bs-preloader__icon
ru kz en

Дмитрий Жеребятьев: «Бізге балама керек».

Дмитрий Игоревич біраз уақыт Қазақстанның сақтандыру нарығында еңбек етті, белгілі сақтандыру компаниясын басқарды, және оның артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы біледі. Сол кезде де, қазір де ол осы саланы цифрландыру мәселесін көтеріп келеді, себебі оның қазіргі жағдайларда қажеттілігі басым болып тұр. LifeInsurance берген сұхбатында сарапшы еліміздегі өмірді сақтандыру нарығының мәселелерін қозғады.
Дмитрий Жеребятьев: «Бізге балама керек».

- Дмитрий Игоревич, қазір қаржы секторында онлайн-сақтандыруды енгізу белсенді түрде талқылануда. Сіздің ойыңызша, қазақстандықтарға сақтандырудың электрондық полисі не береді?

- Ең алдымен сақтандыру компаниясының кеңсесіне бару қажеттілігі жойылады. Бірақ бұл жерде әлі шешімі табылмаған бір түбегейлі мәселе бар, - бұл барлық электрондық полистердің есебін жүргізетін, және сақтандыру делдалдары мен компанияларының адалдығын тексеруге мүмкіндік беретін Біртұтас  дерекқордың болуы. Бүгінгі күні, қателеспесем 2007 жылдан бастап сақтандырушылар жүргізе бастаған Біртұтас дерекқор аса өзекті емес және сақтандырудың өзі цифрландыруды дамыту үшін толық көлемде пайдаланылмайды. Дереккордың осы түрімен осы саладағы түрлі алаяқтармен орындалатын мәселелерден қорғай алатынына кепілдік жоқ. Бар мәселе осында. Оны шешу үшін нарық ойыншылары тарапынан белгілі инвестициялар мен жігер қажет.

Бұл қор сақтандырудың жіктелімдері бойынша залалдылығын талдау, полистердің дұрыстығын бақылау жағынан пайдалы болар еді, сондай-ақ бұл актуарийлік есеп пен медициналық сақтандыру үшін аса қажет. Әзірге бізде медицина бойынша біртұтас цифрлық қор жоқ, сақтандырушылар бір уақытта қолда бар дерекқорды пайдалана тұрар еді.

- Мәселе көкейтесті болса, неге ол әлі күнге дейін шешілмей келеді?

- Бастапқыда қор жеке меншікке берілген болатын, және оған қойылатын талаптар тек ақпарат енгізуге қатысты болды.

- Өмірді сақтандыру бойынша көптеген компаниялар эЛектрондық сақтандыруды енгізуге іс жүзінде дайын екендіктерін айтады. Сіз қалай ойлайсыз, бұл жерде қиындық неден туындауы мүмкін?

- ӨСК өнімдері КҚИ АҚЖ гөрі қымбатырақ, және адамдар бұл ақшаларды бірден төлеуге дайын емес. Аса қымбат тауар сатып алар бұрын, әдетте адамда оны ұстап көруге, сапасына көз жеткізуге ниет пайда болады. Яғни, қандай-да психологиялық бөгет бар. Осы кезде онлайн-кеңесшінің көмегі қажет болуы мүмкін.

- 30 жастан асқан біздің замандастарымыз онлайн-қызметтерге, соның ішінде өмірді сақтандыру өнімдерін сатып алуға барынша дайын деген пікір бар. Сіз қалай есептейсіз?

- Иә, сөзсіз дайын. Басқа жағынан алғанда, қазір бәрін жалға алу үрдісі бет алды, олар тұрақты заттарға аса шырғаланбайды. Сол уақытта сол алпысыншы жылғылардың замандастары көбіне жинақтауға бейім келеді, біз өз үйіміз, машинамыз болғанына үйренгеміз. Бүгінгі күні бәрі ақырындап өзгеріп келеді: адамдар көбнесе ақшаларын білімге , саяхатқа жұмсағысы келеді, және керісінше оны жинау үрдісі төменірек.

Біздің адамдарымыздың тағы бір ерекшелігі  – бұл елдегі ағымдық жағдайды жоспарлаудың қысқа мүмкіндіктері, сондықтан бәрі бірдей ұзақ мерзімге  ақша салуға, беруге дайын емес, мысалы, 10 жылға, барлығы 1-3 жылдық депозиттерге үйренген. Іс жүзінде ақша әдетте ұзағырақ жатады, бірақ та бәрі бірдей инвестицияның ұзақ мерзімін бірден белгілеуге дайын емес. Банктер еркелетіп жіберді, бір жылға 14% қайтарып алынатын депозиттер де бар ғой.

ӨСК екінші кедергісі біздің елімізде дамыған қор нарығының және инвестиция салуға кең мүмкіндіктердің болмауы.

- Сіздің тәжірибеңізден, сақтандыруда клиенттерді не көбірек қызықтырады?

- Маркетинг пен жақсы нүктелі сервис. Сіз әлбетте, өнімнің өзін онша түсінбейтін қыздармен колл-орталықтар үрдісі бойынша сервистің құрылғанына куә болдыңыз. Ал бұл жерде сервис өте маңызды, себебі онда медицина да, басқа салалар да бар, және калькулятормен есептер, бәрін толығымен, жеткізіп түсіндіру керек. Әжей келіп түсініксіз құжаттарға қол қояды немесе компания келіп, клиентке дәл қажетті, кростық өнімдерді ұсынады. Әрине, адам өзіне түсінікті және ыңғайлы жерге барады.

- ӨСК қандай өнімдерін сіз өзіңіз пайдаландыңыз?

- Мен 2-3 сақтандыру компаниясына жазатайым оқиғадан стандартты емес сақтандырумен қатар инвестициялау туралы сұраумен хабарластым. Бірақ әзірге ұсыныстар жоқ. Менің ойымша, бұл барынша қызықты нәтиже: асыраушысының қазасы немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда. Бұл өнімдер нарықта бар, бірақ олар стандартталған, компаниялар белгілі бір клиентке қандай-да бір шарттарды өзгертуге немесе құруға әрдайым дайын емес.  

- Сіздің ойыңызша қазақстандықтарда ӨСК өнімдерін сатып алуға ниет қашан пайда болады?

- Біздің қор нарығында ірі компаниялар түріндегі мықты шығарушылар пайда болғанда. Өмірді сақтандыру бойынша компаниялар адамдар олардың сенімділігіне көз жеткізуі үшін тұрақты валютамен сақтандырылған өздерінің ұзын сақтанымпаздық қоржындарын көрсете алғанда. Сондай-ақ өмірді сақтандыру компанияларының рейтингін жүргізуге қажеттілік бар.

- Сіздің көзқарасыңыз бойынша, қоғамның сақтандырудың өзіне, соның ішінде өмірін сақтандыруға салқын қатынасы немен байланысты?

- Менің ойымша, бұл біздің бүгінгі күні мемлекетімзді жақсы қолдайтын банктерімізді өте жақсы көретінімізге байланысты. Сол себептен бізде инвестициялық қорлар мен сақтандыру компанияларын ұстайтын олигархтар көп емес, олар негізінен банктерде отыр. Бірақ теория жағынан елестетсек, банктер болмаса, онда не болады? Балама керек. Бірақ үлкен инвестициялық және сақтандыру компанияларын дамыту үшін әжептәуір уақыт пен күш-жігер де қажет. Банк секторы 25 жыл дамыды. Дегенмен, Батыста банктерден гөрі сақтандыру компаниялары көбірек, оларды мемлекеттік органдар, парламент қолпаштайды, заңнамадағы көп өзгерістер тіпті сақтандыруға да емес, шекаралық тақырыптарға қатысты, мысалға, сақтандырушылардың түрлі ұйымдармен өзара қатынасына. Неге бізде банктерді қолдайды? Бұл қарапайым бизнес, сақтандыру әлдеқайда күрделірек. Бұл мәселені қалай шешу керек екендігін мен білмеймін. Көбі реттеушіге – Ұлттық Банкке байланысты деп ойлаймын.

Фото дереккөзі: Д.Жеребятьевтің жеке мұрағаты, http://mln.kz

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру