне дейін мұнай бағасы өскен соң, «майлы» кезең болды. Экономикаға келген ақша ағыны құрылыс серпілісін тудырды. Бірақ бұл кезеңде зейнетақы қорларында инвестицияларме оңай болған жоқ. Активтердің маңызды үлесі доллар құралдарына салынды. Теңгеге қатысты доллардың девальвациясы салдарынан инвестициялық портфельдің номиналды табыстылығы күрт төмендеді, ал шынайы табыстылық теріс болды.
Сонымен қатар бұл жылдары экономикалық белсенділік деңгейінің артуымен байланысты өлім мен өндірістегі, әсіресе құрылыста жарақат өсті, ондағы техника қауіпсізді деңгейі біздің елімізді өте төен. Осы өзгерістерді болжау және де олардың басталуына дейін сандық бағалау өте қиын.
Содан кейін қаржылық дағдарыс бастады да тағы да тұрақсыз жағдай. 200 жылы мысалы, зейнетақы активтеррінің номиналдық табысы теріс болды, ал шынайы табыстылығы экстраординарлық теріс шамаға -18% (!) дейін төмендеді. Мен сақтандыру ұйымдарында инвестициялар портфелі бойынша инвестициялық табыстылық динамикасы туралы сол жылғы ақпаратты білмеймін, бірақ жағдай осыған ұқсас болды деп ойлаймын.
Деректердің төмен сапасы мәселесі туралы айтып кеттім. Осыған сенімді баға алу үшін деректердің жеткіліксіздігін қосыңыз. Мысалы, егер сақтандыру компаниясы жақында құрылған және шағын болса, осындай ұйымның деректері негізінде алынған кез келген бағалардың сенімділігі төмен болады.
Актуарийдің кәсіпқойлығы және деректердің сапасы мен толықтыңы – дәлдік дәрежесін/пайымдау сапасын анықтайтын негізгі факторлар.
- Актуарийлер курсында пайымдауға үйретеді ме?
- Актуарлық кәсіп өте күрделі және жауапты, шетелде толық біліктілікті алу 10 және одан астам жыл құрайды. Қазақстанда актуарлық кәсіпі дамыған елдердің деңгейіне дейін біз әлі жеткен жоқпыз.
Қазір мен идеалды актуарлық білім беру туралы айтып отырмын. Базалық техникалық және бизнесс-пәндер ықтималдылықтар теориясы мен математикалық статистика, ститистикалық әдістер, қаржылық математика, актуарлық математика, актуарлық модельдеу, стохастикалық моделдеу, тәуекелдерді актуарлық басқару, микро- және макроэкономика, корпоративті қаржы, бухгалтерлік есеп және қаржы есебін талдау, инвестицияларды басқару және активтерді бағалау, сонымен қатар демография негздері, соның ішінде өлім кестесін құру пәндерінен тұрады.
Арнайы курстар алынған білімдерді өмірді сақтандыруда, жалпы сақтандыруда, зейнеақы қамсыздауда, инвестицияларды басқаруда және тәуекелдерді басқаруда қолдануға арналған. Осы салалардағы реттеу, салық алу және қаржылық есепті актуарийлер арнайы курста зерделейді. Шетелде бұндай курстар өте күрделі болып табылады және онда пайымдауды «өндіру» дағдылары дамиды. Студенттер күрделі тәжірибелік жағдайларды қарастырып, кешенді түрде талдайды, қажетті ақпаратты бөліп қарастырады, үлгі құрады, есептеулер жүргізеді, кәсіптік қорытынды шығарады. Бұнда дайын формулалар жеткіліксіз, мимен түбегейлі жұмыс істеу керек. Кейбір емтихандарда арнайы курстар бойынша жауап дайындағанда анықтама әдебиетпен қолдануға рұқсат етіледі (open-book exam). Бірақ одан емтихан жеңілдей түспейді.
Сонымен қатар мамандықтың сипаттамалары мен стандарттары және ктуарийлердің кәсіптік рөліне рналған кәсіпқойлық курсы міндетті болып табылады. Тәжірибелік сабақтарда күрделі этикалық жағдайлар, мысалы актуарийлерге қысым көрсеткен жағдайда немесе мүдделер келіспеушілігі болған жағдайлар талқыланады.
