bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығын өсудің жоғары қарқыны күтуде – S&P

Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығын экономиканың қалпына келуі және өмірді сақтандыру нарығын дамытуға бағытталған реттеушінің бастамалары арқасында өсудің жоғары қарқындары күтуде. Мұндай болжамды 2021 жылы Қазақстанның сақтандыру нарығының даму болашағы онлайн-конференциясы кезінде S&P Global Ratings өкілдері айтты.
Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығын өсудің жоғары қарқыны күтуде – S&P

Өткен жылы қолайсыз макроэкономикалық жағдайға қарамастан өмірді сақтандыру секторы дамуын жалғастырған болатын: қол қойылған сақтандыру брутто-сыйлықақылардың өсімі 16%-ды құрады, кірістілік көрсеткіштері жоғары болды, меншікті капиталдың табыстылығы (return on equity — ROE) 33%-ды құрады.

 «Сақтандыру өнімдерін әртараптандыру ұлғаюды жалғастыруда, бұл ретте пайыздық мөлшерлемелер деңгейіне тәуелді (мысалы, кепілдігі бар сақтандыру өнімдерімен) сақтандыру өнімдерімен байланысты тәуекелдерге сектордың ұшырағыштығы еуропалық елдерге қарағанда төменірек. Қазақстанда капиталдың ішкі нарығының жеткіліксіз дамуымен байланысты сақтандыру компаниялар жалпы инвестициялық портфельдің консервативті профилін қамтамасыз ету үшін көбінесе квазимемлекеттік және егеменді облигацияларға инвестициялайды», - деп түсіндірді S&P Global Ratings-тің «Қаржы институттары» тобы директорының орынбасары Екатерина Толстова.

S&P өмірді сақтандыру секторының қолайсыз макроэкономикалық жағдайға тұрақтылығын айтады, алайда бір жағынан бұл оның дамуы өте төмен базадан жалғасып келе жатқандығымен қамтамасыз етілген. Өсім сонымен қатар халықтың қаржылық сауаттылығының әлі де жеткіліксіз жоғары деңгейін көрсетеді, ол EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс, Африка) өңірінің дамыған елдерінде $2 мың орташа көрсеткішпен салыстырғанда 2020 жылы $29-ға - өмірді сақтандыру секторында халықтың жан басына сақтандыру сыйлықақысының төмен орташа көрсеткішін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш сақтандыруға шығыстар орташа есеппен халықтың жан басына $32-ға жуықты құрайтын, дамушы нарықтардың көрсеткіштеріне жақын. «ҚР-да сақтандыруға шығыстар деңгейі төмен. Бірақ біз реттеуіш жаңа өнімдерді енгізуіне қарай жоғарылаушы трендті көріп отырмыз. Мысалы, өмірді сақтандыру нарығындағы жаңа өнімдер. Біз сонымен қатар компаниялардың тұтынушыларға жаңа өнімдердің шарттарын түсіндіру бойынша жұмыстарын көріп отырмыз. Маңызды фактор қаржылық сауаттылық, адамдарға сақтандыру қорғауы не үшін қажет екенін түсіндіру болып табылады. Бұл ұзақ мерзімді фактор. Жалпы сақтандыру секторы бойынша қазіргі таңда бұл азырақ байқалуда», - деп өз көзқарасын білдірді S&P Global Ratings-тің «Қаржылық институттар» тобы директорының орынбасары Екатерина Марушкевич.

Сақтандырушылардың жұмысы сектор өсімінің айтарлықтай мүмкіндігін туындатады. Бірақ, нарықтың дамуында үлкен рөлді реттеуші органдардың бастамалары атқарады, ол 2023 жылға қарай шамамен $47-ға дейін өмірді сақтандыруға халықтың шығыстарын біртіндеп ұлғаюына ықпал ететін болады. «Аннуитеттік сақтандыруда болған заңнамалық өзгерістер нарықты одан әрі өсуге итермеледі және біз олардың өмірді сақтандыру нарығына жақсы әсер ететін болады деп күтеміз. 2021 жылдың төрт айында 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өмірді сақтандыру нарығы сыйлықақылардың көлемі бойынша 1,1 есеге өскен. Бұл ең алдымен, зейнетақы аннуитеттері есебінен болды. Ол осы өнімдерге қызығушылықтың барын білдіреді және ол ӨСК тарапынан ұсыныспен, халықтың тарапынан сұраныспен де сақталатын болады», - деген болжаммен бөлісті Екатерина Толстова.

Сала тәуекелдігі

S&P Global Ratings-те Қазақстанда өмірді сақтандыру секторы жаңа қатысушылар үшін нарыққа кіруге жоғары емес тосқауылдардың арқасында – сала динамикасын және осы сегмент компанияларының табыстылығының жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз ететін, сақтандыру өнімдерінің сипаттамаларын ескеріп, табыстылықтың жоғары көрсеткіштерімен сипатталады деп санайды. «Біз 2021-2022 жылы меншікті капиталдың (ROE) табыстылығы орташа шамамен жылына 20%-25%-ды, ал активтердің табыстылығы (return on assets — ROA) – шамамен 4-5%-ды құрайтын болады деп күтеміз, оны біз өмірді сақтандырумен айналысатын еуропалық компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш ретінде бағалаймыз, - деді S&P «Қаржылық институттар» тобы директорының орынбасары. – Қазақстандық өмірді сақтандыру секторының сала тәуекелдігіне біздің бағамыз өмірді сақтандыру секторы дамудың өте әр түрлі кезеңдеріндегі Италиядағы, ОАР, Уругвай және Омандағы баға деңгейімен бірдей деңгейде. Сонымен қатар, осы елдердің барлығында біз нарықтың болашақ өсімі үшін және табыстылықтың көрсеткіштері мен реттеу режимінің дамуы үшін мүмкіншіліктерді оң бағалаймыз».

Жаңа өнімдер

Соңғы екі жылда банк депозиттері бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі сонымен қатар кейбір клиенттерде біршама төмен кірістілікпен депозиттерге қаражатты орналастырудан анағұрлым жоғары инвестициялық кірістілікпен өмірді сақтандырудың баламалы өнімдеріне өтуге ынта туғызды. Бұл әсіресе өмірді сақтандырумен айналысатын қазақстандық компаниялар нарықтың осы сегментінде ұсына алған және соңғы үш жылда төмен базадан жылдам өсімді көрсеткен, АҚШ долларында ұсынылған өмірді сақтандыру өнімдері үшін маңызды. Біз бұл жағдайды өмірді сақтандырудың және зейнетақы сақтандырудың одан әрі дамуы үшін қолайлы деп санаймыз. «Шетелдік валютада ұсынылған құралдарды пайдаланумен байланысты валюталық тәуекелге ұшырағыштығы операциялық қызметтің және капиталдың көрсеткіштерінің нәтижелерінде кейбір құбылмалылықты қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл тәуекел өмірді сақтандыру компанияларына (ӨСК), сондай-ақ жалпы сақтандыруға тән. Біз осы тәуекелді бақылаймыз және оны факторлардың бірі ретінде айтамыз. Кейбір ӨСК валюталық құрауышпен өнімдерді ұсынады, сол себепті әрбір ӨСК өнімдерінің құрылымына жеке қарау қажет. Маысалы, кейбір ӨСК АҚШ долларында 4,5%-ға дейін кірістілікпен 10-15 жылдан астам мерзімге өнімдерді ұсынады, алайда мұндай «ұзақ» өнімдерді сақтанушылардың көбісі сатып ала бермейді. Клиенттердің көбісі анағұрлым қысқа мерзімге сақтандырылады және тиісінше мұндай өнімдер құралдарының табыстылығы айтарлықтай төмен. Осыған байланысты біз ӨСК-ге ішінара осы тәуекелділікті жою қолынан келіп отыр деп санаймыз. Бұл ретте ӨСК-лердің көбісі өз портфельдерінің көп бөлігін облигацияларға, оның ішінде мемлекеттік және квазимемлекеттік құралдарға инвестициялап жатқанын айта кеткен жөн. Бұл портфель бойынша кірістілік 2020 жылы шамамен 7,7%-ды құрады, біздің ойымызша ол дамыған нарықтармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш», - деді Екатерина Толстова.

Қорытындыда S&P өкілдері сонымен қатар өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар болжанып отырған сақтандыру сыйлықақысының жылдам өсімі аясында төлем қабілеттілігі маржасының көрсеткіштерін сақтайтынын және капиталдың абсолюттік мағыналарын ұлғайтатынын айтты.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру зейнетке шығуға арналған инвестиция ретінде
Өмірді сақтандыру зейнетке шығуға арналған инвестиция ретінде

Өмірді сақтандыру зейнетке шығуға инвестиция ...

Инвестициялардың дұрыс әдістері аталды
Инвестициялардың дұрыс әдістері аталды

Егер шын айтатын болсақ, жеке инвестордың бос ...

Зерттеу: қандай қазақстандықтар өмірді сақтандырады
Зерттеу: қандай қазақстандықтар өмірді сақтандырады

Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясының қ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру