bs-preloader__icon
ru kz en

Жаңа зейнеткерлер

Елімізде зейнетақы жинақтарының жеткілікті мөлшері бар адамдардың саны өсуде. Осылайша, БЖЗҚ есебіне сәйкес, қазір 66 мың қазақстандықтың өз есепшоттарында 10 млн теңгеден астам ақшасы бар, 5 млн-нан 10 млн-ға дейін қордың 223 мың салымшысында бар.
Жаңа зейнеткерлер

Анвар Сайденов 1960-шы жылы туған. 90-шы жылдардың ортасынан бастап бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқарды. Лондонда ЕҚДБ-да жұмыс істеді, Халық банкін, кейінен БТА банкін басқарды. ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігін басқарды, ҚР Қаржы вице-министрі болды және бес жыл Қазақстан Ұлттық Банкін басқарды. 2012 жылдан бастап әр түрлі коммерциялық ұйымдарда Тәуелсіз директор қызметін атқарады. Табыс туралы сұрау ыңғайсыз, бірақ мұндай қызмет тізімі - тұрақты және мөлдір табыс кепілі екені белгілі. Сол себепті Кazakhstan Growth Forum-да қаржыгер зейнетақы аннуитеттері туралы әңгімені өзі қозғаған болар.

«Қазіргі уақытта өмірдің басым бөлігінде табысы жақсы болған ұрпақ зейнетақы реформасына бірден сеніп, зейнеткерлікке шығуға дайындала бастады.  Олар өздерінің зейнетақы қажеттіліктеріне аннуитеттерді сатып алуға құқылы. Өмірді сақтандыру компаниялары жай ғана белсендірілген жоқ – аннуитетті сатып алу ересек адамдарға кейде депозитке қарағанда, көп тұрақтылық пен пайда әкеледі», – деп сенімді айтады ҚР Ұлттық Банкінің экс-басшысы Анвар Сайденов.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметтеріне сәйкес, мерзімді емес салымдар өз иелеріне 9,8% алып келеді. Бұл ретте бүгінгі таңда банкроттық процедурасынан 7 екінші деңгейдегі банк өтуде. Осы құрылымдардың клиенттеріне ҚДКҚ 76,2 млрд теңгені төлеп берді. Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары әлі банкрот болмаған. Керісінше, бұл нарық дамып келеді: қазіргі уақытта 8 құрылым КСЖ мәртебесіне ие және тоғызыншы жақын арада Ұлттық Банктен лицензия алуы тиіс. «Нарықтағы бәсекелестік өте үлкен, сондықтан аннуитетті сатып алуға үлкен соманы сала отырып, сақтандырушылардың шарттарын әрдайым мұқият зерттеу қажет», – деп деп мәлімдейді Сайденов мырза.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 84,6%-ға өсті. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы үлесі 27% құрады (2018 жылғы 1 қыркүйек күніне – 18,9%).

«Бізде өмірді сақтандыру нарығын дамыту үшін объективті жағдайлар бар. Біріншіден, бұл ұрпақ қажеттілігі. Екінші, экономика мен қаржы секторының жалпы дамуы. Бір жағынан, бүгінгі күні зейнетақы аннуитеттері нарығында көптеген құралдар бар, бірақ екінші жағынан біз адамдардың қажеттіліктеріндегі тұрақты өзгерістерді көріп отырмыз», – деп өз ойын білдірді «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық Банкінің экс-басшысы Қадыржан Дамитов.

 

 «Біз өмірді сақтандыру жоғары қарқынмен дами бастаған кезеңге келдік. Бірақ біз бағалы қағаздардың бүкіл нарығы тек қана зейнетақы қорларымен «қаптаған» кезде, жинақтаушы зейнетақы қорларының тәжірибесін қайталағымыз келмейді. Өмірді сақтандыру компаниялары міндетті сақтандыру түрлері мен зейнетақы аннуитеттеріне ғана бағдарланбауы тиіс. Сақтандырудың ерікті түрлері дамуы тиіс, онда нарық бірқалыпты болмайды, сонда бізде инвесторлардың әр түрлі саптарын есепке алуға болады», - деп кеңес берді Қаржыгерлер ассоциациясы кеңесінің төрайымы, ҚР ҚҚА экс-төрайымы Елена Бахмутова.

Қазақстанда бай, орта және бастауыш инвесторлар арасында әлі күнге дейін нақты градация жоқ. Сондай-ақ, әрине, бос қаражат санына тұтынушылардың инвестициялық стратегиялары да байланысты. БЖЗҚ статистикасын алатын болсақ: тек 20 мың әйелдің 10 млн теңге және одан көп жинақтары бар. Табысты ледидің зейнетақы шоттарының жалпы санынан үлесі 0,4% құрайды. Салымшылардың осы санатының жинақталуы 270,5 млрд теңгеге тең (әйелдер шоттарының жалпы көлемінде 7%). 75 мыңнан астам ер адамның 8 млн теңгеден астам жинақтары бар, олардың жалпы салымындағы үлесі шамамен 1,5%. Бұл ретте олардың жинақтары 960 млрд теңгеден асады (немесе ерлердің жинақталуының жалпы көлемінде 16%). 

«Бұл мәселеде қазақстандықтардың тілегі жинақтардың көлеміне, әрбір адамның жалпы ауқаттылығына, оқуға қанша адам жинаған бала санына байланысты. Дәл осы себептер зейнетақы аннуитетін сатып алу кезінде адамдарға стратегияны таңдауға көмектеседі», – дейді Қадыржан Дамитов. 

Әлеуметтанушылар баяғыда түрлі жастағы адамдарды төмендегідей буындарға бөлді: беби-бумер (1946–1964 жж. туғандар), X-буыны (1965–1981 жж. туғандар) және миллениал (22-ден 35 жасқа дейінгілер). Wells Fargo компаниясы АҚШ-тың еңбек статистикасы Бюросының деректерін зерделеп, зейнетақы жинақтарына табыстың қандай да бір бөлігін кейінге қалдыратын адамдардың ең көп пайызы – X буыны өкілдерінің арасында екенін анықтады. Осындай респонденттердің үлесі 73% құрайды. Екінші орында – беби-бумер буынының өкілдері – оның ішінде 72,6% ақшаны зейнетке жинап отырғандығын хабарлады. Табыстың бір бөлігін болашақ зейнетақысына ай сайын жіберіп отыратын миллениалдардың үлесі 61,4%-ды құрайды.

Фотосурет: KASE

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру