bs-preloader__icon
ru kz en

Вера Гордеева: «Ақша жұмыс істеу керек және кіріс әкелу керек»

Сақтандыру компаниясы көптеген әртүрлі бизнес-үдерістерді біріктіреді. Компаниядағы үдерістерге қаржылық орнықтылық пен клиенттің алдында міндеттемелерді орындау байланысты. Әдетте бірінші үдеріс – ол компанияға ақшаның түсуі, полистерді сату. Сатқаннан кейін басқа үдеріс «қосылады» –түскен ақшамен басқару. Осы үдерістің қалай өтетіндігі жайында «НОМАД LIFE»ӨСК»АҚ қаржы директоры Гордеева Вера Викторовна айтып береді. Сонымен компанияға ақша түсті. Содан кейін не болады?
Вера Гордеева: «Ақша жұмыс істеу керек және кіріс әкелу керек»

Вера Викторовнақаржы үдерістерімен таныс емес кейбір клиенттеріміздің ойынша олардың жарналары компанияда қалады, солай маЕсеп айырысу шотына түскен кезде ақшамен не болады?

- Компанияда жиналған барлық сақтандыру сыйақылар есеп айырысу шоттарымызда қозғалыссыз жатпайды, себебі мынадай қағида бар -  ақша жұмыс істеу керек және кіріс әкелу керек. Сондықтан компания оларды кіріс әкелетін тиімді қаржы құралдарына салады, өйткені біз сақтандыру полистері бойынша белгілі бір пайдаға клиенттеріміздің алдында кепілдік береміз.

Компания ақшаны қайда салады?

 - Осы салымдар мемлекеттік және әртүрлі шығарушылардың – (отандық және шетелдік) бағалы қағаздарына, Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріне салынады. Осында компания тағы бір қағиданы ұстанады  -  «барлық жұмыртқаны бір қоржында ұстама».  Сондықтан өз тәуекелдерімізді әртараптандыруға және қаражатты әртүрлі банктер мен бағалы қағаздарға салуға тырысамыз. Ақшаның бір бөлігі агенттерге комиссиялық сыйақы,сақтандырушыларға сақтандыру өтемақысын және компанияның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төлеуге жұмсалады.

- Ақшаның қайда инвестицияланатындығы жөнінде шешім қалай қабылданады?

- Әрине, осындай жаhандық шешімдер жеке дара қабылданбайды өйткені біз клиенттеріміздің алдында жауап береміз. Ол шешім менімен – қаржы директорымен немесе басқарма төрағасымен қабылданбайды. Компанияда активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Кеңес (АПБК) бар.  Ол директорлар Кеңесіне есеп беруге тиіс алқалы орган. Тек АПБК-те дауыс беру арқылы ақшаны нақты қайда салатынымызды шешеміз. АПБК мүшелерінің пікірлері қарама-қарсы болып келеді. Біреу «қолдаймын», екіншісі «қарсымын» деп жауап береді, барлық пікірлер ескеріледі, барлығы тыңдалады. Осында біз ақылға салынған шешім қабылдауымыз керек өйткені үлкен сомалармен жұмыс істейміз.

- Банктердің біреуінде проблемалар болса, не болады?

- Қазіргі кезде шынында да Қазақстанның қаржы нарығы тұрақты емес, сондықтан клиенттердің ақшасын банктерге жібермес бұрын АПБК-те  барлық банктердің позицияларын таразылаймыз. Салымдарды орналастыру бойынша келісімшарттардағы міндетті тармақ – банктің рейтингі Ұлттық банктің нормативтік көрсеткіштерінен төмен түскенде компания өзіне залал келтірместен депозиттің шартын үзе алады. Осының барлығы өзімізді, өзіміздің сақтандырушыларымызды сақтау үшін жасалған. Жұмыс істегенде озуға тырысамыз.  Компаниямызда тәуекел-менеджер бар, ол күнделікті банктердің жағдайын, олардың кредит қоржынын қадағалайды. Егер банктің жағдайы нашар екендігін білсек, сын сәтке дейін ақшаны алуға тырысамыз. Банктің проблемалары пайда болғаннан компаниямыз біржола қаражатынан айырылды, біз оны ескермедік және шаралар қолданбадық деген жағдай болған емес. Әрине маған қаржы директорына, тәуекел-менеджеріне, компания басшылығына және активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Кеңеске «уақытында әрекетке дайын болу керек».

- Қалайша мемлекет сақтандыру компаниясының қызметіне әсер етеді?

- Біздің уәкілетті органымыз – ҚР Ұлттық Банкі. Ол сақтандыру компаниясының қызметіндегі көп салаларды реттейді. Олар: тиісті нормативтік-құқықтық акттермен белгіленген капиталға талап, ірі мәміле жасауға талаптар, активтерді әртараптандыруға талаптар, компанияның пруденциялық нормативтеріне талаптар. Осы пруденциялық нормативтерді сақтау – қаржы тұрақтылығының және компанияның төлем қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады. 

Сондықтан қандай болса да қаржы көрсеткіштері нашарлағанда ерте әрекет ету шаралары қабылданады.  Маңызды нормативтер төмендегенде, компания осы жағдайдан шығу үшін іс-әрекет жоспарын құрып, оны уәкілетті органға беру керек және оның орындалуы туралы үнемі есеп беру керек. Біз үшін мемлекет Ұлттық Банк тұлғасында компаниямызды артық өзіндік әрекеттен шектейтін орган.

- Есептемені қалай жасайсыздар? Ол жерде не көрсетіледі?

- 2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары есептемені қаржы есептемесінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес жасайды. Есептеменің элементтеріне қаржы жағдайы туралы есептеме, кірістер мен шығындар туралы есептеме, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептеме, капиталдағы өзгерістер туралы есептеме жатады. Барлық есептеме өткен жылмен салыстырылып жасалады. Осылайша қандай болса да көрсеткіштердің жоғарылағанын немесе төмендегенін, активтердің, кірістердің және компания капиталының өсімін байқауға болады.

- Есептемеге талаптар бар ма?

- Уәкілетті органымыз – Ұлттық Банктің бекіткен нысандары бар. Бухгалтерлік есеп қағидасына талаптар сияқты. Бұл сәйкестік, анықтық, үздіксіздік, бейтараптылық қағидасы және т.б.  Барлық есептеме осы қағидаларды ұстану керек.

- Сақтандыру компаниясы мен өндірістік компанияның қаржыны басқаруда қандай айырмашылықтары бар?

- Сақтандыру компаниясы бұл қаржы ұйымы. Сондықтан бұл жерде қаржы қызметінің тәсілдемесі мүлде басқа. Біздің есептеуімізше инвестициялық қызмет сақтандыру компаниясы үшін өсіп келе жатыр, ол уақытымен жиналған кірістерге тең болу керек.

Менің ойымша, өндірістік компанияға өндірістің дамуы аса маңызды. Бос ақшалай қаражат жаңа жабдықты, жаңа материалдарды сатып алуға және өндірісті жетілдіруге жұмсалады. Ал, бізде бос ақшалай қаражат жаңа қаржы құралдары арқылы шығу керек, неғұрлым олар тиімді және сенімді болса, соғұрлым Компанияға да, біздің сақтандырушыларымызға да жақсы болады. 

- Кеңесшіге клиент сұрақ қоюы мүмкін – компания жұмыс істемесе, не болады? Сіздің жауабыңыз.

- Менің ойымша, клиенттеріміз  ол жағынан еш алаңдамау керек. Өйткені біздің уәкілетті орган ешқандай сақтандыру компаниясына нарықтан кетуге жол бермейді. Мысалы, өмірді сақтандыру бойынша компания жабылған кезде оның міндеттемелері басқа ӨСК берілді. «Кешіріңіз, компаниямыз жабылды»деп ешбір клиентке айтылмаған.

- Неліктен сақтандыру компаниясына ұзақ уақытқа ақшаны еш күдіксіз сеніп тапсыруға болады? Сіздің ойыңызша, жинақтаушы өмірді сақтандыру полисі мен банк депозитінің айырмашылығы қандай?

- Менің білуімше, барлық банктерде 3 жылдан асатын депозиттер болмайды. Олардың ешқандай тәуекелі жоқ, сіздің ақшаңызды пайызбен қайтарып береді.  Жыл сайын компаниямыздың өнім сызығы түрлендіріліп жатыр. Мысалы, бізде жаңа өнім  -  «Валюталық жоспар» пайда болды. 2015 жылы теңгеміздің тұрақсызданғанын көріп, тұрғындарымызда ұлттық валютамызға деген сенімсіздік пайда болды. Тұтынушыларымызды қызықтыру үшін осы бағдарлама енгізілді. Клиентіміздің бірегей өнімі бар. Оны бір де бір банк, облигация бере алмайды, яғни  бұл сақтандыру, жинақтаушы және оған қоса валюталық өнім де қосымша кепілдіктер мен артықшылықтар береді.  Себебі жинақтаушы сақтандыру өнімдері  ұзақ мерзімді  - 5,10,15 жыл. Осыған ұқсас өнімді басқа жерден ала аласыз ба? Оны тек өмірді сақтандыру бойынша компаниядан ғана ала аласыз. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Диетолог дұрыс кешкі ас неден тұруы керектігін айтып берді
Диетолог дұрыс кешкі ас неден тұруы керектігін айтып берді

Денсаулықты нығайту және қажет белгіде салмақ...

Freedom Finance Life кредиттік рейтингі «В» деңгейінде расталды
Freedom Finance Life кредиттік рейтингі «В» деңгейінде расталды

S&P Global Ratings өмірді сақтандыру компаниясы Freedom Fin...

Банктердің жағдайы және ҚНДРА-ның жоспарлары
Банктердің жағдайы және ҚНДРА-ның жоспарлары

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тә...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру