bs-preloader__icon
ru kz en

Әйел қайтыс болған жағдайға жоспар барма?

Дәл осындай тақырыппен осыдан тура 20 жыл бұрын британдық сақтандыру компаниясы Allianz Life ерлі-зайыптылардың өмірін сақтандыру бойынша өзінің жарнамасын шығарды. Мойындау керек, біздің заманымызда осындай мәтін үшін турашыл британдықтарды бірден бірнеше баптар бойынша соттап жіберетін еді. Алайда, бұл жарнамада жарнамалық мәтін авторларының өзіне тән әзіл сезіміне қарамастан, ақиқат түйірі бар. Сіздердің назарларыңызға аударманы ұсынамыз.
Әйел қайтыс болған жағдайға жоспар барма?

«Дауласайық, сізде мұндай ой тіпті болмаған. Осы уақыт бойы сіз о дүниеге бірінші баратыныңызды және сізге емес, әйеліңізге әрі қарай қалай өмір сүру керектігін ойлау керек екендігін ойладыңыз. Әйеліңіздің емес, сіздің өміріңізді сақтандыру қажет деп ойладыңыз. Игілікті, ештеңе айта алмайсыз. Бірақ бұл көрегендік емес. Әйеліңіздің сізді ойлайтынына ешқандай кепілдік жоқ. Статистикаға сәйкес мұндай нәтиженің ықтималдығы — 60%-дан сәл артық болып келеді. Сондықтан, егер түзелмейтін жағдай туындаған кезде сіздің өміріңіздің қалай айналатыны туралы ойлану керек. Және қандай да бір әлі айқындалмаған болашақта емес, күні ертең  1983 жылы 24 маусымда жүзеге асыру қажет. Қолыңыздан келеді деп ойлайсыз ба? Бұған таза тәжірибелік ұстанымнан қарап көрейік. 

Пісіру және жуу — бұл сізге қиюға тура келетін үй жұмысының сағаттары. Әрине, балаларды бағу керек. Сіз оларға керек уақытыңызды бөле алатыңызға сенімдісіз бе? Ұйықтар алдында кітаптар оқуға,математика бойынша үй жұмысына көсектесуге, баламен біздің үлкен әлемді қайтадан тануға? Түсінікті жай, сізге көмек қажет, басқаша болуы мүмкін емес. Бірақ, мына әлемдегі барлық зат тәрізді көмек үшін де төлеу қажет. Соңғы зерттеулерге бойынша әдеттегі үш баланың анасы үй жұмысына апта сайын 80 сағат жұмсауға мәжбүр. Сіз өзіңіз ойлап көріңіз, аптасына сексен сағаттан! Егер сағаттын құнын  2,5 фунт стерлингпен (ҚР ҰБ қазіргі заманғы курсы бойынша шамамен 1 120 теңге) есептесе, онда жылына 10,4 мың фунт (шамамен 4,7 млн. теңге) шығады! Ал, сіз мұндай ақшаларды қайдан алмақсыз?

Алдымен, осы беттің оң жақ төменгі бұрышына [купон нысанының оң жақ төменгі бұрышында] назар аударыңыз. AlbanyLife барлығы айына 15 фунт үшін (6 720 теңге) 50 мың фунт стерлингте (24,4 млн. теңге) сақтандыру төлемін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, біз сіз үшін ерлі-зайыптылардың  кез-келген  біреуінің қайтыс болған жағдайында төлемдер қарастырылған «Әйелі мен күйеуі» құрамдастырылған полисін рәсімдей аламыз. Қосымша ақпарат алу үшін пошта арқылы купон жіберіп, бізге хабарласыңыз. Мүмкін өз әйелінің қайтыс болу жағдайына өмірді жоспарлау жағымды емес шығар, бірақ бұл әрбір жауапты әкенің борышы».

Albany Life компаниясы 1975 жылы құрылған, Metlife – қаржы басқармасы және сақтандыру бойыншаамерикандық халықаралық компаниясының британдық бөлімшесі  болды.

Өзіңіз байқағандай, жарнамада өмірді сақтандырудың жинақтаушы полисін алу қажеттілігі туралы қозғалады. Әдетте сақтандырушылардың өмірді сақтандыру жарнамаларында екпін көбінесе отбасын асыраушы күйеуі және әкесіне жасалады, және бұл дұрыс, өйткені, отбасының әл-ауқаты бірінші кезекте соған байланысты. Бірақ  дегенмен әйелдер мен аналар туралы да ұмытпаған жөн, өйткені, олардың үлесі көбіне біліне бермесе де, алайда, ол отбасы өмірінде атқаратын рөлі аз емес. Дәл осы ойды британдық жарнамалашылар осындай өзіндік əдіспен жеткізгісі келді, және  бұл туралы ойлану керек.

 Дереккөз:

http://rgsblog.ru/est-plan-na-sluchaj-smerti-zheny/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Күніне қанша су ішу керек
Күніне қанша су ішу керек

Су ішудің барлығына бірдей күнделікті нормасы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру