Өмірді классикалық сақтандыру адам шарт жасасады және үлкен емес жарна төлейтінін білдіреді. Егер сақтандыру жағдайы орын алса, онда сіз елеулі үлкен көлемде өтемақы аласыз, ал жаман ештеңе болмаса, онда ақша сақтандыру компаниясында қалады.
Жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру басқа әңгіме. Мұнда сіз үлкен сома төлейсіз, бірақ міндетті түрде ақшаны кіріспен қайтарасыз. «Қаржылық құрал ретінде өнімнің екеуі де сақтандырылған тұлғаның отбасында оның мезгілсіз қайтыс болуы жағдайында кірісті ауыстыру немесе қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша жинақталған соманы алу үшін қызмет етеді, яғни төлем кез-келген жағдайда жүргізіледі. Клиент негізгі полиске қамтуды кеңейту арқылы, жазатайым оқиға жағдайында, қауіпті сырқат және т.б. болса оған жәрдемақы қосып, мұрагерлерді қоса алады» ,- дейді Сентрас Коммеск Life-тің басқарма төрағасы Гульжан Джаксымбетова.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру
«Өмірді жинақтаушы сақтандыру полисіне екі құраушы бөлігі кіреді: қорғаныс және жинақтаушы. «Бұл өнім маңызды қаржылық мақсатқа жинай отырып, жарнаны бөліп төлеу (мысалы, ай сайын немесе тіпті жыл сайын) арқылы төлеуге мүмкін болатын жолмен жасалған, - дейді Халык-Life-тің басқарма төрағасы Жанар Жубаниязова. – Бұл ретте, бірінші жарнадан кейін-ақ клиенттің өмірі бүткіл сақтандыру сомасына сақтандырылған және сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүргізеді».
Жинақтаушы сақтандырудың артықшылығы өмірді сақтандырудан және қаражатты жинаудан бөлек, клиент сақтандырушының кірісіне қатысудан кепілдендірілген кірісті және дивиденттерді алады, оны бөлу сақтандыру сомасын ұлғайтады.
«Жинақтаушы сақтандыру – бұл өз алдына, мысалы, асыраушыдан айырылу сияқты, кез-келген күтпеген жағдайға қаржылық резерв, - деп түсіндіреді Сентрас Коммеск Lifе-тің басқарма төрағасы. – Қосымша жинақтар зейнетақы кезінде лайықты өмірді қамтамасыз ету, балалардың білім алуына алу, үй сатып алу үшін немесе белгілі күнге: үйлену тойына, кәмелеттік жасқа толуға және т.б. артық болмайды. Сондай-ақ, ӨЖС банктік депозитке балама бола алады.
ӨЖС сақтандыру өнімдерін тиянақталған кірістілікпен ұсынады. «Сақтандырудың мұндай өнімдері өтеу мерзімдері бойынша кепілдендірілген төлемдерді ұсынады және тәуекелдің төмен деңгейі бар, яғни, инвестициялық тәуекелді сақтанымпаз инвестициялау арқылы, сақтандыру компаниясы өзіне алады», - деп түсіндіреді Nomad Life-тің Сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Курбангалиев.
ӨЖС шартын жасау арқылы, клиент күтпеген жағдайлардан денсаулығы мен өмірін сақтандырырып және бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақша жинай алады. Сақтандыру сыйлықақысы клиентпен теңгеде төленеді, ол ағымдағы бағам бойынша шетел валютасында есептеледі. «Валютаның құнсыздануынан қорықпай-ақ, сондай-ақ ақшаны 3 жыл және одан астам уақыт жинауға болады. Шарт мерзімінің аяқталуы бойынша төлемдер валюталық бағамға индекстеумен жүргізіледі. Валюталық салымдар бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі барлығы 1% болатын банктік депозиттерден айырмашылығы, мұндай бағдарламаларда ол 4%-ға дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, ӨЖС ұзақ мерзімді келешекте жинауға мүмкіндік береді», - дейді Freedom Finance Life-тің баспасөз қызметі.
Өмірді инвестициялық сақтандыру
ӨИС өнімінде клиент сақтандыру компаниясы ұсынатын, түрлі бағыттар бойынша инвестицияларды басқаруды өзіне алады. «ӨИС өнімдері қор нарығының нәтижелеріне байлаулы және ықтимал, нарық шарттарына байланысты неғұрлым жоғары кірістілікті береді және сәйкесінше, клиент тәуекелдерді де өзіне алады. Олар былай жұмыс істейді: клиент төлейтін, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі өмірді сақтандыруға жұмсалады, ал қалған бөлігі клиенттің тәуекелге тәбетіне байланысты таңдауы бойынша нарықта инвестициялық портфельдерге инвестицияланады», - дейді Nomad Life-тің Сату және өңірлік даму департаментінің директоры.
Unit-linked – бұл күрделі инвестициялық өнім, онда өмірді сақтандыру – қосымша қызмет болып табылады. «Unit-linked шартын иеленіп, клиент жоғары кірістілікті көздей отырып, инвестициялай алады және бір мезгілде күтпеген жағдайлардан сақтандыру қорғауына ие бола алады» - дейді Freedom Finance Life-та.
Сақтанушы шартты жасап, ӨСК ұсынған нұсқалардан инвестициялау стратегиясын өзі таңдайды және сақтандырушы сақтандыру жарнасының бөлігін клиент таңдаған инвестициялық портфельге жолдайды, сақтандыру жарнасының тағы бір бөлігін өмірді жинақтаушы сақтандыруға жолдайды. «Шарттың мерзімі аяқталған кезде сақтанушы капиталды толық немесе кезеңдік төлемдер түрінде алады. Өмірді сақтандыру полисінің аясында қаржылық жоспарлаудың екі маңызды қыры бар – салынған ақшаның есебінен жинақтарды құру және күтпеген жағдайлар жағдайына материалдық қорғауды қамтамасыз ету», - дейді Сентрас Коммеск Life-тің басқарма төрағасы.
Unit-linked-тің тағы бір маңызды айырмашылығы ықтимал кірістілік болып табылады. «Егер өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларында 5%-ға дейін жете алатын кепілдендірілген кірістілік, сондай-ақ сақтандыру компаниясының пайдасына қатысу есебінен қосымша кірістілік алу (орташа 3-4%) көзделсе, онда өмірді инвестициялық сақтандыру бағдарламалары бойынша кірістілікке кепілдік берілмейді, ал сақтандыру шарты бойынша клиенттің активтері инвестицияланған, тек қана инвестициялық құралдарға байланысты.»
Сол себепті, осы өнімдер арасындағы таңдау туралы айтсақ, клиент өз алдына қоятын мақсаттарға және оның қаржылық мүмкіндіктеріне қарау керек», - дейді Халык-Life-тің басшысы.
Unit-linked-тің басты артықшылығы әртараптандырудың портфелімен немесе ҮИҚ-мен инвестицияларға қатысумен сақтандыру болып табылады. Сондай-ақ, осы өнімнің артықшылығы инвестициялау кезінде брокерлік шотты ашу қажет еместігінде. Ол үшін ӨСК-мен шарт жасасу жеткілікті.
ӨЖС және ӨИС сатып алу кезінде неге назар аударған жөн
Сақтандыру өнімін таңдаған кезде, ең алдымен оның шарттарына назар аудару қажет:
- сақтанушының және сақтандырылған адамның ұйғарынды жасы;
- сақтандыру жарналарының сомасы;
- оларды жүргізуге өзіңіз қандай кезеңділікті таңдай алатын мүмкіндік;
- таңдалған сақтандыру бағдарламасы бойынша қандай тәуекелдер өтеледі.
Сонымен қатар, клиенттің өмірді сақтандыру бойынша таңдаған компаниясына, атап айтқанда, оның қызмет көрсетуіне және сақтандыру жағдайы немесе шарт мерзімінің аяқталуы кезінде төлемдердің берілетін кепілдіктеріне назар аударуы маңызды.
ӨСК-ның сенімділігі бірнеше факторлармен сипатталады. Бастыларының бірі: уәкілетті органның лицензиясының болуы, әлемдік рейтинг агенттіктерінен кредиттік рейтингтердің болуы, әлемнің ең ірі қайта сақтандыру компанияларында қайта сақтандыру.
Неліктен індет кезінде өмірді сақтандыруға инвестициялау маңызды
Індет уақытында сақтандыру шартын жасасу туралы шешім қабылдау неғұрлым көңілге қонымды сияқты, себебі біз күн сайын біздің өмірімізге және денсаулығымызға қауіп төндіретін тәуекелдермен соқтығысамыз, бірақ індетте өмірді инвестициялық немесе жинақтаушы сақтандыруды сатып алу туралы пайымдау дұрыс болмайды. «Сіз сақтандыру полисін сатып алу туралы шешімді неғұрлым ертерек қабылдасаңыз, соғұрлым жақсы», - деп еске салады Рамай Курбангалиев. Сұхбаттасушының пікірі бойынша, өмірді инвестициялық немесе жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу туралы шешімді «кейінге» қалдыру арқылы, біз өзіміздің болашақ инвестициялық маневрлеріміздің мерзімін қысқартамыз. Мысалы, бала 5 жаста ғана болғанда, оған 15 жас толған кезге қарағанда, оның жоғары білім алуына ақы төлеуге жинақтар құруды бастау дұрыс шығар. Бұл жағдайда сақтандыруға шығыстар да төмен болады және қаражат 10 жылға ұзағырақ жұмыс істейді.
Мұндай полистердің тағы бір күмәнсіз артықшылығы бар. «Өмірді сақтандыру бағдарламаларының кең сақтандыру өтеуі болатынын ескере отырып, олардың бірі - кез келген себеп бойынша, сырқат кезінде немесе жазатайым оқиға кезінде, қайтыс болу тәуекелін өтеу болып табылады, компаниялардың көбісі сақтандырылған адамның, оның ішінде COVID-19 коронавирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болуы жағдайында сақтандыру өтеуін төлеуді қарастырды» - деп қорытындылайды Жанар Жубаниязова.
Сурет ашық дереккөздерден