Тек осындай оқу бағдарламасын аяқтаған соң актуарий өздігінен толық құнды таңдаған актуарлық қызмет саласында жұмыс істей алады.
- Ал Қазақстандағы жағдай қандай?
- Қазақстанда сақтандыру нарығында актуарлық қызмет тек ҚРХБ беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады. Бұл актуарийлердің жауапкершілігінің жоғары деңгейіне байланысты. Актуарий әрекетіне сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі және сақтандырушылардың қаржылық жағдайы тәуелді.
Осындай жауапкершілік деңгейі бар бірқатар кәсіптер бар: құнды қағаздар нарғындағы брокерлер, бағалаушылар, аудиторлар, адвокаттар. Бұндайй мамандықтарда бірыңғай біліктілік стандарттары, кәсіптік этика кодексі және тәжірибе стандарттары, сонымен қатар оларды бұзған жағдайда тиімді тәртіп шаралары қажет. Бұны қамтамасыз ету үшін кәсіптік қауымдастықтар құрылуда. Қазақстанның актуарийлер қоғамы 2011 жылы құрылған.
Қазақстанда актуарийлерді оқытудың минималды бағдарламасы екі базалық және төрт арнайы курстан тұрады. Арнайы курстарды қоса алғанда барлық курстарда кандидаттар негізінен техникалық білімдер мен дағдыларды меңгереді. Күрделі кешенді жағдайларды талдау курс бағдарламасына кірмейді, сондықтан біздік курстарда пайымдауды өндіру дағдылары өкінішке орай, меңгерілмейді. Бұны актуарийлер тәжірибеде үйренуге мәжбүр. Актуарийлер кәсіпқойлык курсын өтеді, бірақ көп студенттер, сақтандыру ұйымында жұмыс тәжірибесі болмағандықтан, бұл курсқа дайын емес, себебі олар бизнесті ішкі жағынан білмейді. Шетелде бұл курсты өту кезіне актуарийлердің әдетте тәжірибелік жұмыс істеу тәжірибесі болады.
Біз біртіндеп біздің курстарды күрделендіріп жатырмыз, тақырыптардың қамтылуын ұлғайтып жатырмыз, жағдаяттық талдау элементтерін енгізіп жатырмыз, сол арқылы актуарийлерге пайымдау өндіру дағдыларын дамытуға көмектесуге тырысып жатырмыз. Мысалы, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау курсы шегінде студенттер сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін үлкен ақпарат массиві негізінде талдау керек. Бірақ, бұл әрине жеткіліксіз – бұны жылдам жасау мүмкін емес, біз де жүру барысында үйреніп жатырмыз. Шетелде біліктілікті артыруға міндетті талаптар қойылады. Идеалды түрде әрбір актуарий конференцияларға, семинарларға қатысу керек, өзін-өзі білім алумен айналысу керек. Біз актуарлық ғылымның арнайы тақырыптары және тәжірибе бойынша семинарларды Қоғам мүшелері үшін олардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастыруға тырысамыз. Бірақ бізде біліктілікті үздіксіз арттыру міндетті болып табылмайды.
- Осыған орай Сіз біздің актуарийлердің деңгейін қалай бағалайсыз?
- Объективті себептерге байланысты біздің актуарийлер актуарлық кәсібі дамыған елдермен салыстырғанда дайындығы төмен. Біз кәсіпкерлік дайындықтағы айырмашылықты жою үшін барлық күштерімізді салып жатырмыз, бірақ бұл уақытты қажет етеді.
Біздің оқыту бағдарламамыз Халықаралық Актуарлық Қауымдастық (ХАҚ) әзірлеген білім беру стандарттарына әйкес келеді. Қазақстанның Актуарийлер Қоғамы өткен жылы ХАҚ толық мүшесі мәртебесін алуы, бқны растайды (2017 жылға дейін Қоғам қауымдасттырылған мүшесі болған). Біз Қоғам Басқармасының бұрынғы Төрағасы Ақжарқын Кныковамен Қоғамның ХАҚ толық мүшесі мәртебесін алу үшін өтінім беру үшін құжаттар пакетін дайындадық. Келіссөздерде ХАҚ сарапшылары біздің білім беру бағдарламаларымызға қатысты жеке ескертулер айтқан, бірақ олар міндетті емес (ұсыныс) сипатта болған және маңызды ескерту болған жоқ.
Шетелде базалық оқу бағдарламасын өткен актуарий жұмысын сақтандыру компаниясынан бастайды және өндірістен үзілмей арнайы курстар бойынша біліктілік емтихандарын тапсырады. Ол тәжірибелі актуарий жетекшілігінде жұмыс істеп, одан үйренеді. Толық біліктілік және кәсіпқой қауымдастығының нақты мүшесі мәртебесіне дейін бұндай актуарий сақандыру компаниялары қорларын сертификациялау құқы жоқ және қорды адекватсыз бағалау жағдайында жауапты емес.
Бізде оқу бағдарламасын өткен актуарийлерде жұмыс тәжірибесі жоқ, тәжірибелі маманнан уақытылы кеңес алу мүмкіндігі болмай, көбіне күрделі мәселелерді орындауға, қорларды сертификаттауға және оларға жауапты болуға мәжбүр.
Бұрынырақ белгілегендей біздің курстарда студенттер негізінен техникалық білімдер мен дағдыларды меңгереді. Бизнес ерекшелігін олар сезінген жоқ, жауапкершілік деңгейін және олар қабылдаған шешімдердің салдарын толық түсінбейді. Оны шынайы жағдайда, жұмыс тәжірибесі жинақтауына қарай ұғына бастайды.
Жас актуарийлерге «кәсіпқой бұлшықтарды өсіру» үшін уақыт керек. Олардың ағымдағы құзіреттілігі деңгейінен жоғары аса үлкен мәселелерді олардың алдында қоймаған жөн, себебі бұл олардың өзіне сенімділігін төмендетіп, ақырында кәсіптен кетуге алып келі мүмкін. Тәжірибе болмағандықтан, жас актуарийлер кейде бір нәрсені елеймей қалады немесе қате жібереді.
Шетелде тәжірибелі тәлімгер жас әріптестің жұмысын тексергенле кемшіліктері мен қателерін көрсетер еді, олар уақытылы түзетіліп, кері салдар туындамас еді. Ал бізде сақтандыру ұйымдарында бұндай тәжірибелі тәлімгер жоқ, кемшіліктермен және қателермен актуарлық қорытындылар ҚРХБ беріледі, уәкілетті орган қаулылар мен ескертулер шығарады, бұның барлығы жас актуарий беделіне әсер етіп, оның өзінің сенімділігін азайтады. Ақырында кейбр актуарийлер жауапкершілікті көтере алмай, тәуекелші болады. Техникалық тұрғыдан тәуекелші жұмысы актуарий жұмысына қарағанда онша күрделі емес, айлығы да сондай, және тәуекелші өз жұмысыгың нәтижелеріне жеке жауапты емес.
Сонымен қатар студенттік орындықтан компанияға келген жас маманға басшылық қысымына қарсы тұру қиын. Сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайын нашарлаған кезде басшылық актуарийден қорлардың бағасын төмендетуді талап етуі мүмкін. Осыған байланысты мен «кәсіпқой бұлшықтарын өсіру» керектігін айттым.
Біздің Қоғам күрделі жағдайда жас актуарийлерге көмектесуге тырысады. Қоғамның тәжірибелі мүшелерінен кеңес алуға және кәсіпқой кеес алуға болады. Сонымен қатар Қоғам жеке актуарлық есептеулер бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді.
Біздің елімізде актуарийлер саны болашақта барлық жас актуарийлер алдымен тәжірибелі мамандардың қол астында жұмыс істеу мүмкіндігі болатын деңгеге өседі деп сенеміз. Өкінішке орай, қаржылық дағдарыс жаңа студенттердің ағынының күрт азаюына алып келді, және соңғы жылдары актуарийлер саны мүлдем дерлік өзгермеген. 2010 жылдан бастап, жүргізілетін актуарийлер курсы күрт азайды, себебі курсқа тіркелетін кандидаттар саны Курсты ұйымдастыру және жүргізу бойынша қоғамның шығындарын жабу үшін жеткіліксіз.
- Дина Станиславовна, пайымдау актуарлық есептеулерде үлкен рөл атқаратындықтан, пайымдауды заңнамалық растау барма екен?
- Бұл екі ұшы бар таяқ. Дамыған елдерде қаржылық реттеу ережеден қағидаға қарай, жазылған ережелерден гөрі кәсіпқойлардың пікірі мен бағаларына үлкен сенімділік беруге қарай ығысады. Параметрлердің рұқсат етілген мәндері және есептеу әдістері нормативті-құқықтық актілерде жазылса, бұл кәсіпқойлардың жұмысын жеңілдетеді де, пайымдау рөлі біршама төмендейді. Егер параметрлер мәндерін жазылған аралық шегінде қолданса және есептеулер жазылғын әдістемелер бойынша жүргізілсе, бұл қорды адекватсыз бағалауға алып келеді, актуарий бұл үшін жауапты болмайды, себебі ол заң талаптарына сәйкес әрекет жасаған.
Бірақ біздің тұрақсыз экономика жағдайында, орта есеппен 5 жыл сайын ахуал күрт өзгеретін жағдайда, белгілі бір норматив шынайылыққа сәйкес келмейтін болып қалады.
Сонымен қатар жазылған ережелер негізінде реттеу сақтандыру компанияларының жалпы тәуекелі деңгейінде айырмашылықтарды ескермейді де, сақтандыру ұйымдары, мысалы қатаң андеррайтингтік және баға саясаты бар ұйымдар агрессивті компаниялармен салыстырғанда артықшылықтары болмай қалады.
Ережелерден қағидаларға ығысу – бұл дүние жүзілік тенденция, соның ішінде бухгалтерлік есепте. Бірақ ережелер емес, қағидалар негізінде реттеу тәжірибе жүзінде тек сақтандыру ұйымдары қызметкерлерінің, сол сияқты реттеуші орган мамандарының кәсіпқойлығының жоғары деңгейі болуы шартында ғана жоғары дәрежеде жүзеге асады. Біздің актуарийлердің кәсіпқойлық деңгейі әлі күрделі мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз екенін атап кеттім. Бұл реттеу органдарына да қатысты әділ, сеебебі реттеугі нарық жағдайында шектеулі уақыт жұмыс істейді.
- Оқудан өткен барлығына, бірақ көбіне тәжірибесі және жылдар бойы қайралатын пайымдау дұрыстығы жоқ адамдарға берілетін лицензия қалайша қиылысады?
- Менің ойымша лицензия мен пайымдау дұрыстығы мүлдем дерлік қиылыспайды. Мен бұрынырақта айтқандай, Қазақстанда актуарлық білім негізінен техникалық аспекттерге шоғырланады, сондықтан қазіргі уақытта актуарийдің пайымдау сапасы негізінен жұмыс тәжірибесіне тәуелді. Сақтандыру нарығында белгілі бір кезең жұмыс істеген соң ол күрделі тәжірибелік жағдайларды талдау дағдыларын иеленеді, жауапкершілік деңгейін түснеді де, «Ал егер...?» сұрақ қоюға дағдыланады, яғни талдауды мұқият және кешенді жүргізуге жағдыланады да, пайымдау сапасы арта түседі. Актуарийдің жеке қасиеттері де әрине жоғары рөл атқарады.
Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру ға лицензия алу үшін жұмыс тәжірибесі керек емес. Бұндай талап, әрине, болу керек.
- Кейбір сақтандырушылар егер пайымдау дұрыстығында кепілдік болмаса, онда актуарий жалпы қажет пе деп айтады?
- Шынымды айтсам, өнім өндірісі үшін негізгі «шикізат» анықталмаған оқиғалар болып табылатын сала өкілдерінен қандай да бір кепілдіктерді есту таң қалдырады. Шын мәнінде, нақты нәтиже жоспарланғанмен немесе күтілетінмен, немесе есептік мәнен сәйкес келетініне жүз пайыздық кепілдік кез келген іс әрекет немесе кәсіп саласында жоқ. Бір нәрсе олай жүрмей қалу ықтималдылығы жоғары немесе төмен болуы мүмкін.
Нақты нәтижелердің жоспарланған нәтижелерден ауытқу ықтималдылығы көп болмаған жағдайда және де маман нәтижеге жеке өзі жауапты болмаса, ол кепілдік беруді тарата алады. Нәтижеге жеке жауапкершілігі бар және нәтижеге кепілдік беріле алмайтынын нақты түсінетін кәсіпқойлар клиентке жалған уәде бере бермейді. Мен бұрынырақ жауапкершілік деңгейі жоғары бірқатар кәсіптерді атап кеткенмін. Осы кәсіп өкілдері бағынатын этика кодексіне сәйкес маман күтілетін нәтижелерге кепілдік бере алмайды, бірақ ол осындай нәтиже алу үшін бар күшін салу керек. Мысалы, инвестициялық менеджер инвесторға табыстылықтың мақсатты жоғары деңгейіне кепілдік беру құқы жоқ, бірақ ол оған жету үшін бар күшін салу керек. Адвокат қорғалушыға оның кінәсіз болып танылатынына кепілдік беруге құқы жоқ, бірақ ол қорғалушының мүддесіде әрекет жасап, оны ақтау үшін немесе жаза мерзімін азайту үшін бар күшін салу керек. Бұндай кәсіптерде кепілдіктердің болмауы, бұл кәсіптер қажет емес дегенді білдірмейді. Кәсіпқойларда белгілі бір білімдері мен тәжірибесі бар, және оған орай тек олар ғана белгілі бір қызмет түрін атқара алады. Кәсіпқойдың шынайы нәтиже кепілсіз екенін тану – бұл этикалық тәртіп үлгісі және клиент жалған кепілдіктерді беретін, көбінесе өзінің жеке басының мүдделерін ойлап, алдауға тырысатын маманнан гөрі, осындай маманға үлкен сенімділікпен қарау керек.
Менің көзқарасым бойынша актуарийлер жұмысының барлық пайдасын жеткілікті тәжірибесі және кәсіптік «күші» жоқ жас актуарийлермен жұмыс істейтін сақтандырушылар түсінбейді. Тәжірибесі көбірек актуарийлер жұмыс істейтін компанияларда, менің ойымша, бұндай сұрақ қоймайды. Тәжірибелі актуарий тарифтер мен қорларды есептеп қана қоймай, жеке сақтандыру өнімдерінің және жалпы сақтандыру портфелінің нақты табыстылығын талдайды, көптеген мәселелер мен оңтайлы шешімдерді өз ынтасымен басшылыққа жеткізеді. Және басшылық актуарлық талдау пайдасы мен артықшылықтарын түсіне бастайды. Нағыз кәсіпқоой мәселелерге көз жұма қарамайды да, көбіне оның тікелей міндеттеріне жатпайтын талдау жүргізеді. Этика кодексіне сәйкес актуарий қоғам алдындағы кәсіптік жауапкершілікті негізге алып жұмыс істеу керек. Сондықтан актуарийлер жылдам сақтандыру ұйымдарында басқару орындарына дейін өсетіні таң қаларлық емес.
Шетелде актуарийлер көбіне кілтті актуарлық емес сақтандыру компанияның құрылымдық бөлімшелерін басқарады: андеррайтинг, тәуекелдерді басқару, ішкі аудит, салық бөлімі, сонымен қатар компаниялардың президенттері және вице-президенттері болып табылады. Актуарийлерді инвестициялық қорлар да, өндірістік кәсіпорындар да ынталана жұмысқа қабылдайды. Басқа мамандармен салыстырғанда актуарийлердің артықшылығы – жұмысына бағалау және тәуекелдерді басқару тұрғысынан қарау, сонымен қатар кешенді қаржылық талдау болып табылады. Актуарий әрқашан активтер мен пассивтерді қоса қарастырады. Инвестицияларды басқару жағдайында ол міндеттемелерге негізделген шектеулері бар портфельдердің табыстылығын максимизациялау мәселесін шешеді, ал инвестицияларды басқару мамандары әдетте тек активтердің табыстылығын максимизациялауға ғана шоғырланады, ал оның нәтижесінде қысқа мерзімді ликвидтілікпен мәселелер туындайды, яғни ағымды қаражаттар ағымды міндеттемелері төлеу үшін жеткіліксіз болады.
Жалғасы бар. Интервьюдің екінші бөлімінде Сіз актуарийлер пікіріндегі даулар сотта шешіле ме, олар өздерінің қателіктері үшін жауап береді ме, неге сақтандырушылар өз уақытында Қазақстанда жасалған мүгедектердің өлімі кестесіне көңілі толмайтынын, сонымен қатарқұруда Дина Станиславовна қатысқан, зейнеткерлердің өлімі кестесінің ерекшелігі неде екенін білесіз.