Спорт пайдалы, бірақ өз шегімен. Хьюстон университетінің зерттеушілері белгілейді: дене жаттығулары сау иммундық жүйені қолдауда маңызды рөл атқарады.
«Біркелкі қарқындылықтағы ұдайы дене жаттығулары кез-келген жаста иммундық жүйені нығайта алады. Ол ағзадағы қабынуды азайтады, лимфодренажды қолдайды, күйзеліс гормонының шығарылуын азайтады және ұйқыны жақсартады. Бұдан бөлек, жүйелі дене жаттығулары «қартайған» және «жас» иммундық жасушалардың жақсы құрамына және иммундық бақылаудың жақсаруына әкеледі», - деп хабарлады ғылыми мамандар.
Толыққанды ұйқы. Адамның денесі ұйқы кезінде регенерация, миды ықтимал уыттан тазарту үдерістерін іске қосады. Тюбинген университетінің ғалымдары дұрыс ұйқы иммундық жүйенің жақсы жұмысы үшін маңызды екенін мәлімдеді. Сарапшылардың сөзінше, ұйқының жеткілікті мөлшерінсіз жүйке жүйесі иммундық жауапқа маңызды барлық хабарламаларды жеткізе алмайды.
«Ұйқының сапасын спорттың көмегімен немесе күнделікті өмірде жаттығулардың көмегімен, күйзелістің төмен деңгейімен және ұйқыға уақытылы жатудың арқасында жақсартуға болады. Иммундық жүйеге бұл өте жақсы әсер етеді», - деді олар.
Пробиотиктік өнімдер. Оларды тұрақты тұтына отырып, денсаулықты жақсартуға болады. Ашытқан қияр және қырыққабат, кимчи, йогурт секілді пробиотиктер бар өнімдер иммундық жүйені активтендіреді. Пробиотиктер – бұл «жақсы» бактериялар, олар ішекте тұрақтайды және ішек флорасының балансына жақсы әсер етеді. Айтпақшы, Отаго Новозеландттық университетінің тәжірибелері пробиотиктерді алған қатысушылар суық тиюден жақсырақ қорғалғанын, ал ауырған кезде тезірек жазылатынын көрсеткен.
С, D және цинк дәрумендерінің жеткілікті қоры. Күзде тамаққа балғын өсімдік өнімдерін жеу маңызды. Атап айтқанда, ағзаға С дәрумені қажет, ол алмада, апельсинде, лимонда, бұрышта көп. С дәруменін алу тұмаудың ұзақтығын қысқартатыны және оның белгілерін азайтатыны жөнінде деректер бар.
D дәруменіне қатысты айтатын болсақ, ол иммундық жүйеге жаңа қорғаныс жасушаларын шығаруға, ал цинк олардың қызметін қолдауға көмектеседі – бұл заттар сондай-ақ жақсы иммунитет үшін өте маңызды. Ағзада олардың болуын қан талдамасының көмегімен тексеруге болады.
Сурет ашық дереккөздерден