bs-preloader__icon
ru kz en

Түркияда жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру ерекшеліктері туралы

Түркияда еңбекті сақтандыру басқа елдерде қолданылатын сақтандыру қағидаларынан айтарлықтай өзгешеленбейді, ол өндірістегі жазатайым оқиғалардан жарақаттануды, кәсіби ауруларды емдеуге қажет барлық шығындарды, еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды өтейді.
Түркияда жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру ерекшеліктері туралы

Мемлекеттік ұйымдар мен құрылымдарда жұмыс істейтін тұлғалар мемлекет есебінен сақтандырылған болып есептеледі, жеке жұмыс беруші қызметкерлерін жұмысқа шықпай тұрып, сақтандыруға міндетті. Жалданатын адамдардың қызметін айына 10 реттен кем пайдаланатын тұлғалар жұмыс беруші болып есептелмейді. Бұл шарт оларды өздерінің оқтын-оқтын немесе қысқа мерзімді  жұмыстарға жалдайтын  жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетінен босатпайды.

Бір күндік тазартулар, балаларға, қарттарға, науқас адамдарға сағаттап қарау, маусымды ауылшаруашылық жұмыстар, мәселен, өнім жинау, ұсақ косметикалық жөндеу – осы аталған барлық жұмыстар қысқа мерзімге жұмыс күшін жалдауды талап етеді. 

Түркияда бір жұмыс күніне сақтандырудың өте ыңғайлы жүйесі жасалған. Түркияда жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру ерекшеліктерінің бірі ретінде қысқа мерзімді жалданбалы жұмыстарға арналған сақтандыру полисін рәсімдеу болып табылады.  Жалдаушы 5510 нөміріне СМС жолдап, өзінің жеке мәліметтерін хабарлайды да, өзін жалдаушы ретінде көрсетеді. Сосын жалданушының деректерін жолдап, оны қызметкер ретінде көрсетеді де, 2,10 лира төлейді. Осындай әрекетті жасау арқылы жалданған қызметкерлер бір жұмыс күні бойына өндірістік жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан сақтандырылған болып есептеледі.

Дерекнама: https://rusturkey.com/post/152967/ob-osobennostyah-strahovaniya-zhizni-i-zdorovya-rabochih-v-turcii

Фотосурет abc-f.com.ua,  eurabota.ua сайттарынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Ұмытылған» депозиттерден ақшалар БЖЗҚ-ға жіберіледі
«Ұмытылған» депозиттерден ақшалар БЖЗҚ-ға жіберіледі

Осы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның деп...

Ресей әйел азаматтары ақшаны қайда салады
Ресей әйел азаматтары ақшаны қайда салады

Әлемдік капиталдың үштен бір бөлігі немесе $70 ...

Өмірді жедел сақтандыруды сатып ала отырып, нені білу қажет
Өмірді жедел сақтандыруды сатып ала отырып, нені білу қажет

Covid пандемиясы көптеген отбасылардың назарын ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру