bs-preloader__icon
ru kz en

Ғалым Амерходжаев: «Өмірді сақтандыру қоғамның әр мүшесінің әл-ауқатының кепілі болып табылады»

Қазақстанда өмір мен денсаулықты сақтандыруды жинақтаушы өнімдерді дамыту үшін жағдай жасау керек. Мұнда негізгі серпін беруші ретінде салықтық ынталандырулар болып табылады. Бұл халықты әлеуметтік қамту бойынша мемлекеттік шараларды кеңейтіп, халықтың жинақтарының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, оның ішінде, мақсаттық капиатал деңгейін арттырады, экономиканы қосымша ұзақ мерзімді қаржыланырудың көзі болып табылады. Өмірді сақтандыру нарығын дамытуға арналған осы және басқа да маңызды іс-шаралар туралы «МАК» ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Амерходжаев LifeInsurance сұқбатында өз ойын білдірді.
Ғалым Амерходжаев: «Өмірді сақтандыру қоғамның әр мүшесінің әл-ауқатының кепілі болып табылады»

- Ғалым Ташмуханбетович, Сіздің ойыңызша, тұғындардың сырттан көмекті  қажет ететін қиын және басқа да жағдайларында өмірді сақтандыру қалайша мемлекеттің көмекшісі бола алады?

- Өмірді сақтандыру біздің қоғамның экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын маңызды құралдардың бірі болып табылады. Ол көптеген елдерде қоғамның әр мүшесінің әл-ауқатының кепілі болып табылады. Бізде сақтандырудың бұл түрі де тез дамып келе жатыр.

Өмірді сақтандыру өнімдерінің көмегімен әр адам ауырған немесе  еңбекке қабілетін жоғалтқан жағдайда өзін қаржылай қамтамасыз ете алады. Адамдар зейнетке шыққанын күтпей-ақ өзінің зейнетақылық жинақтарынан қосыша төлемдер алып, сонымен қатар, аяқ асты кейбір кездері  төтенше жағдайларда отбасында қаржылық тқрақтылықты қамтамасыз ете алады.

- Сіз әлемнің басқа дамыған елдерінде тұрғындардың өмірді сақтандыруға қатысты әлеуметтік көмектің оң мысалдарын келетіре аласыз ба?

- Біз өмірімізде үнемі қандай да бір тәуекелге бас тігіп жүреміз. Сондықтан, дамыған елдерде адамдар сақтық үшін әрі аяқ асты өмірден өтсе немесе ауырып қалған жағдайда жақындары қаржылық мәселелерге бас қатырмасын деп өз өмірлерін сақтандырады. Мәселен, континентальды модель – міндетті әлеуметтік сақтандыру, яғни, сақтандырудың әр түріне: медициналық, зейнетақылық және жұмыссыздықтан сақтандыру болып табылады.

Оларда әлеуметтік сақтандыру органдарының қаржылық мәселелері туындаған жағдайда мемлекет ол органдардың міндеттемесін орындауға кепілдік береді.

Нидерландыда,  Данияда, Германия мен Бельгияда және Франция елдерінде кедейліктен күресу жүйесінің негізі ретінде барлық жұмыс берушілер үшін бекітілген жалақының минималды жарнасы міндеттелген, ол жұмысшының негізгі қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті саналады. 

- Сіздің ойыңызша қандай заңнамалық бастамалар халықты көбірек әлеуметтік қолдау үшін өмірді сақтандыру нарығына серпін бере алады?

- Халықтың әл-ауқатының артуы және елдің экономикалық жағдайдың жақсаруы жалпы өмірді сақтандыру нарығын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Болашақта міндетті және ерікті сақтандыруды дамыту үшін электронды сақтандыру полистерін сақтандыру және пайдалану бойынша онлайн қызметтерді енгізу қажет деп ойлаймын.

Сонымен қатар, өмір мен денсаулықты сақтандыруды жинақтау өнімдерін дамыту үшін қажетті жағдай жасау керрек. Мұнда негізгі серпін беруші ретінде салықтық ынталандырулар болып табылады. Бұл халықты әлеуметтік қамту бойынша мемлекеттік шараларды кеңейтіп, халықтың жинақтарының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, оның ішінде, мақсаттық капиатал деңгейін арттырады, экономиканы қосымша ұзақ мерзімді қаржыланырудың көзі болып табылады. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ғалымдар тамақтанудың тиімді схемасын көрсетті
Ғалымдар тамақтанудың тиімді схемасын көрсетті

Американдық ғалымдар тамақтану кестесі адамн...

Зейнетақы аннуитетінің иеленушісі қандай төлемдерге сене алады
Зейнетақы аннуитетінің иеленушісі қандай төлемдерге сене алады

Instagram-да Fingramota.kz сайтының парақшасында өмірді ...

Қазақстандық өмірді сақтандыру нарығы қалай құрылды
Қазақстандық өмірді сақтандыру нарығы қалай құрылды

Дамыған елдерде сыйлықақыларының құрылымы бо...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру