- Unit-linked деген не?
- Unit-Linked бұл қайтыс болу тәуекелдерін сақтандыру мен инвестициялық қорларды біріктіретін сақтандыру шартының түрі. Мұндай шартта клиент салымдар жоспарын таңдайды және оның төлейтін жарналары таңдап алынған жоспарға сәйкес инвестицияланады.
Unit-Linked-ң бірінші артықшылығы – бұл клиентке икемделген инвестициялар үдерісі: шарттың әрекет мерзімінің ішінде салымдар стратегиясын жеңіл ауыстыру мүмкіндігі, және инвестициялаудың оңайлығының өзі. Екіншісі – басқа инвестициялық шешімдерге қарағанда шарт бойынша төлемнің салық салудан босатылуы.
- Қандай жолмен ақша жинау оңай?
- Біреулер үшін ақша жинау – жинақ қобдишасына ақша салып жинау болса, басқалары жедел депозиттерді пайдаланады, тағы біреулері акцияларды немесе сом алтындарды сатып алады. NOMAD Life жинақтарды құрудың қосымша ZOLOTO NOMADOV Invest тәсілін – инвестицияларға сақтанушы қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыруды ұсынады. Бұл өнімде қаражаттар топтастырылып, сенімді қаржы құралдарына инвестицияланады. Шарттың қолданылу мерзімінің соңына дейін клиенттердің активтері Ұлттық банктің және банк-кастодианның көпдеңгейлі қорғауында болады. Ақша табу мүмкіндігі клиенттің таңдаған салымдар жоспарына байланысты. Біз, өз кезегінде, ұсыныстар тізімін ең тиімді құралдармен толықтыруға тырысамыз.
- ZOLOTO NOMADOV Invest unit-linked-ке жата ма?
- ZOLOTO NOMADOV Invest бұл, әрине, unit-linked сақтандыру. Әртүрлі мемлекеттерде сақтандыру арқылы қорғаудың әртүрлі элементтері және өнімге кіріктірілген мүмкіндіктер ұсынылады. Жинақтаушы сақтандырудың басқа түрлерінен unit-linked-ң айырмашылығы, бұл шарттың және клиент таңдап алған қаржы құралының жұмыс нәтижелерінің тікелей байланысы. Қазақстанда біз дәл осы өнімді іске асырдық. Өмірді сақтандырудың басқа түрлерімен бізді тек қана шарттың алғашқы қолданылу сәтінен бастап жұмыс істей бастайтын клиентті сақтандыру арқылы қорғаудың жоғары деңгейі байланыстырады.
- Шетелде бұл өнімге деген сұраныс қаншалықты жоғары?
Сұраныс аймаққа және нақты мемлекеттің дамуына байанысты. Ұлыбританияда unit-linked өнімнің үлесі 2017 жылдың ішіндегі өмірді сақтандыру бойынша барлық сыйлықақылардың 60% құрайды. Оңтүстік Кореяда unit-linked өнімдердің үлесі 18%, Сингапурда - 15%, Австралияда - 45%, Малайзия мен Индонезияда шамамен 55% құрайды. Егер экономикасы дамыған мемлекеттерді бір-бірімен салыстырсақ, Ұлыбританияны қоспағанда, экономикасы дамып келе жатқан мемлекеттерге қарағанда unit-linked үлесінің проценті төменірек болады. Мысалға, Ирландияда Unit linked-ке жарналардың үлесі 85% жуық.
- Бұл өнім қандай әлеуметтік топқа лайықталған?
- Егер қысқаша айтатын болсақ, бұл өнім орта топқа да, орта топқа жатқысы келетіндерге де лайықталған. Алайда, рұқсат етсеңіз, тұспалдап жауап берейін. Жинақтаушы өнімдер – бұл адамдардың өз әлеуметтік тобын жоғарылату кезінде пайдаланатын құралы. Жинақтарды өз ресурстарыңызды қорға жіберген жағдайда ғана көбейте аласыз. Әзірше, бірер аптаға ғана жететін қорыңызды қамтамасыз ету болып отыр делік. Дегенмен, сол ақшаны оңай жаратып жіберудің алдын алуды мақсат ету керек. Екі айға жиналған қор сол қаражаттарды сақтап қалу жолын ойластыруға мәжбүрлейді. Ал бір жылға жиналған қор оны салым ретінде салуды және көбейтуді талап етеді. 5 және одан көп мерзімге жиналған қор дұрыс құрылымдауды қажет етеді. Unit linked өнімі бстапқы жинақтау кезеңі үшін әрдайым қолайлы бола бермейді, алайда егер сіз қорды салым ретінде пайдалануды немесе оны көбейтуді, өз отбасыңызды қорғаудың айтарлықтай маңызды элементін құруды көздейтін болсаңыз, онда мен сізге unit-linked-ке назар аударуды ұсынамын. Дәл осы өнім сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыруы әбден мүмкін.