- Сіздің қаржы ұйымыңыз биыл қандай қиындықтарға тап болды?
- Жыл басында компанияға, тұтастай алғанда сақтандыру нарығына күрделі геосаяси және макроэкономикалық жағдай, теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамының өзгеруі, және осының нәтижесінде туындаған бизнесті жүргізуде қиындықтар әсер етті.
- Сіздің қаржы ұйымыңыз үшін осы жыл қандай болды?
- 2022 жыл біздің компания үшін бетбұрысты болды. Осы жылдың қазанында сақтандыру саласын өзгерту бөлігінде «Коммеск-Өмір» СК-ны қайта құрылымдау туралы шешім қабылданды. Бұл «өмірді сақтандыру» саласының келешегімен, нарықтың осы сегментінде позициялардың нығаюымен, басқару құрылымын, бизнес-процестерді және «Сентрас» компаниялар тобының шығыстарын оңтайландырумен байланысты, себебі оның құрамына үш сақтандыру компаниялары кіреді. «Коммеск-Өмiр» СК» АҚ-ның сақтандыру портфелі (жалпы сақтандыру бойынша активтер мен міндеттемелерді қосқанда) «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның жалпы сақтандыру бойынша еншілес компаниясына берілді. Барлық шарттар өзінің әрекетін бұрынғы шарттарда жалғастырды.
- Биылғы жылдың жетістіктеріне нені жатқыза аласыз?
- Күрделі жылға қарамастан, A.M. Best халықаралық рейтингілік агенттігі сәуірде «Коммеск-Өмір» СК» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингін «B-» және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bb-» деңгейінде растады. Осы кредиттік рейтингілердің болжамы – «тұрақты». A.M. Best-тің сараптамалық қорытындысында оң рейтинг-фактор Коммесктің капиталдандыруының жоғары деңгейімен расталған, компанияның теңгерімдік және операциялық көрсеткіштерінің тұрақтығы болып табылатыны аталған.
- Келесі жылға жоспарлар туралы айтып беріңізші?
- Тәуелсіз Қазақстанның бірінші сақтандыру компаниясы – «Коммеск-Өмір» ӨСК-нің одан әрі дамуы жаңа басымдықтар мен бағыттармен жалғасатын болады. Компания брендті нығайтады және технологиялық даму және басқа да бәсекелестік артықшылықтар есебінен жаңа сипатта танымалдылықты арттырады. Жақын арада біз еншілес ұйым – «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің ақырында қосылуымен бірге, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру/қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия аламыз. Компанияның жоспарында – өмірді жинақтаушы сақтандырудың, unit-linked өмірді инвестициялық сақтандырудың бүткіл желісінің жаңа өнімдерімен, цифрлық өнімдермен нарыққа шығу, ол өнімдерді кеңсеге келмей-ақ біздің сайтта сатып алуға болады, және басқасы – сақтандыру секторының тұтынушылары үшін қызметтердің неғұрлым кең ауқымын көрсету мақсатымен.
- Сіздің қаржылық ұйымыңызға реттеушінің заңнамалық жаңалықтары қалай әсер етті?
- Біріншіден, заңнамалық өзгерістер компаниямызға сақтандыру саласын ауыстыруға мүмкіндік берді. Жалпы, заңнамалық жаңалықтар сақтандыру нарығының дамуына оң әсерін тигізеді, өйткені олар сақтандыру тарифтерінің ашықтығы, цифрландыру және жаңа өнімдерді дамыту тұрғысынан оның одан әрі дамуына әкеледі.
Сақтандыру саласы үшін және біздің клиенттеріміз үшін бірлескен зейнетақы аннуитеттерін және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылатын, өмірді сақтандыруды қосқанда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен өтелетін, сақтандыру сыныптары тізбесінің кеңеюімен байланысты өзгерістер маңызды болды. Осылайша, сақтандыру қызметтерін тұтынушылар сақтандырушымен бірдеңе болса да, мысалы, лицензияны қайтарып алса да, сақтандыру төлемдерін алатынына және олардың мүліктік құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатынына сенімді болады.
Сурет ашық дереккөздерден