bs-preloader__icon
ru kz en

Қарттықтың қамын ойлау: дүнпие жүзінде қарт адамдарға көбірек көңіл бөлінуде

Ресейде қарттарға арналған оңалту орталығы ашылғалы жатса, Қытайда қарттарға күтім жасайтын секторды белсенді дамыту жоспарлануда. Дегенмен, ұлттың қартаю мәселесі әлемдегі барлық мемлекеттер үшін өзекті мәселеге айналып бара жатыр, өйткені қартайып бара жатқан адамдардың өмір сүру ұзақтығы мен санының ұлғаюы мемлекеттің бюджетіне қосымша салмақ салады, сондай-ақ еңбекке қабілетті азаматтардың ерекше көңіл бөлуін және күтім жасауын талап етеді. Lifeinsurance.kz қаржы сарапшысы, ENPI.kz зейнеткерлік тақырыптамалық платформасының негізін қалаушысы Жуманова Ботадан Қазақстанда осындай әлеуметтік жобаларды іске асыру мүмкіндігі туралы пікірімен бөлісуді сұрады.
Қарттықтың қамын ойлау: дүнпие жүзінде қарт адамдарға көбірек көңіл бөлінуде

- Ботагоз, Ресейдегі немесе Қытайдағы қарт адамдарға күтім жасау тәжірибесін біздің Қазақстанда енгізуге Сіздің көзқарасыңыз қандай?

- Бұл біздің елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың үлкен қызығушылық туғызатын бағыты. Оны қазірдің өзінде бірнеше бизнес-командалар әртүрлі деңгейде әзірлеуде. Бұл арада барлығы төлеуге қабілетті сұраныстан басталады.

Қазақстанда жасы келіп, денсаулығының нашарлауы себебінен өздеріне көбірек көңіл бөлуді талап ететін қарт ата-аналарына байланысты мәселелері енді ғана басталып келе жатқан 35+ жасындағы орта топқа жатқызуға болатын шамамен 300 мың адам бар. Жуырдағы 10 жылдың ішінде бұл мәселе бұдан да күрделірек болғалы тұр, себебі қарт адамдар (ата-аналар) өздеріне барынша көңіл бөлуді және мамандардың күтім жасауын талап етеді. Осыған байланысты шығындардың барлығы мансаптарының және пайда табудың шыңына жетіп отырған 35-45 жас шамасындағы төлеуге қабілетті балаларына жүк болып тимек. Демек, олар үшін нарықта «ата бақшасын» (аталар мен әжелерге арналған бақшасын) сатып алу әлдеқайда қолайлырақ болады.

Мұндай қызмет көрсетулер Еуропада көбірек дамыған, өйткені еуропалық мемлекеттер халықтың қартаю мәселесіне әлдеқайда кірісіп кеткен. Оған қоса, олар үшін бэби-бумерлер буыны ең төлеуге қабілетті буын болып табылады. Бұл арада Германиядағы зейнеткерлерді мысал етіп алсақ болады.

Біздің елімізде мұндай сервистер, бірінші кезекте Алматы және Астана сияқты ірі қалаларымызда  пайда болады, себебі бұл қалаларда қызмет көрсетулер нарығы қалыптаса бастайды. Оған қоса, қала тұрғындарының табыстары да жоғары, 35+ жасындағы тұрғындар саны да көбірек.

Менталитет те, мәдениет те бұрынғыдай кедергі емес, себебі сервистер әлемі бара-бара жаһандануда. Онымен қоса, мұндай мекемелердің басым бөлігі тек күндіз ғана жұмыс істейді, түнгі уақытта қарттар өз жақындарымен бірге бола алады және тұра алады және солай істепуге тиіс те.

- Осы бағытты біздің елімізде дамыту үшін қандай іс-шараларды қабылдау керек деп ойлайсыз?

- бірінші кезекте, мемлекет дамыған мемлекеттердің үздік тәжірибесін енгізіп, бизнеске немесе кәсіпкерлерге, не болмаса әлеуметтік-белсенді топтарға осы бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттады енгізсе жеткілікті. Бұл арада, әдеттегідей, барынша бақылағаннан гөрі мемлекеттің «қолдау көрсеткені» қажет. Қолданатын бірінші құрал бұл балабақшаларды ашу тәжірибесінде орын алғандай, әрбір жеке адамды субсидиялау болып табылады. 

- Мұны кім жасау керек? Бизнес пе, әлде мемлекет пе? Мұнымен жеке меншік компаниялар айналысатын болса, олар мемлекеттік қолдауына мұқтаж бола ма? Және қаншалықты мұқтаж болады?

- Барлығын нарықтан, жеке адамның бастамасынан бастау керек. Ал мемлекет болса, осы бастаманы қолдауға тиіс. Классикалық тұрғыда мемлекеттік-жеке серіктестік осыла йжұмыс істейді.

- Бұл арада реттеу шаралары қажет деп ойлайсыз ба?

- Реттеуді нарықтың өзі-ақ іске асыра алады, яғни клиенттер аяқтарымен дауыс беруді әдетке айналдырған. 

-   Біздің менталдылығымызды, заңнамалық нормамызды және т.б. ескерсек, біздің елімізде бұл бағыттың қай бағыттарын ұсынуға болады?

-   Бұл қызмет көрсету саласы. Демек, қызметкерлерге, медициналық қызметкерлердің ілесіп жүруіне және т.б. қойылатын талаптар мен ережелер бар. Менің ойымша, жаңалық ашудың қажеті жоқ, керісінше, жеке меншік сектормен бірге сынамалы жобаларды іске қосу, нәтижелерді зерделеу және одан кейін ортақ пилоттардың негізінде тәжірибені масштабтау керек.

 

Ресей

РТИҚ, Bpifrance Францияның егеменді қоры және Orpea Group компаниясы қарт адамдарға күтім жасайтын орталықтар желісін ашуға €200 млн дейін салуды көздеп отыр деп хабарлайды rbc.ru. Сарапшылардың айтуы бойынша, Ресейде «ата-аналарының лайықты қарттығы» үшін төлеуге дайын буын пайда болған. 

Жобамен егжей-тегжейлі танысқан РБК дереккөзінің мәліметінше, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ), Bpifrance International Capital Францияның егеменді қорының бөлімшесі және Orpea Group қарт адамдарға арналған оңалту орталықтарының оператор-компаниясы  Ресейде «Сколководағы» медициналық кластерде, сондай-ақ Ресей өңірлерінде – бірінші транш аясында 20-30 жуық Clinea брендімен оңалту орталықтарының желісін құру туралы келісті. РБК сұхбаттасының анықтауы бойынша, қазіргі кезде орталық өңірдегі, оңтүстіктегі және Қиыр Шығыстағы алаңдар қарастырылуда.

Ресейдегі, оған қоса бүкіл әлемдегі Orpea Group қарт адамдарға кешенді күтім жасау тұжырымдамасын, яғни elderly care тұжырымдамасын іске асырады. Компания оңалту орталықтарын, тұрақты мекендеуге арналған қарттар үйлерін, үйде күтім жасау қызметін және психиатриялық диспансерлерді (олардың кейбірінде 15-25 жастағы жастарға да көмек көрсетілуде)  құрып жатыр. Компанияның негізгі брендтері — Clinea, Celenus және La Métairie болып табылады. Бүгінгі таңда Orpea Group жетекшілігімен 14 мемлекетте 96,5 төсектік 950 емхана (Еуропадан басқа мұндай мекемелер Қытай мен Бразилияда бар) ашылған.  Осындай емханалардың ең көбі – 33,443 мың төсектік 354 орталық – Францияда жұмыс істеп жатыр. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылдың басына дейін Ресейде әлеуметтік қызмет көрсететін жалпы 1,5 мыңнан астам стационарлық ұйым, соның ішінде қарттар мен мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған 584 интернат үйлері, 525 психоневрологиялық интернат, сондай-ақ 30 геронтологиялық орталық ашылып үлгерген. Олардың барлығын бірге алғандағы сыйымдылығы шамамен 290 мың орынды құрайды.

Ресей статистика агенттігінің 2018 жылғы маусым айындағы деректері бойынша Ресейде еңбекке қабілетті (60 және одан жоғары жастағы ер адамдар және 55 және одан жоғары жастағы әйелдер) жастан асқан 37,362 млн адам бар. НАФИ аналитикалық орталығының жүргізген сұрақ-жауап нәтижелері бойынша (сұхбаткерлерге жауаптың бірнеше нұсқасын таңдап алу мүмкіндігі берілді) ресейліктердің басым бөлігі (77%) қарт шағында жалғыз қалған адамдарға олардың туыстары көмек көрсетуге тиіс. Сұхбаткерлердің шамамен жартысы (42%) мемлекеттік мекемелердің, мысалы әлеуметтік қорғау органдарының көмегіне үміттенеді. Әрбір бесінші (21%) сұхбаткер жақын адамдарына (достарына, көршілеріне) сенеді екен. 17%-ы қарттарға еріктілер мен волонтерлар  көмектесу керек деп санайды.

Қытай

Осы арада, Кытай билігі жуырда қарт адамдарға күтім жасайтын секторды қаржыландырудың басымдылығы туралы мәлімдеді, себебі бұл елде халықтың осы тобының саны көбеюде.

2035 жылға дейін Қытайдағы қарт адамдардың саны 400 млн адамға жетеді. Бұл осы елдегі қарттарға күтім жасау жүйесін қайта ұйымдастыру бойынша батыл шараларды қабылдауға мәжбүрлейді.

Бүгінгі күні қарт адамдарға күтім жасау бойынша инфрақұрылым қоғамның сандық мүдделеріне де, сапалық мүдделеріне де сай келмейді. ҚХР Мемкеңесінің мәлімдемесінде: «Қарт адамдарға күтім жасау секторы тиісінше ынталандырылған жоқ. Ол үйлестіріліп және сайма-сай дамытылған жоқ, соның арқасында жеткізілімдер жеткіліксіз, қызмет көрсету сапасы төмен болып қалып отыр».

Саланы дамытуды ынталандыру аясында қарт адамдарға күтім жасайтын арнайы мекемелер үшін салықтық жеңілдіктерді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік облигацияларды шығару арқылы инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. Сақтандыру қорларына қарт адамдарға күтім жасау жөніндегі жобаларға инвестиция салудың ықтиярлы ережелері ұсынылады.

Жапония, Оңтүстік Корея

Жапонияның 126 миллион халқының 27%-ын 65 жастан асқан қарт адамдар құрайды. Қартайып келе жатқан адамдардың қаржы жүйесінің және бөлшек сауда индустриясының жұмысын қиындатып келе жатқанына біраз болды, алайда соңғы жылдары жаңа тренд пайда болды. Жергілікті салт-дәстүрлер жас ұрпақтан қартайып келе жатқан туыстарына қамқорлық көрсетуді талап етеді. Алайда бұл елдің қарттары кейде жалғыз қалып, күнін көре алмай қалады. Басқа амалын таппаған олар абақтыға түсу үшін ұсақ-түйек қылмыстарға барады деп хабарлайды  tjournal.ru.

Жапония сияқты Оңтүстік Корея да «қартайып келе жатқан халық» мемлекеті болып табылады. Бұл елдің жалпы халқының 14% астам бөлігінің жасы 65-тен асып кеткен. Олардың көбі зейнетақысының төмен болуы және жұмыстың жоқтығы салдарынан өздерін өздері қамтамасыз ете алмай отыр. Қоғамнан қол үзген мұндай адамдар тіршілігін жалғастырудың жалғыз құралы деп қылмысқа қарай бет бұрады деп жазған tjournal.ru.

Токиодағы Custom Products Research Group ұйымының демографиялық зертеуінің мәліметтері бойынша, Жапониядағы зейнетақы қарт адамдардың қажеттіліктерін әрең қанағаттандырады. Пәтерақының, азық-түліктердің және медициналық қызметтердің бағасы басқа кіріс көзі болмаған жағдайда қарттарды қарызға ақша алуға мәжбүрлейді.

Әсіресе, бұл проблема Жапония өңірлерінде өзекті болып отыр. Бұрынғы кездері салт-дәстүр бойынша жастар қарт адамдарға күтім жасауға дағдыландырылатын еді. Бірақ өңірлердің экономикалық және мансаптық келешегінің болмауы жастарды қартайған туыстарын жалғыз қалдырып, әлеуеті жоғары қалаларға кетуге мәжбүрлеуде.

Жақындарының қолдауынан айрылған кейбір зейнеткерлер абақтыға түсуден басқа амал таппайды: ол жақта оларға тегін ем көрсетіледі, сондай-ақ күніне үш рет тамақ беріледі. Басқалары өздеріне өздері қол жұмсау сияқты түбегейлі шараларға жүгінеді.

Bloomberg жазғандай, Жапонияда абақтыға түсу қаупі бар қарт адамдарға көмек көрсететін ешқандай мемлекеттік немесе жеке меншік оңалту бағдарламалары енгізілмеген. Десе де, оларды абақтыға қамалған кезде күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындардың көлемі күрт көтеріліп бара жатыр. 2015 жылы қарт адамдардың арқасында түзету мекемелеріндегі жалпы медициналық шығындар 50 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2005 жылға қарағанда 80% жоғары болып табылады. Абақтыларға қарт адамдарға күтім жасау үшін арнайы қызметкерлерді жалдау қажеттігі туындайды. Түнгі уақытта мұндай қызметкерлердің міндеттері күзетшілерге ауысады.

2016 жылы Жапония парламенті қайта қылмыс жасаған қарттарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған заңды қабылдады. Содан бері полиция қарт қылмыскерлерге оңалу үшін қажетті көмек көрсетуге ұмтылып, билікпен бірлесіп жұмыс істеп келе жатыр. Атап айтқанда, абақтылар тұтқалармен және арнайы дәретханалармен жабдықталады, білім беретін сыныптарда қарт қылмыскерлерге арнап сабақтар жүргізіледі.

Қазақстан

Қалай болғанда да, бұл бүкіл дүние жүзі үшін осы тақырыптың қаншалықты өзекті болып тұрғанын көрсететін деректердің бір бөлігі ғана. Ұлттар қартайып келе жатыр, және қоғамның алдына қарттар үшін лайықты қартаю жағдайларын жасау, медициналық көмекпен және күтіммен қамтамасыз ету, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу проблемалары қойылған. Мысалға, Германияда қарттар үйінде мекендеу құны орта есеппен айына 1700 евроны (700 мың теңгеден астам) құрайды.

18 миллион халқы бар Қазақстанда зейнеткерлердің саны шамамен 2 миллионға жетіп отыр. Орташа зейнетақы мөлшері 40 мыңнан аздап асады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша бүгінгі таңда республикамызда жалпы алғанда 3 мыңнан астам қарт адамдарды күтіп-ұстайтын жергілікті бюджеттердің есебінен 114 стационарлық интернат үйлері, 75 күндізгі стационар (мүгедектерге көмек көрсететін) жұмыс істеуде. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қарт адамдар мен мүгедектердің шамамен 55 мыңына қызмет көрсетеді.

 Дереккөздер:

https://www.rbc.ru/business/18/04/2019/5cb76af69a7947d685a0d119#ws

https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/v-kitae-planiruyut-aktivnoe-razvitie-sektora-po-uhodu-za-pozhilyimi-lyudmi

https://tjournal.ru/stories/86975-bez-nadezhdy-na-rodnyh-pochemu-pensionery-v-yaponii-stremyatsya-popast-v-tyurmu

Жария дереккөздерден алынған фотосуреттер.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру туралы не білуіңіз керек
Өмірді сақтандыру туралы не білуіңіз керек

Өмірді сақтандыру қорғауды қамтамасыз ете ала...

Егер сақтандыру агентінің портфелін сипаса …
Егер сақтандыру агентінің портфелін сипаса …

Сақтандыру агенті – өз өмірлерін қауіпсіз жа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру