bs-preloader__icon
ru kz

Зейнеткерлікке қалай ақшаны жинауға болады: америкалық консалтингтік компаниялардың кеңестері

Зейнетке шыққаннан кейін өмір сүру деңгейін сақтау үшін қанша ақша жинау қажет? Америкалық кеңесшілер 67 жасқа қарай «қаржылық жастықтың» мөлшері 10 жылға дейін болуы тиіс деп санайды, деп жазады Forbes.
Зейнеткерлікке қалай ақшаны жинауға болады: америкалық консалтингтік компаниялардың кеңестері

Американдықтар өзін зейнеткерлікке шығуға дайын болып сезінбейтіні анық. Northwestern Mutual зерттеуіне сәйкес, әрбір үшінші американдықта зейнетақы қоры $ 5000-нан кем, ал әрбір бесіншісінде – зейнетақы қоры мүлдем жоқ.

 

Сондықтан қандай жинақ сомасын ақылға қонымды деп санауға болады? Өмірдің әр кезеңінде жинақтар бойынша қандай мақсаттарға жету керек?

 

Консалтингтік компаниялар бұл жөнінде әртүрлі ұсыныстар береді. Мысалы, 67 жасқа қарай зейнетке шығу үшін ағымдағы жылдық жалақысынан он есе жоғары ақшаны жинау керек дейді Fidelity. Компания бұл ереже адамдардың кең ауқымына қолданылатынын сеніммен айтады: $50 000 табатын адамдардан бастап жылына $ 300 000 табатындарға дейін.

 

T. Rowe Price әрбір жас шегіне жинақтар бойынша аралық мақсаттарға жету үшін жыл сайын өз табысының кемінде 15%-ын кейінге қалдыру керек дейді. Дегенмен, қаржылық жоспарлау жөніндегі аға маман T. Rowe Price Роджер Янгтың айтуынша, адамдар 20 жасында 6%-ды кейінге қалдыра бастағанда, содан кейін 30 жастан кейін (және өмір соңына дейін) 15%-ға дейін жинақтауды ұлғайтқан нұсқа дұрыс.

 

Алайда, бұл ережелерді шартты деп атайтындар да аз емес. Stearns Financial Group компаниясының аға вице-президенті және серіктесі Хеле Моддассер бұл бағдарларға сенім артуға қиын екенін айтады, өйткені жағдай бәрінде бірдей емес. «Қазіргі кезде, технологиялар адамдарды алмастырған жағдайда, сіз өзіңіз үшін жасай алатының ең маңыздысы – ол өзіңізге инвестиция жасау», – дейді ол. – Егер білімді жалғастыру үшін сіз жеке зейнетақы шотыңызға ақшаны аударуды тоқтатуға мәжбүр болсаңыз, онда мен, сізге солай жасауға тиіссіз деп айтар едім».

 

Бұл бағдарлар бәріне сәйкес келе бермейтінін естең шығармауы маңызды. Ең бастысы – сіздің қаржылық жағдайыңызды дұрыс бағалайтыныңызға көз жеткізу, болашақты жоспарлауыңыз және өмірдің әр кезеңінде қажетті түзетулер енгізетініңізге көз жеткізу.

 

30 жасқа қарай

Fidelity: Бұл жаста сіздің бір жалақыңызға тең сома қажет. Fidelity вице-президенті Меган Мерфи отыз жылға – ал ең дұрысы бұрын – сіз бұған сіздің жұмыс берушіңіздің жарналары арқылы қол жеткізе аласыз деп есептейді.

 

T. Rowe Price: 30 жылда сіз жалақыңыздың жартысына тең сома, ал 35-те бір жалақыға тең сома қажет. «Бұл қатып қалған қағида емес, – дейді Янг. – Егер 35 жаста сіз осы мақсатқа қол жеткізбесеңіз, сізде әлі уақыт бар. Бірақ сіз жоспардан қалып жүргеніңізді және сіз жинақ туралы шындап ойлану керек екенін түсіну қажет».

 

Басқалар: Моддассер қаржы ұсынымдары «сіз өз уақытыңызды тиімді жұмсай алатыңызды елемейтінін» сеніммен айтады. Ол 30 жаста сіздің басымды міндетіңіз қарызды өтеу болу қажет екенін санайды.

 

Сонымен қатар ол бұны сіз қалайша үлгеретіңізді және ипотека немесе сіздің маңсабыңызға инвестициялар бойынша төлемдерді қарастыратыңызды (мысалы, қосымша сертификаттарды немесе дипломдарды алу) түсіну үшін 10 жылға қаржы жоспарын құруға кеңес береді.

 

Уэйд Пфау, зейнетақы жинақтаудың қауіпсіз қарқынын зерттеген американдық колледжде зейнетақымен қамтамасыз ету негіздері оқытушысы, егер сіз 35 жаста ақшаны жинақтай бастасаңыз, 65 жаста зейнетке шығу үшін жыл сайын сіздің табысыңыздан 16%-ды кейінге қалдыру керексіз дейді.

 

40 жасқа қарай

Fidelity: Бұл жасқа сіз үш жылдық жалақыңызға тең соманы жинауыңыз керек.

 

T. Rowe Price: 40 жаста сізге екі жылдық жалақыңызға тең сома қажет болса, 45 жаста – үш жылдық жалақыңызға тең сома.

 

Басқалар: Моддассердің айтуынша, қырық жастан кейін сіз өз кірістеріңізге көңіл бөліп, мүмкіндігінше көбірек табуға тырысыңыз. Ол, егер сізде балалар болса, бұл жаста колледжде олардың оқуын төлеу туралы ойлану керек.

 

Mint қаржы кеңесшісі Люсьенн Хингер Хубиак тамаша базалық ереже – бұл «70-20-10»  шығындар формуласы екенін айтады. Өмір шығындары Сіздің айлық кірісіңіздің шамамен 70% құруы тиіс, қарыздар есебінен төлемдер (егер сізде бар болса) сіздің айлық кірісіңіздің шамамен 20% болуы тиіс, ал жинақ (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттар үшін) –  қалған 10% болуы тиіс.

 

50 жасқа қарай

Fidelity: Бұл жаста сіз алты жылдық жалақыңызға тең соманы жинақтау қажет.

 

T. Rowe Price: Бұл жаста 50 жаста сізге бес жалақыңызға тең сома қажет, ал 55 жаста – жеті.

 

Басқалар: Vanguard зерттеуіне сәйкес, 45-54 жастағы адамдар үшін 401(k) жоспар бойынша баланс (АҚШ-тағы ең танымал зейнетақы жоспары) орташа есеппен $129 051, ал 55-тен 64 жасқа дейінгі адамдар үшін – $ 190 505 құрайды. Ең дұрысы, Vanguard есептегендей, сізге 12-15% жинақтау керек. 50 жаста сіз мақсатыңызға жақын болуы тиіссіз.

 

J. P. Morgan пікірі бойынша, осы барлық «аралық мақсаттар» сіздің отбасыңыздың табысына байланысты. 50 жаста, егер отбасының табысы $75 000 болса, сіз 65 жасыңызда зейнетке шыққыңыз келсе, сіздің табысыңыз 3,9 есе көп соманы жинақтауға ұмтылуыңыз керек. Алайда, егер сіз 50 жаста болсаңыз және сіздің отбасыңыздың жылдық табысы - $ 150 000 болса, сіз сіздің табысыңыздан 5,4 есе артық соманы жинауыңыз керек.

 

60 жасқа қарай

Fidelity: 60 жаста сізге сегіз жылдық жалақыңызға тең сома қажет, сондықтан 67 жасыңызға қарай (зейнеткерлікке шығу жасы) сіз он жалақыңызға тең соманы жинайсыз.

 

T. Rowe Price: 60 жасқа қарай сізге 9 жылдық жалақыңызды, ал 65 жасқа – 11 жалақыны жинақтау қажет.

 

Басқалар: «Сіздің өміріңіздің осы кезеңінде сіз зейнетке шыққаннан кейін қазіргі өмір салтын сақтау үшін мүмкіндігінше көп жинақтау керек. Бұл онжылдық – болжаммен, сіз ең көп табыс тапқан кезең – өмірдің соңына дейін сіздің өмір салтыңызды анықтайды», – дейді Моддассер.

Дереккөзі: https://www.forbes.ru/finansy-i-investicii/388549-kak-kopit-na-pensiyu-sovety-amerikanskih-konsaltingovyh-kompaniy?fbclid=IwAR3m4YzvH3KlC_pziax2u7s2zgTLYVyHFR9Kpl18ouix4gq_WZBRiJlnLcE

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру