bs-preloader__icon
ru kz en

Жасанды интеллект 2030 жылға дейін сақтандыру саласын қалай өзгертеді

Тереңдетілген машиналық оқыту әдістері дамуының жаңа толқынымен (мысалы, компьютермен бейнелерді айырып тану үшін оратылатын нейрон желісі) жасанды интеллект (ЖИ) адам миінің саналы түрде қабылдау, логикалық пайымдау, оқуға және алдына қойға міндеттерді өз бетінше шешуге қабілеттілігі сияқты негізгі сипаттамаларын келтіруге бұрынғыдан жақындай түсті, деп forbes.kz жазады.
Жасанды интеллект 2030 жылға дейін сақтандыру саласын қалай өзгертеді

Осы арқылы сақтандыру секторы түбегейлі өзгереді – ол «табу және түзету» ағымдағы жағдайынан «болжамдау және алдын алу» жағдайына ауысады. Технологияларды пайдалану тәжірибесін алып, өзгерістердің қарқынын сақтандыру агенттері, брокерлері, пайдаланушылар, қаржы делдалдары және жеткізушілердің өздері де тездететін болады.

Төрт вектор

1. Желілік құрылғылардан алынған деректердің өсуі

McKinsey талдауға сәйкес алдағы 10 жылда сақтандыруға ЖИ тығыз немесе тікелей байланысты төрт басты технологиялық тренд әсер ететін болады.

Өнеркәсіптік жағдайда сенсорлық тетігі бар жабдық бұрыннан пайдаланылады, бірақ алдағы жылдарда тұтынушылар үшін желілік құрылғылардың санының көбеюі байқалатын болады. Қазіргі қолданылып жүрген автономиялық автокөліктерге, фитнес-трекерлерге, ақылды тұрмыстық құралдарға, смартфондарға және смарт-сағаттарға құрылғылардың жаңадан өсіп келе жатқан санаттары қосылады – киім, көзілдірік, медициналық гаджеттер және аяқ-киім.

Бұл құрылғылардан алынған деректердің тасқыны сақтандырушыларға өз клиенттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді, бұл жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуына, дербестендірілген баға саясатына және соның нәтижесінде шынайы уақыт режимінде қызмет көрсетуге әкеп соқтырады. Мысалы, клиент үнемі өзімен бірге ұстап жүретін, актуарлық деректер базасымен байланысты құрылғы (білезік, киім-кешек) күнделікті іс-әрекеттер негізінде жеке тәуекелдің бағасын, сонымен қатар әлеуетті оқиғалардың ықтималдылығы мен маңыздылығын есептей алады.

2. Робототехниканың дамуы

Болашақтың сақтандыру өнімдерін 3D-баспа деп танылған аддитивті өндірісі түбегейлі өзгертеді, өйткен осы әдіспен құрылған ғимараттар 2025 жылда барлық жерде кездесетін болады. Келесі он жылдықта бағдарламаланатын автономиялық дрондар, автокөліктер және ауыл шаруашылық жабдықтар, жетілдірілген хирургиялық роботтар коммерциялық тұрғыдан өміршеңді болып келеді. 2030 жылға қарай автономиялық көлік құралдарының үлесі 25%-дан асуы мүмкін (Дүниежүзі экономикалық форумның болжамы бойынша). Күнделікті өмірдің түрлі салаларында робототехниканың өсіп келе жатқан пайдалануы тәуекелдердің аймақтарын жылжытып, клиенттердің болжамдарына әсер етеді.

3. Деректердің экожүйелері

Жақын арада қоғамдық және жеке ұйымдар түрлі салада көп мақсатты пайдалану үшін деректермен алмасудың экожүйелерін құруда күшті біріктіруі мүмкін. Кибер қауіпсіздіктің бірыңғай нормативтік базасы шеңберінде ашық бастапқы коды бар стандарты протоколдар пайда болады. Дербес тасымалды геджеттерден алынған деректер тікелей сақтандыру компанияларына жіберіледі, ал қосылған үй және автокөлік құрылғыларынан деректер Amazon, Apple, Google арқылы қол жетімді болады.

4. Когнитивті технологиялардағы жетістіктер

Деректердің өңделуі үшін адам миының – жағдайды және кейінгі қорытындыны талдау арқылы оқу қабілетіне негізделген когнитивті теххнологиялар жауап береді. Сақтандырушыларда осындай технологиялардың (бүгінгі таңда негізінен бейнелерді тану, дауыс пен мәтінді өңдеу үшін қолданылатын) коммерциализациясын кеңейтудің арқасында қоршаған дүниеге бейімделе отырып, нақты уақытта жаңарып тұратын бизнес-үлгілеріне қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады.

Болашақ жақындады

McKinsey сарапшылары да 2030 жылға қарай сақтандырудың құның құру тізбесі қалай өзгеретіндігінің шамалы сценарийін жасады.

Бірінші кезекте сақтандыруды сатып алу үшін қажетті уақыт қысқарады. ЖИ алгоритмдері компанияларды клиент туралы ақпараттың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етеді, сондықтан өмірді немесе автокөлікті сақтандыру кезінде дербестендірілген ұсынысты бірнеше минут ішінде жасауға болады. Бұл ретте клиенттің қаржы шотынан лезде транзакцияларымен блокчейннің ақылды келісімшарттар көмекке келеді.

Сақтандыру фирмаларының негізгі қызметі 2030 жылы талап арыздарын өңдеу болып қалады, бірақ осыған жауапты қызметкерлердің саны ағымдағы жылмен салыстырғанда 70–90%-ға қысқарады. Жеке сақтандыруға және шағын бизнесті сақтандыруға қатысты наразылықтар көптеген жағдайда автоматтандырылады, бұл арыздарды өңдеудің тиімділігін 90%-ға дейін көтереді. Сақтандыру «сатып алу және жыл сайынғы жаңарту» үлгісінен үздіксіз циклға ауысатын болады, өйткені өнімдердің ұсынысы адамның тәртібіне бейімделетін болады. Сонымен қатар түрлі сақтандырушылардың бағаларын лезде салыстыра отырып, тұтынушылар нақты қажеттіліктерді ескере отырып реттей алатын «микро өтеу» (мысалы, аккумуляторлық батареяларды сақтандыру, рейстің кідіріп қалуынан сақтандыру) танымал сақтандыру түрі болатыны анық. Сақтандыру түрлерінің кең таңдауы базалық қызметтердің өзгермелі сипатымен шарттасқан. Осылайша, физикалық активтер қазірдің өзінде бірнеше тараптар арасында үлестіріледі. Жарқын мысал ретінде Uber және Airbnb сияқты платформасынан бірлескен жол сапарлары, мұнда компания пайдаланушылар өз өнімдерін іске асыратын сервисті ұсынады.

Оқиға туралы бірінші хабарлама автоматты түрде жасалады. Осылайша, автоапат жағдайында сақтанушы бүлінген жерлерін видеоға түсіреді. Ол шығындарды сипаттамасына өзгеріп, ал жүйе тез арада соманы бағалайды. Автономиялық машиналар болмашы бүлінген жағдайда жөндеу үшін өздері сервистік орталыққа бара алады. Клиентке сол кезде уақытша ауыстырым ретінде басқа автокөлікті жібереді. Үйлерде ЖИ құрылғылары үй тұрғындарын, сондай-ақ сақтандырушыларды ескерту үшін судың, температураның деңгейін және тәуекелдің басқа негізгі факторларын белсенді мониторингі үшін жиірек пайдаланылатын болады. Дәл осы тәуекелдерді алдын алу және жұмсарту үшін жақын арада мінсіз сцеанрий бойынша сақтандыру ұйымдары жұмыс жасайтын болады.

Дереккөзі: https://forbes.kz/finances/insurance/umnyiy_strahovschik_1531481976/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында
Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында

Big Data технологиясы бизнесте немесе адамдардың,...

Неге зейнетақы жинақтарын алуға болмайды
Неге зейнетақы жинақтарын алуға болмайды

Экономикалық шолушы Сергей Домнин inbusiness.kz сай...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру