bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстандықтар 2018 жылда қандай аурулармен жиі ауырған еді?

Желшешек ауруы тіркелген жағдайлардың саны бойынша алдыңғы орынға шықты, деп kursiv.kz хабарлайды.
Қазақстандықтар 2018 жылда қандай аурулармен жиі ауырған еді?

Былтырғы жылы Қазақстанның тұрғындары арасында аурулардың тіркелген жағдайлар арасында көп таралған ауру ретінде жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы, оның ішінде желшешек ауруы тіркелген, деп ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитеті хабарлайды.

Сонымен елде төмендегідей аурулар тіркелді:

  • жоғары тыныс алу жолдарының асқынған инфекциясы – 3285,8 (2017 жылы  – 3756,7) жағдай 100 мың тұрғынға,
  • асқынған ішек инфекциясы – 65,7 жағдай (65,5),
  • тыныс алу органдарының туберкулезі – 42,4 жағдай (45,2),
  • сифилис – 20,4 жағдай (24,3),
  • педикулез – 10,6 жағдай (13,1),
  • вирусты гепатит – 5,8 жағдай (4,2)
  • қышыма – 3,1 жағдай (4,1).

Жоғарғы тыныс алу жодарының инфекциялары арасында кеңінен таралған аурулардың бірі желшешек ауруы болды, 50 381 жағдай тіркелген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,6 мың науқасқа кем көрсеткішті құрады.

Сонымен қатар 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда қызылша ауруға шалдыққан адамдардың саны артылған – 2 және 576 жағдай сәйкесінше.

ИТВ-инфекциясына шалдыққан адамдардың арасындағы саны 3100 жағдайды (2017 жылы – 2856 адам), оның ішінде 14 жасқа дейін балалар арасында 28 бала ИТВ-инфекциясына шалдығаны анықталды.

Сонымен қатар былтырғы жылы түйнеме ауруға 2 адам шалдығаны тіркелді.

2018 жылы ел тұрғындары 3,1 есе тұмаумен жиі ауырса, бірақ  78,7%-ға кем дерматомикозбен ауырды.   
 

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/obschestvo/2019-02/chem-chasche-vsego-boleli-kazakhstancy-v-2018-godu

Фотосурет Казинформ сайтынан алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Гарвард психологтары адамдарды не бақытты ететінін анықтады
Гарвард психологтары адамдарды не бақытты ететінін анықтады

86 жыл бойы Гарвард зерттеушілері жүздеген ада...

Өмірді сақтандыру саласында қайта сақтандыру рөлі
Өмірді сақтандыру саласында қайта сақтандыру рөлі

Неліктен қайта сақтандыру мүліктік сақтандыр...

Теннесси тұрғындары өмірді сақтандыру бойынша жеңілдіктерге ие болды
Теннесси тұрғындары өмірді сақтандыру бойынша жеңілдіктерге ие болды

Теннесси тұрғындары үшін өмірді сақтандыруды...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру