bs-preloader__icon
ru kz

Диетолог тіс, тері және шаш саулығы үшін қажетті азық-түліктерді атады

Үйлестірілген тамақтану полидәрумендер мен ББҚ-ларға қарағанда тістің, терінің және шаштың жағдайын тиімдірек жақсарта алады. Сұлулық пен саулыққа қандай азық-түліктер қажет екенін Sputnik радиосына сұхбатта диетолог-дәрігер, нутрициолог Наталья Нефедова айтып берді.
Диетолог тіс, тері және шаш саулығы үшін қажетті азық-түліктерді атады

Оларды қабылдағаннан кейін бірден шаш ұзынырақ, ал тырнақ – мықтылау болып кететін дәрумендер мен микроэлементтер жоқ. Мұндай уәделер – таза маркетинг, деді ол. Бірақ үйлестірілген тамақтану мақсатқа жетуге көмектеседі. «Жаңғақтар, дәндер немесе жаңғақ пастасы теріге, тіске және шашқа пайдалы. Олар таптырмайтын омега-3 қышқылын құрайды. Бірақ олар өте майлы азық-түліктер, сол себепті мөлшер сіздің тәуліктік калоражыңызға сәйкес келуі керек. Өсімдік майы сондай-ақ шаш пен теріге пайдалы, ол да омега-3-ті құрайды», - деді диетолог дәрігер.

Рационда міндетті түрде балық болуы тиіс. Ерекшелік ретінде тіпті балық консервілері де келеді. Ет туралы айтатын болсақ, оны бұршақ тұқымдастармен, тофумен немесе жаңғақтармен алмастыруға болады, деп санайды Наталья Нефедова.

Кальцийдің ең басты көзі – бұл сүт өнімдері және оларды алмастырушылар. Өсімдік сүтіне сонымен қатар кальций, D және B12 дәрумендерін қосады, деп түсіндірді диетолог-дәрігер. Бұдан бөлек, А және Е дәрумендеріне бай азық-түліктерді тұтынған маңызды. Оларға бауыр, сары және қызыл көкөністер мен жемістер, авокадо жатады. Ал полидәрумендер кешеніне және тағамдық қоспаларға өте абайлап қарау керек. «ББҚ фармакологияға қарағанда кемірек қадағаланады. Маркетинг өте қатты дамыған және адамдар оларды қанша жесе де болады деп қабылдайды. Шын мәнісінде олай емес. Оларды сондай-ақ дәрілік препараттар ретінде қабылдау керек. Улану тым күшті, ал салдары – өте нашар болуы мүмкін», - деп алдын-ала ескертеді дәрігер.

Дереккөзі: https://radiosputnik.ria.ru/20210328/produkty-1602946850.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру жас ата-аналарға неғұрлым қолжетімді болып келеді
Өмірді сақтандыру жас ата-аналарға неғұрлым қолжетімді болып келеді

Жастар білім алады, жұмыс істейді, үйленеді, жы...

Өмірді сақтандыру бойынша төлемдердің қандай жолын таңдаймыз
Өмірді сақтандыру бойынша төлемдердің қандай жолын таңдаймыз

Әдетте сақтандыру төлемі сақтандырушымен бар...

Халық-Life басшысы: Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс едәуір өседі
Халық-Life басшысы: Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс едәуір өседі

Өмірді сақтандыру нарығы үшін өткен жыл оңай б...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру