bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар forex-компанияларға жиі шағымдануда

LS-тің ресми сұратуына жауапта Қаржы нарығын реттеу агенттігінде осындай ұйымдарды бақылау мәселелері бойынша заң жобасы парламент мәжілісінде қарауда екені айтылды.
Қазақстандықтар forex-компанияларға жиі шағымдануда

«2021 жылдың басынан ҚНРДА-ға шетелдік валютаны және өзге қаржы құралдар саудасына қолжетімділік бойынша қызметтерді көрсету сылтауымен азаматтардан ақшалай қаражатты тартатын компаниялардың іс-әрекеттеріне 115 шағым түскен», - деп хабарлады агенттікте.

ҚНРДА-да сондай-ақ шетелдік валютаны және шетелдік нарықтарда өзге қаржы құралдар саудасына қазақстандық инвесторларға қолжетімділікті ұсынатын ұйымдардың қызметі қазіргі таңда интернетте белсенді жарнамаланып жатқанын айтты.  

Қазір forex нарығында жеке тұлғалар үшін қызмет көрсететін субъектілерді реттеу периметріне қосу, инвестициялық кеңес беру қатысында жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында жосықсыз тәжірибелерге қарсы қимыл бойынша шараларды кеңейту жұмысы жүргізілуде.

«Мұндай ұйымдардың іс-әрекеті туралы ақпарат құқық қорғау органдарының назарына жеткізіледі және аталған компаниялардың сайтын бұғаттау мүмкіндігі туралы ақпарат министрлігінің мекенжайына хаттар жолданады. Қосымша іс-әрекетіне шағымдар келіп түскен, лицензия берілмеген қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі жарияланады», - деп түйіндеді ҚНРДА-да.

Дереккөзі: https://lsm.kz/foreks-regulirovanie

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жақсы зейнетақы неден басталады?
Жақсы зейнетақы неден басталады?

Ресейде зейнетақы жасы деңгейінің көтерілуі а...

Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз
Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз

Өмірді сақтандыру алуан түрлі болады, сол себе...

Өмірді сақтандыру нарығы: қорытындылар мен жоспарлар
Өмірді сақтандыру нарығы: қорытындылар мен жоспарлар

Бірінші қарашада "өмірді сақтандыру" саласы бо...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру