bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстанда халықтың жинақтарын есептеді

Қазақстанда депозиттердің көлемі бір жылда 3,6 трлн теңгеге өсті деп хабарлайды LS.
Қазақстанда халықтың жинақтарын есептеді

Ұлттық банктің деректері бойынша 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша салымдарда 21,9 трлн теңге (бейрезиденттердің шоттарын есепке алмағанда) сақталды. Ал 2019 жылдың осы кезеңінде – 18,3 трлн теңге болды. Осылайша, бір жыл ішінде сома 19,6%-ға немесе 3,6 трлн теңгеге өсті. Осы кезеңде ұлттық валютадағы депозиттер 27,8%-ға, 13,3 трлн теңгеге дейін, шетелдік валютада – 8,8%-ға, 8,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Бұл ретте жеке тұлғалардың салымдарында осы жылдың желтоқсан айының басында 10,4 трлн теңге, заңды тұлғалардың салымдарында – 11,5 трлн теңге сақталды.

Сонымен бірге жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі (бейрезиденттердің шоттарын есепке алмағанда) 10,3 трлн теңгені құрады. Өңірлер бөлігінде қаражаттың барлығынан ең көбі Алматыдағы салымдарда – 4,8 трлн теңге және Нұр-Сұлтанда 1,2 трлн теңге сақталды. Барлығынан ең аз Қызылорда облысында – 132 млрд теңгеге жуық және Түркістан облысында – 59,7 млрд теңге.

Дереккөзі: https://lsm.kz/depozit-za-god

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неге әл-ауқаты жоғары отбасылар жаңа қатерлер алдында әлсіз болып отыр
Неге әл-ауқаты жоғары отбасылар жаңа қатерлер алдында әлсіз болып отыр

PRMA-ның жаңа зерттеуі жоғары табысты клиенттер...

Зейнетте жоғары табысқа қалай жинауға болады
Зейнетте жоғары табысқа қалай жинауға болады

Қазақстандықтар жиі азғантай зейнетақыға шағ...

Өмірді сақтандыру немесе қор нарығына инвестициялар
Өмірді сақтандыру немесе қор нарығына инвестициялар

Өмірді сақтандыру полисін сатып алғанда, сыйл...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру