bs-preloader__icon
ru kz en

Неліктен финдер сақтандыру компаниялармен шарттарды жасасуға ұмтылады

Финляндияда сақтандырудың қарапайым емес саласын заң тұрғыдан реттеу ұмтылысы көптеген сұрақтардың пайда болуына және әр түрлі жағдайлардың айқындалуына әкеп соқты деп хабарлайды rg.ru.
Неліктен финдер сақтандыру компаниялармен шарттарды жасасуға ұмтылады

Сонымен, отбасы мүшелерінің бірінен айырылғаны үшін туысқандардың пайдасына өтемақысының орташа статистикалық төлемі Суомиде бірнеше жүз евроны ғана құрайды. Бұл елдегі қанішерлер болып, әдеттегідей, маскүнемдер, қаңғыбастар және ақыл-есі дұрыс емес адамдар табылатынымен байланысты. Олардың табыстары төмен болғандықтан, олардан ешнәрсе өндіріп алу мүмкін емес. Ал Финляндияда асыраушысынан айырылған үшін басқа төлемдер қарастырылмаған.

Есесіне әлеуетті өз-өзіне қол жұмсағандардың туыстары өте еркін жағдайда отырады. Мысалы, жергілікті заңдарға сәйкес егер сақтандыру өз-өзіне қол жұмсаған күнге дейін бір жыл бұрын ресімделген болса, оның туыстары сақтандыру ақшасын толық мөлшерде алады. Бұл сомалар шарттың талаптарына байланысты бірнеше жүз евродан бастап бірнеше миллион евроға дейін болуы мүмкін. Ал 12 айды күтпей өз-өзіне қол жұмсағандар мынаны білуі тиіс: оның туыстары көк тиын ала алмайды.

Сондай-ақ, әр түрлі табиғи өзгерістер және әр түрлі апаттар (авиациялық, автокөлікті, теміржол) салдарынан өз туыстарынан айырылған адамдар мемлекет тарапынан ешбір өтемақыны ала алмайтыны да оғаш жағдай. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азияда орын алған цунамидің нәтижесінде өз туыстарынан айырылып қалған адамдар осындай жағдайға тап болды. Алайда, финдік мемлекетте қандай да жағдайларда мүгедек болып қалған адамдар үшін қомақты төлемдер қарастырылғанын атап өту жөн. Егер адам автокөлік апатында, жай төбелесте жарақаттанса, немесе оның басына кірпіш құлап қалған болса, оның өмірінің ақырына дейін Суомидің әлеуметтік қызметтері оны қамқорлығына алады.

Финляндияда мемлекеттік өтемақылық төлемдердің мөлшері өте төмен, көбінесе нөлдік деңгейде болғандықтан, адамдар сақтандыру компанияларымен шарт жасасуға ұмтылады. Әдетте, сақтандыру компаниялары өзіне алған міндеттемелерін уақытылы орындайды. Алайда олардың қызметтері қымбат тұратынын ескерген жөн. Сондықтан әрбір финн апат кезінде өз ақшасын қайтарып алу үшін, жылына бірнеше мың евроны төлеуге бел бумайтыны анық, өйткені бұл апат болмауы да мүмкін.

Дереккөзі: https://rg.ru/2010/11/23/strahovanie.html

Фотосуреттер  geopolitica.ru, inshe.tv сайттарынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері
Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері

Қаржы алаяқтарының схемалары күннен күнге түр...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру