bs-preloader__icon
ru kz

ULIP жоспары дегеніміз не

Бірлікке байластырумен сақтандыру жоспары (ULIP) – бұл сақтандыру өтелімін және инвестициялық тәуекелді бір ұсыныста біріктіретін, сақтандыру компаниялары шығаратын көп қырлы өнім, деп хабарлайды Business Standard.
ULIP жоспары дегеніміз не

ULIP – бұл өнім полистерді ұстаушылардан сақтандыру жарналарының тұрақты төлемдерін талап етеді, оның бір бөлігі сақтандыру өтелімін қамтамасыз ету үшін қолданылады, ал қалған бөлігі басқа полистерді ұстаушылардың активтерімен біріктіріледі, кейін өзара қарыз қорындағыдай, үлестік және қарыз құралдарына инвестицияланады.

Бірлікке байланыстырумен сақтандыру жоспары өмірді сақтандыруды, зейнетақы табысын және білім алуға шығыстарды қосқанда, әр түрлі жәрдемақылар төлеміне қолданылуы мүмкін. Көп жағдайларда инвестор ULIP-ті ережелердің осы типтерін өз бенефициарларына ұсыну үшін ашады. ULIP өмірді сақтандыру кезінде бенефициар төлемдерді иеленуші қайтыс болғаннан кейін алатын болады.

Сақтандырудың үлестік жоспарына инвестициялау жолдары үлестік инвестициялық қорлардағыдай, инвестицияларды басқа инвесторлардың инвестицияларымен біріктіретін мағынада құрылымданған. Осылайша, ULIP активтерін басқару белгілі бір инвестициялық мақсатқа жету үшін бағытталған. Инвесторлар бірыңғай стратегия аясында акцияларды сатып ала алады немесе өз инвестицияларын нарықпен байланысты ULIP-тің бірнеше қорлары арқылы әртараптандыра алады.

Сақтанушылар ULIP-ті бірінші рет сатып алған кезде бастапқы бір жолғы төлемді енгізуі қажет, одан кейін жыл сайынғы, жарты жылдық немесе ай сайынғы сақтандыру жарналарының төлемі жүреді. Дегенмен, сыйлықақыларды төлеу бойынша міндеттемелер өнімнен өнімге дейін түрленеді, барлық жағдайларда олар тағайындалған инвестициялық мандатқа сәйкес пропорционал инвестицияланады. Бірақ, ULIP инвесторларға инвестициялаудың бүткіл мерзімі ішінде қорлар қатысында өз артықшылықтарын түзете алатын икемділікті ұсынатындығымен бірегей болып табылады. Мысалы, өз инвестициялық қажеттіліктеріне байланысты олар акциялар қорлары, облигациялар қорлары және әртараптандырылған қорлар арасында ауыстырыла алады.

Дереккөзі: https://www.business-standard.com/podcast/pf/what-are-ulips-how-do-they-work-are-they-good-for-long-term-investment-121101901175_1.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресей нарығында жаңа сақтандыру құралы пайда болады
Ресей нарығында жаңа сақтандыру құралы пайда болады

Ресей нарығында ұзақ мерзімді инвестициялар ү...

«Nomad Life» ӨСК АҚ 01.01.2026 жыл бойынша қаржылық есептілігі
«Nomad Life» ӨСК АҚ 01.01.2026 жыл бойынша қаржылық есептілігі

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ 2026 жы...

2021 жылы банк секторының қалпына келуі
2021 жылы банк секторының қалпына келуі

Өткен жыл тұтынушылық кредит беру динамикасын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру